3 зертханалық жұмыс – Топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу


Картада берілген көлбеу бұрышымен сызықтар жүргізу



бет7/7
Дата30.11.2022
өлшемі288,47 Kb.
#160449
1   2   3   4   5   6   7
3.8 Картада берілген көлбеу бұрышымен сызықтар жүргізу

А және В нүктелері арасында көлбеу бұрышы δ аспайтын сызық жүргізу талап етіледі (14-сурет). Жатыс масштабын пайдалана отырып, δ көлбеу бұрышына сәйкес келетін d жатысын табамыз.


Сондай-ақ жатысты мына формула бойынша есептеуге болады
, (20)
мұнда h – горизонтальдар қимасының биіктігі.
d жатыс шамасын өлшегіш циркульмен аламыз да, А нүктесінен көрші горизонтальмен қиылысқанға дейін саламыз, жобаланатын сызықтың нүктесін 1 аламыз, циркульдің сол айырық ашасымен келесі горизонтальды қиып өтіп, нүкте 2 алады және т.б. Осы кезде егер жоспардың кейбір бөлігінде горизонтальдар арасындағы қашықтық d жатысынан үлкен болатын болса, онда сызықты трассаның соңғы нүктелері арасындағы ең қысқа қашықтық бағыты бойынша салады.


14-сурет - Берілген бұрышпен сызықтар жүргізу


Белгіленген нүктелер бойынша, бұрылыс бұрыштарын дөңгелектей отырып, берілген еңістегі сызықты жүргізеді. А нүктесінен бастап В нүктесіне дейін трассаның бірнеше нұсқаларын құрастырады. Трассаның соңғы нұсқасы ретінде бұрылу бұрыштары аз, минимум ұзындығы және т.б. болатын нұсқасы қабылданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет