Сабақтың тақырыбы Ы. Алтынсарин «Атымтай жомарт»



Дата27.04.2022
өлшемі22,38 Kb.
#141019
түріСабақ
Байланысты:
11-сабақ Атымтай Жомарт


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2-бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы
Мектеп: №59 мектеп-лицей
Күні:
Мұғалімнің аты жөні: Жунусова М.Б
Сынып: 5-сынып
Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт» Жомарттық-қайырымдылық тамшысы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/.Ж.1 - Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Шығарма мазмұны бойынша оқиға ретін сақтай отырып көркем шығарманы баяндау, композициялық құрылысын белгілі бір жүйеге сай сипаттау

Бағалау критерийлері

Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын сипаттайды

Құндылықтарға баулу

Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыс

информатика,өзін-өзі тану пәні

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар суреттер арқылы тақырыпты болжайды.
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Атымтай жомарт» Жомарттық-қайырымдылық тамшысы»


Сабақтың ортасы



«Атымтай Жомарт» әңгімесін талдау
Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.Жомарт айтты дейдi:
Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.
«Жомарт» сөзін қалай түсінеміз?Жомарт адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?
Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» - адамға тән қасиет, «Атымтай» - адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды.Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, "жуван" - жас, жігіт, "мард" - адам деген мағынаны білдіреді.
1-тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі. «Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.













Жомарттың жұмыс жасауының себептерін ретімен сәйкестендіріп, толықтай баяндап берейік.

Бірінші себеп а) күнәлі болу


Екінші себеп ә) еңбектің дәмі
Үшінші себеп б) әбірет алу
Төртінші себеп в) көңілге жел кіру
Дескриптор:
1. Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді.
2. Мәтін мазмұнына талдау жасайды.
3. Шығармадағы оқиғалар тізбегін ретімен баяндайды.


2-тапсырма Шығарманың композициясын төмендегі жүйеге сай сипаттаңыз

  • Оқиғаның басталуы –

  • Оқиғаның дамуы -

  • Оқиғаның шиеленісуі –

  • Оқиғаның шарықтау шегі –

  • Оқиғаның аяқталуы –

Дескриптор:
- шығарманың композициясын анықтайды;
- шығарманың сюжеттік дамуын сипаттап жазады.



Сабақтың соңы

Қорытынды:
Бүгінгі сабақта әңгіме арқылы Атымтай Жомарттың кім, қандай адам екендігін білдік. Бай бола тұрып неліктен күнде еңбектенетіндігі туралы түсіндік. Әңгіменің фабуласын анықтап, оқиға желісі бойынша баяндадық. Композициялық құрылысына тоқталдық.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет