Ойлау үрдістерін символдық модельдеу (теорема дәлелдеу, шешім қабылдау және ойын теориясы, жоспарлау және рет- теу, болжау);
Табиғи тілмен жұмыс (ақпараттық іздеу, мәтінді іздеу, машиналық аударма).
Білімді ұсыну және қолдану (сараптамалық жүйелер құру).
Машиналық оқыту (символдарды тану, қолмен жазылған мәтінді тану, дауысты тану, мәтінді талдау).
жасанды интелектіні биологиялық модельдеу (нейронды желілер).
Робототехника (нысандарды басқару, орналасқан орынды анықтау, қозғалысты жоспарлау).
Машиналық шығармашылық (кино мен ойын саласында қолданылатын шынайы бейнелер құру).
Зерттеудің басқа да салаларында (компьютерлік ойындар- дағы интеллектілерді программалау, сызықтық емес бас- қару, ақпараттық қауіпсіздіктің интеллектуалды жүйелері). Интеллектуалды жүйелер былай топтастырылады (21-сызба):
сызба. Интеллектуалды жүйелерді топтастыру
Жасанды интеллект адам нейронының математикалық мо- делімен құрылған нейрожелілерге негізделген.
Біздің әрбір жасушамыз аксондар мен дендриттерден тұра- ды. Аксондар бір-бірімен синапстар арқылы байланыстырыла- ды. Егер белгілі бір қадам бағындырылса, яғни белгілі мәннен артық күш түсірілсе, нейрон іске қосылады. Нәтижесі ретінде өңделген сигнал келесі нейронға беріледі.
Дендриттер – ақпараттың кіріс порты. Мысалы, бір бейнеклип көріп отырмыз делік. Ол ақпарат нейронға келіп түседі, сол жерде өңделіп, аксон арқылы белгілі бір қадамнан өтсе, онда келесі ней- ронға беріледі. Бұл – түсінуге арналған ең қарапайым мысал.
Нейрожелі – белгілі бір шарттарға негізделген дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлгі.
Достарыңызбен бөлісу: |