№3басылым 06. 09. 2010-дан


– дәріс Тақырыбы: ТІЛ МЕН ЭТНОС.ЭТНОЛИНГВИСТИКА



бет3/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,71 Mb.
#32321
1   2   3   4

11 – дәріс
Тақырыбы: ТІЛ МЕН ЭТНОС.ЭТНОЛИНГВИСТИКА

Этнолингвистика терминінің көп тараған анықтамасын О.С. Ахманова берген: «Этнолингвистика – это раздел макролингвистики, изучающий отношения между языком и народом и функионировании и развитии языка



Этнос (ұлыс – халық – ұлт) тіліне байланысты лингвистикалық теорияның негіздерін салған 18 ғ. 2 жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысында өмір сүрген В.Гумбольдт. Ол әрбір жеке тіл – ұлттың тілдік санасында қалыптасқан нәтижесі, сол себепті тілдің қызметі қандай деген мәселеге, оның ішкі өмірінің қалай дамығанын, ұлттың рухани күшін, оның өзіндік ерекшелігін түсінбейінше жауап беру мүмкін емес дейді. Тіл мен рухани күштер бір-бірінен бөлек, бір-біріне жалғассыз дамымайды, олар бірлесіп зияткерлік қабілеттерінің біртұтас қызмет әрекетін тудырады [2,67].

В.Гумбольдтың тілдік формалар арқылы тілдің семантикалық өзгешелігін білдіретін оның (тілдің) ішкі формасы туралы ілімі этнолингвистиканың қалыптасуына да өте маңызды болды. Проф.М.М.Копыленко В.Гумбольдт іліміне сүйене отырып, әлем тілдерін зерттеу дегеніміз олардың дыбыстық көрінісін ғана емес, этнолингвистикасын зерттеу деп тұжырымдайды [3,9].

Әлемдік тіл білімінде В.Гумбольдт ілімі кейін Бодуэн де Куртенэ, А.А. Потебня, Ф. де Соссюр, А.Вежбицкая т.б. зерттеулерінде ары қарай дамытылды. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика мәселелері проф. М.М.Копыленко, акад. Ә.Қайдар, проф. Е.Жампейісов зерттеулерінен басталып, кейін М.Манкеева, Ә.Ахметов, С.Сәтенова, А.Жылқыбаева, Р.Шойбеков, Б.Уызбаева, Қ.Аронов, А.Мұқатаеваның, М.Абдрахманованың жеке салаларға байланысты еңбектерінде кеңейтілді.

Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ғылымымен алғаш айналысқан ғалымдардың бірі акад. Ә.Қайдар этносты, этнос болмысын тек оның тілі арқылы толық түсінуге болатынын, этнос өміріндегі «мол деректер мен мағлұматтарды тіл ғана бойына сыйғызып», ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетінін, тіл этностың өзін танып-білудің қайнар бұлағы екенін айтады. Сол себепті ғалым тіл феноменін «тіл әлемі» деп қолдануды ұсынады. Осыған орай Ә.Қайдар этнолингвистика дегенге мынадай анықтама берді: «Этнолингвистика этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімі) жаңа да дербес саласы» [4,5-11]. Ә.Қайдар этнос жайын тілдің лексика-семантикалық қорын байытатын, «небір құнды дерек-мағлұматтармен толықтырылып, мазмұн-тақырып ауқымын кеңейтіп, мән-мағынасын тереңдете түсетін тілдің көздері» ретінде алты этнолингвистикалық арнаны көрсетеді. Олар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиет үлгілері. Халықтық спорт және ойын атауларын білдіретін тіл бірліктеріне осы арналардың бәрі дерлік қатысты деуге болады.

Акад. Ә.Қайдар «тіл әлемін» «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп үш салаға бөліп қарайды, оларды іштей 30 үлкен макротопқа, ал макротоптарды өз ішінен 200-дей микротопқа бөліп көрсетеді [4,19]. Біздіңше, ұлттық спорт, ойын атаулары осы үш саланың үшеуіне де қатысты. Себебі ұлттық спорт, ойын-сауық, олардың атауларының қалыптасуы нақты қоғамдық - әлеуметтік өмір жағдайында жүзеге асады. Спорт, сауық ойындарымен шұғылданушылар, оларды ұйымдастырушылар адамдардың өздері және олар табиғи кеңістікте (дала, алаң) ойналады. Ұлттық спорт, сауықтың бір түрі – аңшылықтың негізгі нысаны табиғи тағы аңдар мен құстар екені белгілі.Ә.Қайдардың пікірінше, қыран құстар «Хайуанаттар дүниесінің», «Құстар»деп аталатын тармағына жатады. Бірақ қыран құстар жайындағы этнографиялық мәліметтер «Кәсіпшілік» деген тармақтың «Аңшылық», «Саяткерлік» бөлімшесінде берілуге тиіс» [4,71].

Қазақ этнолингвистикасын зерттеуде Ә.Қайдар ұстанған тағы бір принцип – зерттеу объектілерін өзара байланыс-қатынастылығына қарай жүйелі түрде топтастыра зерттеу [4,17-б]. Біз зерттеу нысаны етіп алып отырған халықтық спорт, ойын атаулары өз ішінде бірыңғай емес. Оларды жиын-тойларда, ашық алаңдарда, үй ішінде ойналатын ойындар деп бөлуіміз, аңшылыққа, саятшылыққа қатысты атауларды өз алдына жеке қарастыруымыз зерттеу нысандарын топтастырудың осы принципіне негізделген. Қазақ тіліндегі спорттық ойын атауларының бәрі жеке бір макротоптың құрамына кірсе, ал олардың іштей бөлінетін түрлері ондағы микротоптарды құрайды.Этностың шынайы бейнесі, болмысы туралы тілдік деректер, мағлұматтар оның тіл әлемінде сақталып, сол арқылы болашақ ұрпаққа жеткізіліп отырады. Бұдан тілдің кумулятивтік қызметі туралы мәселе туындайды.«Кумулятивизм (от лат. cumuiatio увеличение, скопление) – методологическая установка философии науки, согласно которой развития знания происходит путем постепенного добавления новых положений к накопленной сумме истинных знаний». Ә.Қайдар тілдің кумулятивтік қызметін оның коммуникативтік және эстетикалық қызметтерімен бірге үшінші қызметінің бірі ретінде қарастырады [4,18-21].Осы тұрғыдан қарағанда халықтық спорт, ойын-сауыққа, оның түрлеріне қатысты атаулар, сөз тіркесі, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б – бәрі осы салаға байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан сөздік қордың ауқымды бөлігін құрайды. Бұл атаулардың бірқатары шығу төркіні жағынан көне түркі дәуірімен ұштасып жатқанымен, негізінде қазақтың халық болып даму дәуірінде қалыптасқан тарихи сөздер болып табылады [5,125-127]. Мысалы, аңшылыққа байланысты: саятшылық, құсбегі, қызылшы, қызылдату, қағушы, шоршы, қансонар, келтесонар, жым, қайыру, қоңыр аң, апан; бүркіттің жасына қарай: қантүбіт, тастүлек, тірнек, көктүбіт, мұзбалақ, қандыбалақ т.б. бөлінуі; аң аулау құралдары: тұзақ, тор, аран, аусар, атқы, қалжуыр, қамба, шарға т.б., аң аулау тәсілдері: індету, құлату, қаумалау т.б., ат спортына байланысты: аламан бәйге, ошақ бәйге, айдау ат, құнан жарыс, жорға жарыс, көкпар, ат омыраулату, аударыспақ, қызқуу, күміс алу т.б., күрес түрлері: қазақша күрес, тауық күрес, ырғақ, ұстау, шалу, ілу т.б ашық даладағы ойындар: соқыртеке, қызылту, ақсерек-көксерек, бестас, асық, үштабан, құмар, алакүшік, ақсүйек, әйгөлек, алтыбақан, әткеншек, арқан тарту, қашпадоп т.б.; үй ішінде ойналатын ойындар: белбеу тастау, ұшты-ұшты, білектесу, көрші, тоғызқұмалақ, дойбы, санамақ, инем тап т.б.; спорт, ойын түрлеріне байланысты салт-жоралғы атаулар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар т.б. - бәрі бұрыннан келе жатқан, халықтық сипат алған тіл бірліктері болып табылады. Бұл сияқты атаулар халықтық спорт, ойын түрлерін бірнеше ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші тіл құралдары қызметін атқарады.

Ұлттық спорт, ойын-сауық атауларынан халықтың салт-санасы мен дүниетанымындағы түсінігін, өзіндік ерекшелігін көруге болады.Дүниеде аң ауламайтын, құс салмайтын халық жоқ деуге болады. Бірақ әр халықтың аңшылық дәстүрі өзіне ғана тән, өз дүниетанымына, түсінігіне сай қалыптасады. Мысалы, тұрақты тіркеске айналған «қанжығаға байлау» жасы кіші аңшының олжасын жасы үлкенге сыйлайтын, жасы үлкеннің қанжығасына олжа байлау салтына байланысты айтылады. Ал оның негізі қазақ халқының жасы үлкенді сыйлау, құрметтеу әдетінде жатқаны белгілі. «Үйірімен үш тоғыз» қазақтың аңшылық дәстүрінде ежелден сақталған «олжа көбейсін», «олжалы бол» деген тілекті білдіріп тұр. Қазақ халқында ежелгі салт бойынша, сегіз қырлы, бір сырлы жігіттің бағы жанып, арманы орындалуы үшін, «жеті қазына» қажет деген түсінік қалыптасқан. Этнографиялық деректерде олар былайша таралады: 1) жүйрік ат, 2)қыран бүркіт, 3) құмай тазы, 4) берен мылтық, 5) өткір кездік, 6) ау – жылым, 7) қандыауыз қақпан. Қазақта жеті қазынаның бұдан басқа да нұсқалары бар. Солардың ішінде жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы міндетті түрде қайталанып отырады, қалғандары садақ (мылтық орнына), сұлу әйел, ілім-біліммен ауыстырылып, түрлі нұсқада өзгеріп отырады. «Жеті қазынаның бірі - ит» деп, қазақта итті басқалардан бөліп айтады [4,47-48].Этнолингвистика этнос мәдениетімен тікелей байланысты. Этнос мәдениеті дегеніміз – белгілі бір этнос (ұлт, халық, тайпа) мәдениетінің дамуын және оның қоғамдық - әлеуметтік заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Ә.Қайдардың пікірінше, «этнос мәдениеті әрбір этносқа тән табиғи, әлеуметтік ортаға сәйкес қалыптасқан құбылыс. Өмір-тіршілік салты, ортақ тіл, ортақ дүниетаным, ортақ психология т.б. осының бәрін біз этнос мәдениетінен таба аламыз. Ал соның бәрін танып білудің ең басты құралы - тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойындайды» [4,13].Қазақтың спорт, ойын-сауық ойындарының атаулары қазақ халқының этностық мәдениетіне кіретін көп саланың бірі болып табылады. Осы саладағы қазақ этносына тән материалдық, рухани құндылықтарды ондағы атауларды, яғни тілдік құралдарды зерттегенде ғана танып білуге болады.Спорттық, ойын-сауық атауларының танымдық сипаты этнографиямен де байланысты. Этнос тілі этнолингвистика мен этнографияның екеуіне де ортақ, бірақ оны екеуінің зерттеу тәсілі бірдей емес [4,17]. Мысалы, қазақтың аңшылық дәстүрін, оған байланысты негізгі нысандарын - аңшы құстар мен аңшы иттерін, аулау құралдары мен аулау тәсілдерін, олардың аталуын этнографтар этнос мәдениетінің көрінісі ретінде қарастырады. Ал этнолингвистер осы нысандарды және оларға қатысты ұғым, түсініктерді психикалық, этникалық тұрғыда олардың тілде қалай көрініс табатынын зерттейді. «Этнос болмысына қатысты тіл фактілерін этнографияға қарағанда этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең пайдаланады, олар тілдегі мән-мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады»

Сөйтіп, этнос тілі этномәдениет пен этнографияның, этнолингвистиканың үшеуіне де ортақ нысан болып табылады, олардың әрқайсысы этнос тілін әртүрлі деңгейде, мақсатта қарастыра отырып, оның танымдық өрісін, сипатын түсінуге мүмкіндік береді.


ДӘРІС-12 ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТИПОЛОГИЯ
Лингвистикалық типология— бір – бірімен тегі мен өзара әсері арасында байланысы жоқ әр түрлі тілдердің жалпы заңдылықтары түсіндіретін лингвистика бөлімі. Лингвистикалық типология тілдердің тек ұқсастықтары мен айырмашылықтарының фактілерін анықтап және жіктеп қана қоймай, сондай-ақ оларды түсіндіріп, оның тапсырмалаларын теориялық лингвистика тапсырмаларымен жақындастырады. Лингвистикалық теория сияқты типология да әмбебаптылықты , яғни барлық немесе көпшілік тілдермен салыстырғанда дұрыс болжамдалған дәлелдерді іздеумен айналысады. Типология «экзотикалық» немесе аз зерттелген, мысалы, Оңтүстік – Шығыс Азияда, Африкада, Океанияда немесе Америкадағы үндістерде таралған тілдерге ерекше қызығушылық білдіреді, дегенмен неғұрлым кеңінен таралған, жақсы зерттелген тілдердің құралдары да типологиялық зерттеулердің пәні бола алады. (Типология, әсіресе, тілдердің қолданылу мақсаттары мен жағдайларының бақыланған ерекшеліктерінің шектерін түсіндіретін функционалдық бағыттағы лингвистикалық теориялармен тығыз байланысты.)

Лингвистикалық типология тарихы: Типология өзінің дамуының алғашқы сатысында қандай тілдерді және қандай негізде «неғұрлым примитивті» және «неғұрлым дамыған» тілдерге жатқызуға болады деген сұраққа жауап табуға тырысты. Жуық арада бастапқы сілтеменің: тілдің типологиялық сипаты бойынша оның «дамығандығы» немесе «примитивтілігін» анықтау дұрыс еместігі анықталды. Тіпті әр түрлі тілдер бір типке жатуы мүмкін (мысалы, ағылшын, қытай – керемет дамыған және әдебиеті бай және Қытайдың солтүстігіндегі цин халқының жазбасыз тілі тең дәрежедегі тұйықталған тілге жатады), туыстық және шамамен бірдей жасалған тілдер әр түрлі типке жатуы мүмкін (синтетикалық славяндық орыс немесе серб немесе аналитикалық болгар, тұйықтаушы ағылшын және флективті неміс тілдері). Сондай – ақ бір тіл өз дамуында типін бірнеше рет ауыстыруы мүмкін: мысалы, француз тілінің тарихы тұйықтаушы ерте үнді- еуропалық, флективті кейінгі үнді – еуропалық және латын, аналитикалық орта француз және толық тұйықтаушы жаңа сөйлесу француз тілі деп бөлінеді. Осы ашылулар нәтижесінде лингвисттер 20-шы жүз жылдықтың ортасына дейін, типология қайта жаңарған кезде, типологияға таңырқыды. Бүгінгі күнгі типология тілдердің жеке элементтерімен емес, ал тілдердің фонологиялық (дыбыстар жүйесімен) және грамматикалық жүйелерімен жұмыс істейді. 2.1. Объект, пән, әдістері:Объект – барлық тілдер: ағылшын, жақын туыстық.Төменгі шегі –2, жоғарғы – шексіз. Тілдердің мақсаты бірдей. Әдіс – мазмұнды-бағытталған. Ана тілдерді салыстырғанда құндылығы, әр түрлі формалары, ұқсамайтын формалары бар. Пән түсінігі барлық тілдерде ортақ процестер. Типтік анализ пәні – салыстырмалы тілдердегі ұқсас мазмұн өрнегінің тілдік формасы, яғни құрылымдық ерекшеліктерін зерттеу. Типологиялық анализді дыбыс (фонетикалық және фонологиялық типология) деңгейінде, сөз (морфологиялық типология), сөйлем (синтаксистік типология) және синтаксистік құрылымдар (мәтін немесе дискурс типологиясы) деңгейінде жүргізуге болады.

2.2. Лингвистикалық типология бөлімдері: 1) Жалпы типология Салыстырмалы тілдердің ортақ белгілері. Салыстыру анализінде адам тілінің қасиеттері туралы беріледі, таңбалық жүйе сияқты жалпы және бүтіндей. Тілдік әлемнің тілдік типтерге жіктелуі 2) Таксономиялық – жіктеу, осы ғылымның түсініктілік аспектісінің жасалуы: Жеке тіл типі. Тілдегі тип ,тілдік тип ,әмбебаптық,изоморфизм и аморфизм,тіл = эталон.3) Жеке типология. Әр түрлілік:деңгейлік типология (жүйедегі тип) ,ареалдық (ареал – географиялық таралу аймағы)

Зерттеу объектісі: Ұзақ уақыт аралығында бір ареал ішінде тығыз байланыста болған тіл. Мұндай тілдер тілдік одақтар құрады. Өзара тілдер – тіл аралық конвергенция. Неғұрлым зерттелгендері: Балкандық тілдік одақ (грек, румын, албан, болгар) – зерттелуші (контрастивтік типология) және ана тілдің типологиясы. 2.3. Фонологиялық типология.Компаративистика үшін фонологиялық типологияның ерекше үлкен мәні бар. Фонологиялық типология әлем тілдерінің қандай әр түрлі болғанымен барлық адамдар сөйлеу аппаратының бірдей құрылымына ие деген сілтемесінен шығады. Фонологиялық типологияда бинарлы оппозиция туралы түсінік өте маңызды. Типологиялық критерий тіл реконструкциясымен байланысты гипотезаларды тексергенде маңыздылардың бірі болып табылады. бүгінгі күні тілдің бір де бір реконструкцияланатын фонетикалық жүйесі типологиялық тексерусіз қабылдана алмайды. Барлық типологиялық инварианттар ашылған, суреттелген, түсіндірілген деп айтуға болмайды.



2.4. Грамматикалық (морфологиялық) типология. Қазіргі уақытта неғұрлым жақсы зерттелгені тілдердің морфологиялық типологиясы. Оның негізіне морфемдерді (морфемика) біріктіру әдісі кіреді. Екі дәстүрлік типологиялық шама бар. А) Грамматикалық мәндерді өрнектеу типі немесе локус. Дәстүр бойынша аналитикалық және синтетикалық типтер ажыратылады. Аналитизмде грамматикалық мәндер жеке қызмет көрсетуші сөздермен өрнектеледі; грамматикалық морфемдердің локусы — жеке синтаксистік позиция. Синтетизмде грамматикалық мәндер сөз формасының құрамындағы аффикстермен өрнектеледі, яғни лексикалық түбірі бар бір фонетикалық сөзді құру; грамматикалық морфемдердің локусы — лексикалық түбірде. Грамматикалық мәндерді аналитикалық өрнектеу нәтижесінде сөздер морфемдердің аз санынан (ең азы – біреуден), ал синтетикалықта – бірнешеуден тұрады. Синтетизмнің ең жоғарғы дәрежесі полиситетизм деп аталады. Бұл құбылыс сөздерінің морфем саны типологиялық орташадан көп болатын тілдерді сипаттайды. Синтетизм мен полисинтетизм арасындағы айырмашылық – дәреже, нақты шегі жоқ. Жеке фонетикалық сөзі бар деген анықтама да мәселе тудырады. Мысалы, француз тілінде өздік есімдіктер дәстүрлі түрде жеке сөздер болып саналады. Дегенмен, олар етістік болғанда клитиктер немесе тіпті аффикстер болып табылады және полисинтетикалық тілдерде есімдіктік аффикстерден айыру қиын. Б) Морфологиялық құрылымның типі Грамматикалық мәндерді өрнектеу типін морфологиялық құрылым типімен шатастырмау керек. Дәстүрлі түрде морфологиялық құрылымды үш типке бөледі:Тұйықтаушы — морфемдер бір – бірінен максималды ажыратылған; агглютинативті — морфемдер семантикалық және формальды түрде бір – бірінен ажыратылады, бірақ сөздерге бірігеді; флективті (фузионды) — морфемдер арасындағы семантикалық та, формальдық та шекаралары нашар ажыратылады.2.5. Субъективтік-объективтік типология .Етістіктік актанттарды кодтау стратегиясы. Етістік пен зат есім арасындағы қатынас бойынша тілдер төмендегідей бөлінеді:Активті тілдер — зат есімдердің «активті» және «активті емес», етістіктердің «активті» және «стативті» деп бөлінуі, сын есімдер болмайды: қазіргі қытай, үнді – еуропалық және т.б. тілдер.Номинативті тілдер — номинатив (зат есімнің негізгі септігі) ауыспалы және ауыспалы емес етістіктер субъектісіне сәйкес келеді және ауыспалы етістік объектісіне сәйкес аккузативке қарама – қарсы — қазіргі үнді - еуропалық, семиттік және т.б. тілдер Эргативті тілдер — абсолютив (зат есімнің негізгі септігі) ауыспалы емес етістіктің субъектісіне және ауыспалының объектісіне сәйкес келеді және ауыспалы етістіктің субъектісіне сәйкес келетін эргативке қарама – қарсы — солтүстік кавказ тілдері, баск, реликттер, құбылыстар грузин тілінде де бар.Сондай – ақ бірнеше аз таралған типтері де бар. Тәжірибе жүзінде әр тіл берілген қатаң жіктеуден ауытқиды. Атап айтқанда, үнді – еуропалық және семиттік тілдер қатарында ( мысалы, ағылшында) номинатив пен аккузатив арасындағы морфологиялық айырмашылық жойылған, сондықтан синтаксистік рөл тұрғысынан берілген септіктер шартты түрде бөлінеді. 2.6. Синтаксистік типология.Синтаксистік тип бойынша тілдерді жіктеу сөйлемнің негізгі мүшелерінің семантикалық және формальды құрылымдарының негізгі белгілеріне байланысты жүргізіледі. Номинативтік типтегі тілдерде сөйлем бастауыш (іс-әрекет субъектісі) пен толықтауыш (іс-әрекет объектісі) арасындағы қарама – қайшылыққа негізделеді. Номинативті тілдерде ауыспалы және ауыспалы емес етістіктер, зат есімнің атау және табыс септіктері, тура және қосымша толықтауыштар ажыратылады. Етістіктің жіктелуінде өздік аффикстердің субъект-объектті қатары қолданылады. Бұл типке үнді – еуропалық, семиттік, дравидий, фин, түрік, монғол, жапон, корей және қытай тілдері жатады. Эргативті типтегі тілдерде сөйлем субъект пен объект емес, агентив (іс-әрекетті тудырушы) және фактитив (іс-әрекетті тасымалдаушы) арасындағы қарама – қайшылықтан құрылады. Бұл типтегі тілдерде эргативті и абсолютті конструкция ажыратылады. Тура толықтауышы бар сөйлемде бастауыш эргативтік септікте, толықтауыш – абсолюттіде. Толықтауышы жоқ сөйлемде бастауыш абсолютті септікте тұрады. Ауыспалы емес әрекетте бастауыш ауыспалы әрекеттегі объектпен формасы бойынша (абсолютті септік) сәйкес келеді. Эргативті формадағы зат есім ауыспалы әрекеттің субъектісімен қатар қосымша объект (көбінесе, әрекет құралы) бола алады.

ДӘРІС-13 ТІЛДЕРДІ СИПАТТАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІТӘСІЛДЕРІ
Дүние жүзінде үш мың шамасында тіл бар деп есептелінеді. Дүние жүзіндегі тілдердің санын дәлме-дәл көрсетудің қиындығы мынада: кейбір елдердегі тілдер мен диалектілер жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген. Осылай болғандықтан, олардың ішінен қайсылары дербес тілдер екендігін қазірде дөп басып айту мүмкін бола бермейді. Демек, дүние жүзі тілдерінің дәл саны олардың күллісі түгел қамтылып, жан-жақты зерттелінгенде ғана, айқындалмақ. Дүние жүзі тілдерінің ішінде тайпа тілдері де (мысалы, Африкадағы кейбір тілдер, Америка индеецтерінің тілдері және т. б.), халық тілдері де, ұлт тілдері де бар. Дүние жүзі тілдерінің ішінен орыс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, қытай тілі, араб тілі және испан тілі халықаралық тілдер болып саналады. Бұл тілдерде халықаралық ұйымдардың, мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Бейбітшілікті қорғау комитетінің және т. б. материалдары жарияланып отырады. Орыс тілі халықаралық тіл болумен бірге, біздің еліміздегі халықтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын ұлт аралық тілі болып та табылады. Тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің барысында 19 ғасырдың басында салыстырмалы-тарихи тіл білімі пайда болды. Лингвистер 19 ғасырға дейін де әр түрлі тілдердің белгілі бір ұқсастығына, бірлігіне назар аударды, бірақ олар сәйкестілік пен айырмашылықтарды айқындаудың жолдарын, салыстыра зерттеудің тәсілдері мен мақсатын көрсете алмады. Кейбір тілдердің арасындағы ұқсастық пен бірліктің растала беруі және көптеген материалдармен дәлелденуі бұл құбылыстың тегіннен-тегін емес екенін аңғартады да, лингвистер ондай тілдердің шығу тегінің бір екендігін айқындай бастайды. Әр түрлі тілдерді зерттеудің барысында олардың өз ара ортақ белгілері лексика саласынан ғана емес, сонымен бірге грамматика саласынан да табылып, айқындала береді. Ақырында, зерттеу жұмыстары ағылшын, грек, неміс және т. б. тілдердің неғұрлым ертеректегі қалпына, ерекшеліктеріне үңілген сайын, олардың ортақ белгілері мен бір тектестігі солғұрлым анық айқын солғұрлым мол аңғарылатындығын көрсетті. Осыдан тілдердің бір тектестігін айқындаудың, оларды салыстыра және тарихи тұрғыдан зерттеудің қажеттілігі келіп туды. Орайынша, тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи методы да осылай пайда болды. Бұл метод туыстас тілдердегі материалдарды өз ара бір-бірімен салыстыра зерттеуге негізделгендіктен салыстырмалы деп аталады да, тілдегі құбылыстарды олардың өзгеруі, тарихи дамуы тұрғысынан қарастыратындықтан тарихи деп аталады. Әр түрлі тілдердің өз ара бір-бірімен туыстастығы, туыстас тілдердің топтары дүние жүзіндегі тілдерді тарихи және салыстыра зерттеудің нәтижесінде, салыстырмалы-тарихи методты пайдалана білудің арқасында ғана айқындалды. Атап айтқанда, роман тілдері, герман тілдері, иран тілдері, түркі тілдері, финугор тілдері деп топтастыру және дүние жүзіндегі басқа да тілдерді әр түрлі топтарға бөліп жіктеу салыстыра зерттеудің нәтижесінде ғана іске асты. Туыстас тілдер тобының немесе семьяның құралып дамуының көптеген замандар бойына созылған ұзақ тарихы бар. Ең алғашқы тіл бірлігінен, негіз тілден болашақ дербес тілдер біртіндеп бөліне бастайды.

Бүтіндей алғанда, негіз тілден туыстас диалектілер тобының бөлініп шығу процесі өте күрделі және әр қилы болады. Болашақ дербес туыстас тілдер тобының біртіндеп бөлініп шығуы және құралып жасалуы негіз тілдің диалектілерімен сөйлеген тайпалардың тарихымен, кейінірек халықтардың тарихымен байланысты болды.

Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра келіп, ол тілдердегі ортақ, бір тектес элементтерді, ондай бірліктің шығу негізін және ортақ формалар мен грамматикалық категориялардың ары қарай дамуы мен өзгеру ерекшеліктерін айқындауды көздейді. Сонымен, тілдердің генеалогиялық (шығу тегі) бірлігі, генеалогиялық байланысты салыстырмалы-тарихи методтың қарастыратын негізгі объектісі болып саналады...

1. Ең алдымен салыстырмалы-тарихи метод тілдердің адам баласы тілінің шығу процесінен бастап түрлі-түрлі болу фактісіне, яғни сол кездің өзінде әр түрлі тілдердің өзіне сай әр түрлі сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысының жасалу фактісіне негізделеді. Демек, салыстырмалы-тарихи метод ең алғаш жасалынған көптеген тілдерде белгілі зат немесе құбылыс әр түрлі лексикалық атаулармен (сөздермен) аталғанын, біркелкі грамматикалық категориялардың түрлі-түрлі формаға ие болып, әр түрлі грамматикалық тәсілдермен берілгенін негіз етіп, соған сүйенеді. Адам баласы тілінің пайда болу барысында әрбір жеке тілде оның өзіне тән сөздері мен грамматикалық формалары жасалған. Дыбыс тіркестері (сөздер) мен ол арқылы белгіленетін заттың арасында барлық тілдер үшін ортақ ешқандай байланыс болмайды. Әрбір тілде дыбыс тіркесі (сөз) белгілі затқа немесе құбылысқа атау ретінде бекітіледі, бірақ бұл дыбыс тіркесі ол заттың не құбылыстың жаратылысын да, қасиеті мен сапасын да көрсете алмайды, оның олармен ешқандай етене байланысы жоқ. Егер мұндай байланыс болса, онда дүние жүзіндегі сан алуан тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс бір ғана дыбыстық комплекспен аталып, ешқандай лексикалық айырмашылық та болмаған болар еді. Мысалы, үй деген сөз бен ол арқылы белгіленетін заттың арасында ешқандай табиғи байланыс жоқ. Міне, сондықтан да ол (баспана) әр түрлі тілдерді түрлі-түрлі дыбыстық комплекспен (сөзбен) мысалы, орыс тілінде дом, неміс тілінде Наис деп аталады. Зат пен оның атауының (сөздің) арасындағы байланысты тарихи байланыс, соның өзінде шартты байланыс қана деп түсінген мақұл.

2. Тілдердің туыстас тілдер деп саналуы үшін, ең алдымен, олардың лексикасында мағыналар жағынан біркелкі немесе өз ара ұқсас, дыбысталуы жағынан да бір-біріне жақын көптеген сөзердің болуы шарт. Мұндайда туыстас тілдердің лексикасындағы сөздердің барлығы бірдей емес, олардың сөздік қорындағы байырғы төл сөздер еске алынады. Мысалы, қазақ тіліндегі ауыр, өзбек тіліндегі оғыр, қырғыз тіліндегі оор, тува, хақас тілдеріндегі аар, түркімен тіліндегі агыр, алтай тіліндегі уур, башқұрт тіліндегі ауыр, татар тіліндегі авыр, деген сөздердің мағына жағынан бірдей, дыбысталуы жағынан ұқсас болып келуі бұл сөздердің бір бұлақтан (негізден) шыққандығын көрсетеді.

Сонымен, салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдерінің арасындағы дыбыс сәйкестілігін есепке алады. Сонымен, тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеу өзінің алдына, негізінен алғанда, мынадай міндеттерді қояды: 1) негіз тілден бастап, туыстас тілдердегі ортақ категориялардың даму заңдылықтарын ашып айқындау; 2) бұл дамудың ортақ, жалпы бағытын таба білу; 3) негіз тілдің түпкі құрылымының туыстас тілдердің арықарай дамуына тигізетін әсерінің сипатын белгілеу; 4) тілдің белгілі бір элементтерін тұрақты, басқа бір элементтерінің өзгеріске бейімділігінің себептері мен жайларын айқындау; 5) әр түрлі туыстас тілдердегі өзгерістердің біркелкі болмауының себептерін белгілеп айқындау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет