Зерттеу жұмысының мақсаты
Үш өлшемді графикада 3ds Мах пакетінің қызметтеріне, онымен жұмыс істеу принциптерімен, жалпы бағдарламаның интерфейсімен, басқару элементтерін қолданып қысқаметражды мультфильм дайындау.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 3D MAX ГРАФИКАЛЫҚ ОРТАСЫ
1.1 3d MAX пакетінің жұмыс жасау ерекшеліктері
Төменде 3ds MAX программасының бөлек кескіндермен анимацияларды құрудағы тек бірнеше ғана мүмкіндіктері берілген:
1. Кез-келген үш өлшемді обьект, геометриялық форма оның ішінде қарапайым цилиндр, сфера, тіктөртбұрышты паралеллипедтен бастап аңның денесі, тал, судың бетінің толқыны сияқты қиындықтағы обьектерді геометриялық формасын модельдеу;
2. Объект материялының физикалық қасиеттерін имитациялау, мысалығы шаш, жылтыр, жарық сәулелерінің таралуы,көпқырлы айнаның шағылысып көрінуі,атмосфералық пайда болу, қар, тұман, от, түтін сияқты табиғи құбылыстар мен оқиғалар;
3. Үш өлшемді сценаны кез-келген бағытта немесе мақсатта жарықтандыруға имитациялау, мысалы: терең космос кеңістігі, күннің шығу жарықтығы, шынай өмірдегі суреттердегі түскен жарықтың көлеңкесімен көрсету, оны жұмыс бетіне қоюға қолдану;
4. Объектінің барлық параметрлерін анимациялау, формасын, өлшемдерін, орналасуын, түсі және материялдарының қасиеттері (харктеристика) т.с.с;
5. Кез-келген типтегі қимыл іс әрекетті имитациялауға мүмкіндік беретін анимация процесінде, объектің қасиеттерін өзгерту немесе объекті орналастыруды басқарудың әр түрлі жолдарын анимациямен амалға асыру;
6. Байланысқан объектердің ирархиялық тізбегін құру және сол тізбектерді тіке немесе кері кинематикалық әдісімен анимациялау. Мұнда бір объектің қозғалысы тізбектің қалған объектерінің бірге қозғалуына алып келеді;
7. Әр түрлі объектердің бірте-бірте біріншісінің екіншісіне айналуы модельдеу, формасына және ішкі көрінісіне қарай өзгеруі (морфинг);
8. Қозғалыстағы объектердің тартылыс күшін, желді, серпімділігін есепке ала отырып, динамикалық қасиеттерін модельдеу.
9. Суреттерді синтездеуге әр түрлі фильтрлерді қолдану, сондай-ақ суреттердің немесе камераның қасиеттерін имитациялау арқылы тереңдігін және линзаның өзгеруін көрсету;
3ds MAX-ты қолданатын негізігі салалар.
1. Архитекторлық жобалау және интерьерлерді конструкциялау.
2. Телевидения үшін жарнамалық және ғылыми танымал роликтерді дайындау.
3. Компьютерлік мультипликация және ойындарды түсіру.
4. Компьютерлік ойындарды өңдеу.
5. Кітап, журналдарды безендіруге дайындау.
6. Көркем компьтерлік графика, Web – дизайн.
7. Кеңістіктік көзқарасты дамыту.
8. Сот-медициналық сараптама, арнайы эфектілер;
Үш өлшемді графикамен байланысты мамандар:
3ds modeler - кез-келген қиын моделдердің үлгісі жасай алатын маман, яғни жиһаздан бастап сәулетшілік өнерге дейін мінездемелі персонаждармен аяқтайтын маман.
Текстурашы (текстурщик) - текстуралармен жұмыс істейтін суретші (сурет бедерлімен өрнектерге). Текстурашының мақсаты - шындыққа негізделген материалдар жасау және объектіге олардың дұрыс қолдану. Визуализатор - сапалы бейнелелермен жанды суреттеуші маман. Визуализатор: жарық қою, материалдар және қорытынды сурет рендерге тағайындау арқылы үш өлшемді бетті ақырына дейін дайындайды, бізге жеткізеді. Әрлендірушінің деңгейі - маман, ойын деңгейлерін жоспарлайды және жасайды, сонымен қатар компьютерлік ойындардың әлемінде текстуралар жасайды. Аниматор - үш өлшемді кеңістікте моделденген персонаждарды жандандырушы адам - сахналары істің ебін білген. Анимация - бұл қимыл әрекет, ал қимыл әрекет –бұл өмір! Тамаша және өте қызықты мамандық! Бұлар қазіргі уақытта өте қажетті және ақшалы мамандықтыр. 3ds MAX - терең дамыған өте қызықты бағдарлама. Ол талпынысты, терең білімді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |