3 Зертханалық жұмыс Маршрутизаторды (Router) конфигурациялау Мақсаты



Дата26.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#205144
түріБағдарламасы
Байланысты:
№3 Зертханалық жұмыс (1)


3 Зертханалық жұмыс
Маршрутизаторды (Router) конфигурациялау


Мақсаты: Cisco Packet Tracer симуляторында бірнеше компьютерді коммутатормен байланыстыру арқылы маршрутизаторға жалғау.



    1. Зертханалық жұмыс тапсырмалары




  1. Cisco Packet Tracer бағдарламасында екі компьютер, екі ноутбукты коммутаторға және маршрутизаторға байланыстыру.

  2. FastEthernet IP адрестерін енгізу

  3. Шлюздың (Gateway) IP адресін беріп, қолданып үйрену.




    1. Зертханалық жұмысты орындауға арналған нұсқаулық



Маршрутизатор - пакеттерді бір сілтеме ортасынан екіншісіне жіберуге арналған құрылғы. Сонымен қатар, оның негізгі функциясы пакеттің ең жақсы жолын таңдау болып табылады. Көптеген адамдар бұл құрылғыны шлюз деп атайды. Егер пакетті бір арналы ортадан екіншісіне ауыстыру қажет болса, шлюз аралық құрылғы болады.
Маршрутизаторлар – бірнеше компьютерлік желілерді сымды немесе сымсыз қосылымдар арқылы біріктіретін шағын электронды құрылғылар.
Маршрутизатордың жадысында орнатылған амалдық жүйе (O/S) сақталады. Microsoft Windows немесе Apple Mac OS сияқты жалпы мақсаттағы OS өнімдерімен салыстырғанда, маршрутизатордың операциялық жүйелері оларды қандай бағдарламаларды іске қосуға болатындығын, сондай-ақ, әлдеқайда аз көлемде сақтау орнын қажет етеді. Танымал маршрутизатордың операциялық жүйелеріне мысалдар Cisco Internetwork Операциялық Жүйесі (IOS) және DD-WRT кіреді. Бұл операциялық жүйелер екілік бағдарламалықжасақтама бейнесі ретінде жасалады және әдетте маршрутизатордың микробағдарламасы деп аталады.
Маршрутизатор 3 деңгейде жұмыс істейтіндіктен, ол желідегі хосттардың логикалық мекен – жайларын-IP мекенжайларын өңдейді. Маршрутизаторларда арнайы маршруттау кестесі бар, ол ең жақсы жолды таңдауда басшылыққа алады. Бұл кесте арнайы маршруттау хаттамаларымен толтырылады.Маршрутизатор желілерді ішкі желілерге бөлуге, сондай-ақ әртүрлі физикалық деректер ортасымен (мысалы, оптика, мыс және т.б.) желілерді біріктіруге қабілетті.

Зертханалық жұмыстың 1-тапсырмасы бойынша Cisco Packet Tracer симуляторына 2 компьютер бір коммутаторға, 2 ноутбукты бір коммутаторға жалғау керек және екі коммутаторды бір маршрутизатормен байланыстырамыз.





1.1-сурет – Коммутатор мен компьютерлерді таңдау


Екі компьютер мен екі ноутбукты жұмыс істеу бөліміне қойдық. Енді осы компьютерлердің ІР адресін енгіземіз. Ол үшін таңдаған компьютердің үстінен тышқанды екі рет шертеміз. Ашылған терезден “Desktop” таңдау керек. Ашылған терезеден IP Configuration таңдап, шыққан терезеге 192.168.10.1 IP адресін енгіземіз. Subnet Mask «по умолчанию» қалады.





1.2-сурет – IP адресін енгізу


Дәл осылай екінші компьютерге де ІР адресін енгіземіз. Екінші компьютерге 192.168.10.2 ІР адресін береміз. Бірінші ноутбукқа 172.168.10.1, төртінші ноутбукқа 172.168.10.2 ІР адрестерін береміз.


Осыдан кейін компьютерлерді автоматты түрде қосатын кабель арқылы коммутаторға, одан әрі маршрутизаторға жалғаймыз. Оны 1.4-суретте көруге болады.



1.3-сурет – Кабель түрін таңдау



1.4-сурет – Кабель арқылы компьютер мен коммутатордың, маршрутизатордың байланысы (жасыл жұмыс жасап тұр дегенді білдіреді)


Осыдан кейін маршрутизатордың (роутер) командалық жолды (CLI) таңдап конфигурациясын өзгертеміз. Ол үшін роутердің үстінен бір рет шерту керек. Шыққан терезеден командалық жолды (CLI) таңдаймыз. Командалық жолға interface fastEthernet 0/0 192.168.10.10 ІР адресін 255.255.255.0 маскасын енгіземіз.





1.5-сурет – fastEthernet 0/0 ІР адрес енгізу





1.6-сурет – fastEthernet 0/1 ІР адрес енгізу


Осы конфигурацияларды орындап болған соң, компьютер мен ноутбуктар үшін шлюздың (Default Gateway) ІР адресін енгіземіз. Бұл екі компьютер мен ноутбуктарды роутермен жалғау үшін керек. Егер бұны жазбасақ, компьютер мен коммутатордың және роутердің байланысы болмайды.



1.7-сурет – Шлюздың ІР адресін енгізу


Компьютерлер үшін шлюздың ІР адресі 192.168.10.10 болады. Ал ноутбуктар үшін 172.168.10.10 болады.



1.8-сурет – Шлюздың ІР адресін енгізу


Байланыстың болғанын компьютерге «Хат» жіебру арқылы анықтаймыз.





1.9-сурет – Хат жіберу арқылы тексеру





1.10-сурет – Хат жіберу арқылы тексергеннің нәтижесі сәтті болған деген хабарлама







1.11-сурет – ping арқылы тексеру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет