Сатылымды болжау үшін алдыңғы уақыт аралығындағы сатылым мәндері керек. Бізде 2018 жылдың қаңтарынан бастап, 2019 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықтағы кестелік мәлімет бар. Кестеге керекті мәліметтерді енгі- зіңдер:
Алдымыздағы жылға сауданың болжамды сатылымын есептеңдер: 2020 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың желтоқсаны аралығы.
Кестеде 7 баған болу керек: Кезең, Сатылым, Болжам, Оптимистік, Пессимистік, Кезең коэффициенті, Ауытқу.
Жасанды интеллект қызметіне ұқсас Excel программасының бол- жам жасауға арналған арнайы функциясы бар, ол алдыңғы кезең ақпараттарына сүйене отырып, көрсетілген мерзімге дейін бол- жамды мәнді есептеп бере алады. Ол – ПРЕДСКАЗ (FORECAST) функциясы, сызықтық регрес- сияға негізделген. Сатылымды болжау, тауарды тұтыну секілді есептеулерді жүргізуге арналған. Болжам бағанына C26 ұяшығына келесі функцияны жазыңдар:
=ПРЕДСКАЗ (A26;$B$2:$B$25;$A$2:$A$25)
C27:C37 ұяшықтарын С26 ұяшығы арқылы автоматты толтыру қызметін пайдаланып, толтырыңдар.
Функция мәліметтері:
х – болжам басталатын мерзім мәні (A26)
Белгілі y мәндер – белгілі кезеңдегі сауда сатылымы ($B$2:$B$25)
Белгілі x мәндер – белгілі кезеңдегі сауда мерзіміне сіл- теме ($A$2:$A$25)
ПРЕДСКАЗ () функциясы әзірге кезең факторларын есептемейді. Саудада бұл өте маңызды. Кезең факторын есепке алу үшін кезең коэффициентін есептейміз. Ол үшін F2 ұяшығына келесі формуланы жазамыз:
= ( ( $ B $ 2 : $ B $ 1 3 + $ B $ 1 4 : $ B $ 2 5 ) / СУММ($B$2:$B$25))*12
Формуланы енгізіп болғаннан кейін Ctrl+Shift+Enter пернелерін бірге басыңдар.
Осы формуланы F3:F13 аралығына автоматты толты- рыңдар. Формуланы енгізгеннен кейін Ctrl+Shift+Enter пернелерін бірге басыңдар. Нәтижесінде кезең коэф- фициенті қаңтар айы үшін 0,974834224106574, ақпан айына – 0,989928632237843 және т.б. болады. Ұяшық
форматын проценттік етіп өзгертіңдер (Ұяшық фор- маты – Сан – Проценттік), үтірден кейін 2 орын):
Осы коэффициенттерді қосып есептеу үшін C26:C37 ұя- шықтарындағы ПРЕДСКАЗ() функциясын өзгертеміз:
=ПРЕД СКАЗ(A26;$B$2:$B$25;$A$2:$A
$25)*ИН ДЕКС($F$2:$F$13;МЕ СЯЦ(A26))
Мұндағы ИНДЕКС(INDEX) функциясы – ай нөмірі, дәл сол айға коэффициентті қайтару үшін МЕСЯЦ() функ- циясын қолданамыз. 2020 жылдың қаңтар айы үшін бұл:
=ПРЕДСКАЗ(A26;$B$2:$B$25;$A$2:$A$25)*ИН- ДЕКС($F$2:$F$13;МЕСЯЦ(A26))
Енді болжамның ең жоғары және ең төменгі көрсеткіш- терін қосу керек. Ол үшін болжам мәндерінен ауытқуды есептеу қажет. G2 ұяшығына формуласын жазыңдар:
=ДОВЕРИТ(0,05); СТАНДОТКЛОН(C26:C37); СЧЁТ(C26:C37))
ДОВЕРИТ() функциясы – қалыпты үйлестіруді қолдана отырып, сенімді интервалды қайтарады.
станд_откл – жалпы жиынтықтың стандартты ауытқуы. размер – таңдалған мәліметтер санын білдіреді.
СЧЁТ көрсетілген ұяшықтағы мәндер санын білдіреді. Оптимистік және Пессимистік ұяшықтарына (D және E), 26 жолдан бастап төмендегі формулаларды жазамыз: Оптимистік: =$C26+$G$2
Пессимистік: =$C26–$G$2
Оптимистік болжамға ауытқу мәнін қосамыз, ал песси- мистік болжамнан ауытқу мәнін азайтамыз.
C26, D26 және E26 ұяшықтарына барлығы бірдей болу үшін В26 мәнін көшіріңдер.
Барлық кесте мәліметтерін белгілеп (A1:E37), Кірістіру (Insert) Диаграмма тобы (Charts) График (Line) ко- мандасын орындаңдар. Нәтижесінде төмендегі график алынады:
Көрнекі түрде барлығы түсінікті. Көк – нақты сатылым, Қызғылт сары – болжам, Сұр – оптимистік болжам, Сары – пессимистік болжам.
Безендіру жұмыстары мекеменің жеке түсі мен атауына байланысты өзгертіледі.
Уақыт өте келе біз жансыз машиналармен бәсекелесетін боламыз деп ойлайсыңдар ма? Жасанды интеллект мүмкін- діктері біздің мүмкіндіктерімізден артық болуы мүмкін бе? Біз жасанды интеллектіге сенім білдіре аламыз ба? Бұл ау- қымды мәселені қалай шешуге болады? Адамзат ол үшін не істеуі керек?
153
*Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Достарыңызбен бөлісу: |