36. Бейімбет Майлиннің пьесалары. «Майдан» пьесасының оқиғасы, тартыс сипатына талдау жасаңыз


Мақыш Қалтаевтың Өлеңдері. Мысал жанрындағы еңбектерін талдаңыз



бет4/7
Дата25.05.2023
өлшемі36,65 Kb.
#177672
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)

39. Мақыш Қалтаевтың Өлеңдері. Мысал жанрындағы еңбектерін талдаңыз
Мақыш Қалтайұлы(1869, қазіргі Астана қаласының маңында туылған -- 1916, сонда дүние салған) -- ағартушы, ақын. Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін үйреніп, дін ілімін меңгерген. Кейін Троицк қаласындағы "Расуля" медресесіне оқуға түсіп, біраз жыл "услу жәдид" әдісімен бала оқытқан. Меккеге барып, қажы атанған. Білімдарлығымен, ақындығымен танылып, "мәшһүр" деген атқа ие болды. Қазан қаласынан Мақыштың "Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы" (1907 ж. татар тілінде, 1909 -- 10 жылы қазақ тілінде), "Біраз ғибрат сөз" (1910), "Қазақтың айнасы" (1910), "Насихат қазақия" (1911), "Бар оқиға" (1912), "Тура жол" (1912) атты өлең кітаптары басылып шықты.
Мақыш Қалтайұлының өмірі туралы деректер оның өз туындыларында
кездеседі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы (1909) жинағындағы Атым-Мақыш...
деп басталатын өлеңінде:
Атым - Мақыш, Қалтай дер атам атын,
Бабам аты Едіге, қазақ - затым.
Ақмола дүр дуаным, қыпшақ - руым
Әр жерде сияхлықпен болды жүруім.
Туған жер Есіл, Нұра болса дағы,
Қушоқы деген жерде бүгін тұруым [25,2 ], деп өзінің ата-бабасы, туған жері, руы жайында айтып өтеді. Бұл деректерді Насихат қазақия (1911) жинағындағы Руым - қыпшақ... деп басталатын өлеңінде нақтылай түседі.

Өлеңдерінде ақын өз дәуірінің қоғамдық-әлеуметтік жағдайын, қазақтың хал-ахуалын, әдет-ғұрпын жырлап, өнер-білімге, мәдениетке үндеді. Оның қоғамға, дүниеге көзқарасы жағынан діни-ағартушылық пікірі басым болды. "Қазақ әкімдері", "Ишандар хақында", "Қожалар хақында" өлеңдерінде кейбір дүмше молдаларды сынаса, "Жастар хақында", "Қарттан қашу", "Жасқа жақындасу", т.б. өлеңдерінде жастардың әр түрлі мінез-құлықтары сөз болады. Ағартушылық бағыттағы идеялары "ұылым үйрену парыздылығы", "Орысша оқу керектігі", "Басқа жұрттар қандай халде?", т.б. өлеңдерінде айқын көрінеді. Сондай-ақ "Тұрмыш" атты қолжазба журнал да шығарған. Өзінің саяси-қоғамдық, ағартушылық ойларын баспасөз беттерінде жариялап тұрды. "Жолсыз газеттеріміздің бірі", "Газетаның керектігі хақында" атты мақалалары жарияланған.


Мақыш Діни ағартушылық бағыттағы ақындар тобына жатады. Өлеңдерінде әлеуметтік мәселелерді, оқудың пайдасы,адамгершілік-имандылықты насихаттаған. Мысал жанрында бірнеше шығармалар, заман тақырыбына мақалалар жазған.
Оқытушылықпен шұғылданған жылдарда ол алты өлең кітабы мен араб-парсы поэзиясынан аударған төрт жинақты туындатады.
Қалтайұлының кітаптары діни-дүниетанымдық сипатта болғандықтан, кеңес дәуірінде ұмыт болғанды. Мақыш өзінің терең ой-толғаныстарында, философиялық өлеңдерінде келешекте қазақ халқы бостандыққа, тәуелсіздікке қол жеткізетінін, Сарыарқа жері Абылай хан мен Кенесары заманындағыдай қазақ мемлекеттігінің орталығы болатынын болжады.

Мақыш Қалтайұлы поэзиясының бір саласы - мысал өлеңдері.


Мысал жанрының қазақ әдебиетінде ерекше қарқынмен дамып, әдеби
проңесте айрықша маңызға ие болған кезеңі-ХІХ ғасырдың екінші
жаргысы мен XX ғасырдың басы. Жазба әдебиетте Дулат Бабатайұ-
лы, Ыбырай Алтынсарин, Абай Қүнанбаевтар бастап дүниеге әкелген
соны жанр Ахмет Байтүрсынов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Спандияр
Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Сүлтанмахмүг Торайғыров, Сәбит Дөнен-
таев сияқты т.б. ақын-жазушылар пшғармашылығында жалғасын та-
уьш қазақ әдебиетіндегі мысап жанрының түтас жүйесі көрініс берді.
Осы кезде қазақ қоғамында жүріп жатқан саяси-әлеуметтік, шаруашылық өзгерістер рухани жандану мен серпілістер мысал жанрының күрт дамуына әсер еткен қозғаушы факторлар болды.

Ақын өзінің ағартушылық мұратын


халыққа тиімді де түсінікгі етіп жеткізу үшін, қазақтың ұғымына,
таным - түсінігіне жақын, табиғатында ауыз әдебиеті нұсқаларымен
соның ішінде хайуанаттар туралы ертегілерімен егіз осы мысал жан-
рына қалам тартып, жұртқа ғибрат, нақыл - өсиет айту ниетімен бірне-
ше мысалдар жазады. Ақын мысалдары Қазанда 1910 жылы Біраз
ғибрат сөз... деген атпен жарық көрді. Онда Қой, сиыр, ешкі, арыстан..., Сабырсыздық, Есектің ойнауы, Аз үміт көп зарар берер, Бал құрты мен шыбын, Жақсылыққа жамандық,байлық, Садақат атты барлығы 8 мысал өлеңі қамтылған.
Ақын мысалдарында негізінен адамдар бойында кездесетін теріс қылық, жайсыз мінездерді әртүрлі аңдар, құстар кейпінде, кейде адамның өзін қатыстырып суреттей отырып, одан қажетті қорытынды жасап, ғибрат, моральмен түйіндейді. Соның бірі - Аз үміт көп зарар берер- деп аталатын мысалы.
Мақыш иттің қомағайлық іс - әрекетін өлең жолдарымен былай жеткізеді:
Бір ит бір күні аузына тістеп етті,
Бір көпірдің үстінен жүріп өтті.
Өзінің көлеңкесін суда көріп,
Басқа ит деп көлеңкесін хиял етті.
Сол иттің аузындағы етті алам деп,
Аузымен суды қапты секіріп кеп.
Аузына тістеген ет суға түсіп,
Аш қалды екі арада кересін жеп.
Мұнда көрсеқызар, көзі тоймас қызғаншақтық, нәпсіқұмар, дүниеқорлық
әшкереленіп, мысқылданады.Ақын адамдар бойында кездесетін жат пиғылды иттің іс - әрекеті арқылы мысалдап көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет