3-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу Ұзақтығы – 40 минут



бет1/5
Дата10.03.2023
өлшемі26,43 Kb.
#171845
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
8 класс 3четв СОЧ


3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым – 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны - 30


Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма
лар түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-4

8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар тақырыпқа қатысты 140-170 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында оның мазмұнына бағытталаған бірінші сұраққа жауап береді, екінші тапсырмада негізгі ойын анықтау үшін тиісті мақалды таңдайды, үшінші тапсырмада мәтінде кездесетін ұлттық ойын атауларын жазады.

Бір таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар





10

5

1-4

8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

8.3.6.1 тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 200-230 сөзден тұратын екі мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетеді. Екінші тапсырмада әр мәтіннің ереркшелігіне тән белгілерді өзара сәйкестендіреді. Үшінші тапсырмада тек бірінші мәтінге тән ақпаратты таңдайды. Төртінші тапсырмада әңгіменің негізгі түйінін жазады.

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар



10

5

1

8.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну

8.4.5.1 тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген екі тақырыптың бірін таңдап эссе жазады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында сөздік қорын пайдаланып, тақырып бойынша өз ойын жазбаша жеткізе алуын, ұсынылған жанрға сай жазуын, пунктуациялық нормаларды сақтауына назар аударады.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру



Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздар теріс қаратылады). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша диалогке түседі (әр оқушы диалогте 8-10 сөйлем айту керек). Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс тексеріледі, әр білім алушыға 2 минут беріледі.

10



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет