Әдіснама - зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағдарламасын құруға, ғылыми білімдер жүйесін тузуге бағытталған ic-әрекет, сонымен қатар зерттеу o6ьекici мен пәннің ерекшелтеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принциптерін таңдау, мәселеге әр тұрғыдан келу.
Педагогика ғылымының әдіснамасы - бұл таным npoцeci, формасы, әдістері принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғыдан келу жүйесі.
Теориялық білім педагогикалық шынайы құбылыстардың әдіснамасының
Негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы icкe асырылады. Ал теория - таным процесінің нәтижесі, әдіснама - танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным ic-әрекетінің тұтас npoцeciн, мазмұнын қарастырады. Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: философияльқ, жалпы ғылыми, нақты ғылыми.
Философия әдіснама ретінде зерттеушіні адам, қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын бiлуге,әлемнің тұтастығын қамтуға байланысты мәселелерден алатын орнын анықтаумен қамтамасыз етеді. Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге кемектессе, нақты ғылыми әдіснама ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстамдылықтарды меңгеруге көмектеседі. Қандай ғылым саласы болмасын, ең алдымен, философияльқ ілімге сүйенеді. Ғылымды философиялық, аксиологиялық түсіну философия ғылымының мазмұнына кіреді, сондай-ақ ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына негіз болады.
Дегенмен, маманның ғылыми-зерттеу мәдениетіне, әдіснамалық тұжырымына тек философия және оның гносеологиялық негіздері ғана ықпал етпейтіні белгілі. Зерттеушінің ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы оның әдіснамалық тұжырымдамасын құрайды, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымдарға және олардың тарихына сүйенеді.
Яғни әдіснамалық тұжырымдамалар психологиялық-педагогикалық теориялар негізігде құрылады. Ал әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогика ғылымының қарастыратын мәселелерде сай ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымы оның бұрын қалыптасқан психологиялық-педагогикалық тұжырымдары негізінде толықтырыады. Tіпті, кей кезде барлық ғылым жуйені негізгe алатын тұрақты ережелер, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептердің негізгі багһғыттары да өзгеріске ұшырап отырады.
Сондықтан түрлі тұжырымдарға, көзқарастарға сын айтылып, талдау жасалу арқылы жаңа ой туындап, дәлелдетіп, ғылыми мәселе шешімін табады. Әсіресе ғылыми зерттеу жұмыстарымен алғаш рет айналысушылардың ғылыми талдау жүргізуі, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжырымдар мен қорытындыларға сүйенбей, белгілі 6ip нәтиже алуларына мүмкіндік болмайды.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық қүбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді.
Теория — таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бүл — осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму зандарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық түжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық концепциясы, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы бөлігі болып табылады, өйткені ол психологиялық педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай , әрбір әдіснамалық концепция психологиялық -педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады. Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады.
Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінг і пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін. Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпш ілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әртүрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудың да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйен іп , бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі. Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақты философиялық және теориялық тұжврвмдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бүл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қорытындылар мен нақтыландырулардың негізін құрастыру қажет. Теориялық білім, сөздің жалпы мағынасында, дегеніміз белгілі бір педагогикалық қүбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылым и көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалық ісәрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтерд ің басқа элемен ттерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу , оқыту мен қалыптастырудың қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты . Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Педагогика. Д әріс курсы. Алматы; ‘'"Нұрлы Әлем”, 2003. - 368 бет.
Ахметова Г.К., Исаева З.Ә-» Әлкожаева Н.С. А 94 Педагогика: Оқулық,. - Алматы: Қазақ, университеті, 2006. - 220 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |