3 зертханалық жұмыс – Топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу


Географиялық координаталарды анықтау



бет2/7
Дата30.11.2022
өлшемі288,47 Kb.
#160449
1   2   3   4   5   6   7
3.2.1 Географиялық координаталарды анықтау


Географиялық (геодезиялық) координаталар – ендік φ және бойлық λ. Географиялық ендік φ деп, берілген нүктеде эллипсоид бетіне нормальмен және экватор жазықтығымен түзілген бұрышты атаймыз. Ендік экватордан бастап берілген нүктеге дейін геодезиялық меридиан доғасымен өлшенеді. Ендік - нүкте қай жарты шарда орналасқанына байланысты солтүстік (+) және оңтүстік (-) болуы мүмкін; ол 0° (экваторда) бастап ± 90° (полюстерде) дейін мәндер қабылдай алады, 5-сурет.
Геодезиялық бойлық λ деп, берілген нүктенің бастапқы меридианы мен геодезиялық меридиан жазықтықтарынан құралған екі қырлы бұрышты атаймыз. Бойлық - экватор немесе параллель доғасымен Гринвич меридианынан бастап берілген нүкте меридианына дейін өлшенеді. Ол 0° бастап ± 180° дейін өлшенеді және батыс (-) және шығыс (+) бола алады.
Топографиялық картаның әрбір парағы солтүстік пен оңтүстіктен бастап – параллельдермен, ал батыс пен шығыстан бастап меридиандармен шектелген. Парақтың ішкі жиектерінің бұрыштарында олардың ендіктері мен бойлықтары көрсетіледі. Нүктелердің географиялық координаталарын анықтауға арналған қара мен ақ түс кезектесетін шкала болып табылатын градусты жиек болады, оның әрбір бөлігі ендік немесе бойлық бойынша бір минутқа сәйкес келеді. А нүктесінің φ ендігін анықтау үшін, солар арқылы градустық минуттық жиекпен (батыс немесе шығыс) қиылысқанға дейін параллель жүргізеді. Сонда А нүктесінің φ ендігі екі мәннен құралады:
, (1)



5-сурет - Географиялық координаталарды анықтау сұлбасы

мұнда φ0 – жиектің оңтүстік бұрыш ендігінің және осы бұрыштан бастап А нүктесі параллеліне дейін ендік бойынша толық минут санының сомасы; Δφ – минут аралық шетінен бастап А нүктесі параллелінің табанына дейінгі кесіндіге сәйкес келетін масштабты ескере отырып, анықталатын секундтар саны.
А нүктесінің λ бойлығын анықтау үшін сол арқылы меридиан жүргізеді. А нүктесінің бойлығы екі мәнмен анықталады:
, (2)
мұнда λ0 – жиектің батыс бұрышы бойлығының және батыс бұрыштан бастап берілген нүктеге дейін есептеп алынатын бойлық бойынша толық минут саны сомасы; Δλ – ішкі аралық шетінен бастап А нүктесі меридианының табанына дейінгі кесіндіге сәйкес келетін бойлық бойынша секундтар саны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет