36. Бейімбет Майлиннің пьесалары. «Майдан» пьесасының оқиғасы, тартыс сипатына талдау жасаңыз


Мәшһүр Жүсіп Көпеев – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Өлеңдері «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама» поэмаларына талдау жасаңыз



бет3/7
Дата25.05.2023
өлшемі36,65 Kb.
#177672
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)

38. Мәшһүр Жүсіп Көпеев – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Өлеңдері «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама» поэмаларына талдау жасаңыз
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”
Еңбектері
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Май­лықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қыл­ған жұрт­ты арал­ай­ды. Осын­дай екінші сапа­рына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар ша­ма­сында шық­са, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сары­ар­қаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгі­лерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фоль­клорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған.
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жол­дан тұ­рады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жи­наған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қол­жаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтел­дер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.

«Гүлшат - Шеризат» дастанының қысқаша мазмұны:


Нәзира дәстүрімен жазған шығармасы - «Гүлшат - Шеризат» дастаны.
Жігітке өнер көрсе қиын емес,
Болғаным менің атым биім емес.
Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
Қиссасын Гүлшат-Шеризат қылдым кеңес- деп шағын кіріспеден баяндалатын оқиға балаға зарығу желісінен басталады. Бағдатта жеті жұртты билеген әділ патгша балаға зар болып жүргенде тілеуі орындалып , әйелі бала көтереді. Әкесі аңға шығып ,орманда арыстанмен алысып, ауыр жарақаттан айыға алмастан дүние салады. Ол өлерінде өсиет етіп орнына уәзір Парағзатты қалдырады. Егер әйелім ұл туса менің мұрагерім сол болсын дейді. Парағзат орындамайды.Ол қазынашы болған Барысты шақырып әйелін өлтіруге тапсырма береді. Сол арқылы тақ мұрагерден мәңгілік құтылмақ болады. Барыс он жілікпен әйелін өлтіріп тастайды, бірақ баланы кім тауып алса сол асырар деп қасына 10 гәуһар мен хат қалдырады. Бұл кезде Парақзат түс көріп оны жақсылыққа жори алмай амалы таусылып отырған болатын. Оның әйелі де бұл кезде қыз тауып атын Гүлшат деп қойған болатын. Ол ақылына көркі сай болып өседі. Бала өліп жатқан анасының омырауының үш жыл қоректенеді. Баяғы арыстанда балаға тиіспей ,керісінше аңдар балаға қамқорлық жасайды.Бір керуен айдалада жүрген баланы көріп керуен басы Қожа Сағит деген кісі баланы асырап алады. Бала орманда өскендіктен Шеризат деп ат қояды. Бала оның қолында білім алып, ер жетеді.Бір күні баяғы өзінің әкесі патшалық еткен жерге келіп ,Гүлшатты көреді. Екі жас бірін-бірі ұнатып ,сезімдерін білдіреді. Шеризат қыз әкесі Парағзаттан кек алмақ болғанмен Гүлшаттың айтқан мысал әңгімелері арқылы кешірім жасайды.
Тақырыптың өзектілігі –зұлымдық пен әділдік,жауыздық пен қатыгездік, қарамай қайшы тартыс болып ақыры әділдік жеңеді.

Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне айналдырған – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Ақынның халық көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, әлеуметтік мәселелерді сөз еткен туындылары көп.Соның бірі мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі еді.


Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мән жатқан сияқты. Себебі, ақын осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді.Өлеңнің басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын.Біріншеден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді.Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп ойлаймын.Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі.Әр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді. Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. Бұлбұлға: «Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді.Бұдан қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз.


Өлеңдегі бұлбұл әдемілікті аңсайтын, күнде әр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін шыдамды бейнеде көрінеді.Сол әдемілік үшін, әдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді.Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлайтын , мейірімді бейнеде көрінеді.Бұл арқылы автор бұлбұлды ел бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін көрсеткендей деп ойлаймын.Бұлбұлдың қаршығаға: «Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе?
Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді өмірлік мақсат-мұрат тұтады.Соны болашаққа үлгі етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет