Мысалы: Міне, осы ‟жауыз араны” шетелге ұшатын самолетте істейтін әріптестері арқылы жең ішінен жалғасып әкеліп бергенде, Ерік бөркін аспанға атып, верталетші Прохор Александровичтің бетінен сау-тамтығын қалдырмай сүйіп еді.
(“Атау-кере”) Былғары киімді жігіттің артында тұрған Дарханның қуанғаны соншалық, орденді өзі алғандай масаттанып, қолыншапалақтапжіберіп еді, қалған жұрт іліп әкетті.
(“Өз отыңды өшірме”) – Уа, құдағи, көрдіңіз бе? Шөкең қандай шыдамды,(екі алақанымен санын шапалақтады) ура, Шөкең арақ албастыны жеңді.
(“Биғаң”) – Сенейін, сенбейін алдыма арыз түскен соң тексеруім керек қой.
– Тексер, – деді Дархан қабағын шытып
(“Өз отыңды өшірме”) – Өй, бітім шайыңның ішін ұрайын, – деп әкем ашуланғандағы әдеті бойынша астыңғы ернін жымқыра тістеп сарт-сұрт шыға жөнелді
(“Маңдайдан бағың шайқалса”) Бағанадан бері өз тізесін өзі тоқпақтап, әрең отырған кемпір шорт кетті: – Әй, Әкемков, – деді ызадан жарылардай болып
(“Көк тайынша”) – Өй, өңшең ғана қоян жүрек қорқақтар деп, тісін шақұр-шұқыр от шығара қайрады да, білегіндегі сағатын шешіп шырқатты
(“Қар қызы”) Кішкене кісінің мөңкіп, тулағаны қызық екен титімдей ғана жұдырығын түйіп, тап-тап береді
(“Бәрі де майдан”) – Құлағын кескен шұнақсың, құйрығын кескен шолақсың,– деді қу бас жалғыздығы мен кем-кетігін санай бастап еді, асасымен қара жерді сабалап, тұлан тұтып ашуланды: қолы дір-дір етеді, көзі қанталаған
(“Құлашаның шоты еді”) Оны естігенде жұрт шамданып “мыстан кемпірдің жағы қарыссын, қара басына көрінсін” деп долданып, өз отының басын сабалап, шашын жұлып ойбайлайды-ау
(“Өз отыңды өшірме”)
О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды омонимдер қолданысының аясы кең. Сонымен бірге олардың шығарма көркемдігін арттырудағы қызметінің салмақтылығы да жазушы стиліне ерекше сипат береді.