3. Зерттеу әдістері: экг



бет1/29
Дата23.02.2023
өлшемі90,5 Kb.
#169964
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
3. Зерттеу дістері экг


Дәрігерге 38 жасар ер кісі, автобус жүргізушісі, өзінің шағымдарын айтып берді: көп жүргенде, 2 этажға көтерілгенде ентігеді, салқын болғанда буындары қақсап ауырады, жатқанда – жөтеле бастайды, анда-санда аз мөлшерде қан түкіреді, кейде түнде тұншығудан оянады. Бұл жағдай 1,5-2 жыл алдын басталып, біртіндеп күшейіп жатыр, ал ентікпе одан да ертерек сезіле басталды. Жас кезінде жылына – 2-3 рет ангинамен ауырған, жақын туыстары сау.
Қарағанда: бет ұштары қызара көгеріп тұр. Өкпені тыңдағанда жауырын астарында әлсіреген везикулалық тыныс және крепитация естіледі, ТАЖ-20 рет бір минутта. Сипап қарағанда – жүрек тұсында диастолалық діріл сезіледі. Сол қолында пульстің толықтығы оң жақпен салыстырғанда төмен. Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға аралықта. Тыңдағанда – жүрек ұшында І тон күшейген, ІІ тон жарықшақтанған, ІІ тоннан кейін үдеп өсетін шу естіледі, ЖСЖ – 90 рет 1 мин. Қол аяқ буындары өзгермеген, іспеген, ауырсынусыз, қимылдары шектелмеген.
1. Негізгі және қосымша шағымдарын ажыратыңыз?
2. Негізгі және қосымша синдромдарды бөліңіз және сипаттаңыз.
3.Негізгі синдромды дәлелдеу үшін ең қажетті зерттеулерді және анықталатын
Жауабы:
1.Негізгі шағымдар: : көп жүргенде, 2 этажға көтерілгенде ентігеді, жатқанда – жөтеле бастайды, анда-санда аз мөлшерде қан түкіреді, кейде түнде тұншығу
Қосымша шағымдар: буындары қақсап ауырады
2.Синдромдар
Жүрек қақпақтарының зақымдалу синдромы ( Митральды стеноз) : бет ұштары қызара көгеріп тұр, жүрек тұсында диастолалық діріл ,Сол қолында пульстің толықтығы оң жақпен салыстырғанда төмен. Жүректің шала тұйық шекарасы: жоғары шегі 2-ші қабырға аралықта сол жүрекшенің гипертрофиясы есебінен). Тыңдағанда – жүрек ұшында І тон күшейген, ІІ тон жарықшақтанған, ІІ тоннан кейін үдеп өсетін шу естіледі
Буындық синдром: буындары қақсап ауырады
3. Зерттеу әдістері:
ЭКГ(сол жүрекшенің гипертрофия белгілері) Р mitrale
ЭхоКГ митральды қақпақтың тесігінің диаметрін анықтау, жармаларын,қуыстарын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет