Құрамында карбоксил СООН тобы бар органикалық қосылыстарды карбон қышқылдары дейді. Егер ондай қышқылдарда СООН тобы біреу болса бір негізді, ал екеу болса екі негізді т.с.с дейді. Осы топтағы органикалық қосылыстар мен олардың туындылары табиғатта жиі таралған.
Мысалы, майлардың бәрі дерлік карбон қышқылдарының глицеринді эфирі.
Оның қарапайым түрінің бірі- сірке қышқылының судағы ерітіндісі.