35)Жергілікті анестетиктер күрделі эфирлер, препараттар, негізгі фармакологиялық және жанама
әсерлер, қолдану көрсеткіштері.
Жергілікті жансыздандыру (жергілікті анестезия) — бұл белгілі бір дене бөлігінде ауырсынуды басу, ол қалпына келетін процесс және науқас ұйықтамайды. Сезімталдықтың басқа түрлер (тактильды, проприорецептивті, суық) төмендеген, бірақ сақталған болады.
Анестетиктерді практикада қолданылуына карай келесі топтарға бөледі:
Беткей немесе терминалдық анестезия:КОКАИН, ДИКАИН, АНЕСТЕЗИН, ПНРОМЕКАИН
Анестезияның барлық түрінде қолданылытындар: ЛИДОКАИН
Инфильтирациялық және өтгізгіштік анестезияда қолданылытын: НОВОКАИН, ТРИМЕКАИН
Жергілікті анестетиктердің жіктемесі:
• Күрделі эфирлер: прокаин (новокаин), кокаин, тетракаин (дикаин), бензокаин (анестезин).Эфирлі байланыстар тұрақсыз болғандықтан, бұндай анестетиктер қанда және ұлпаларда ферменттер арқылы тез ыдырап кетеді де, олардың әсер ету уақыты қысқа болады.
• Амидтер тобы: тримекаин, лидокаин (ксилокаин, ксикаин), бумекаин (пиромекаин), мепивакаин
(менивастезин, скандонест), артикаин (ультракаин, септонест), бупивакаин (маркаин).Бул топқа жататын дәрілердің биотрансформациясы бауыр жасушаларында баяу өтеді. Сондықтан олардың әсерлері ұзақ болады.
Жергілікті анестетиктер келесі жанама әсерлерді тудыруы мүмкін:
Жүрек айнуы
Бас айналу
Құсу
Іш қату
Бас ауруы
Қышу
Дисгеузия (бұзылған сезім ның дәм )
Анемия
Тиннит (құлақтың шырылдауы немесе шуы)
Безгек
Дизурия (ауыр зәр шығару)
Іш ауруы
Тұрақты емес жүрек соғысы
Ұйқысыздық
Арқа ауруы
36) Анафилактикалық шок кезінде қолданылатын препараттар. Әсер ету механизмі, негізгі
фармакологиялық әсерлері, қолдану көрсеткіштері және жанама әсерлері. Препараттардың
салыстырмалы сипаттамасы.
Анафилактикалық шок (АШ) -ағзаға аллергендер енгенде жедел түрдегі аллергиялық реакцияны тудыратын, қанайналым, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылысытарымен сипатталатын, жедел дамитын, өмірге қауіпті патологиялық үрдіс. Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Эпинефрин 0,18% - 1,0мл, амп. 2. *Натрий хлориді 0,9% - 400 мл, фл. 3. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп. 4. *Преднизолон 30 мг, амп. 5. *Аминофиллин 2,4% - 5,0 мл, амп. 6. *Дифенгидрамин 1% - 1,0 мл, амп. 7. *Оттегі, м3. 8. *Пентакрахмал 500,0 мл, фл.
9. *Атропин сульфаты 0,1% - 1,0 мл, амп. 10. *Допамин 0,5% - 5 мл, амп.
Достарыңызбен бөлісу: |