31–32. Жасанды интеллектіні олдану саласы


Жасанды интеллектіні қолдану салалары



бет3/9
Дата18.05.2022
өлшемі498,5 Kb.
#143734
түріУчебники
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жасанды интеллектіні қолдану салалары


Жасанды интеллектіні қолдану салалары өте ауқымды, адам- ның осы салада қажет деп білетін кез келген жерде қолдануға болады.
Медицинада. Бұл салада жасанды интеллектіні қолдану артықшылығы – есте сақтау және үлкен көлемдегі ақпарат- ты өңдеу қабілеті. Мұнда емделушілерге қалай емделу керек- тігі жайында кеңес беретін, кейбір ауруларды арнайы белгіле- рі бойынша анықтап, алдын алу шараларын ұсынуға қабілетті программалар бар.
Өндіріс және ауылшаруашылығында. Бұл салада жасанды интеллектіні қолдану көрсеткіші өте жоғары. Алдағы уақыт- та тіпті адам көмегі қажет болмайды. Мәселен, LG компаниясы 2023 жылы Оңтүстік Кореяда барлық әрекеттер жасанды ин- теллект көмегімен орындалатын зауыт ашады. Мұнда сатып алудан бастап, дайын өнімді жүктеуге дейінгі әрекеттің барлы- ғын роботтар атқарады. Тауар сапасы арнайы программалық қамтама көмегімен бақыланып отырады. 2021 жылдан бастап, зауыттар осы технологияға көшуді бастайды. Ауылшаруашы- лығында жасанды интеллект өсімдіктер күйін, ылғалдылық деңгейін, тыңайтқыштар көлемін бақылап отырады. Сонымен қатар арамшөптерді бірден анықтап, өсімдіктің өсуіне ешқан- дай қауіп келтірместен оларды жойып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет