4. 3-тапсырма. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларына дескрипторларды құрастырыңыз



Дата29.12.2021
өлшемі18,33 Kb.
#106532
Байланысты:
Тапсырма4.3 жауап
Тапсырма4.3 жауап, Тапсырма4.3 жауап, 3кл 23-апта дүниетану (ҚМЖ), Титулка ЭЭ Механика-1, ЗЖ №41 к

4.3-тапсырма. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларына дескрипторларды құрастырыңыз.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

«Физика» пәні 8-сынып

Бөлім



Тұрақты электр тогы



Оқу мақсаты

8.4.2.7 – кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру

8.4.2.8 – есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Электр кедергісінің формуласын қолданады

  • Өткізгіштің меншікті кедергісі және кедергісі арқылы өткізгіштің басқа да параметрлерін есептейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

1-тапсырма

Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамасы көлденең қимасының ауданы 1 мм2 болатын никель сымынан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ұзындықтың өлшем бірлігін ХБЖ-ға айналдырады

1

Өткізгіштің кедергісін есептеуге арналған формуланы қолданады

1

Формула түрлендіріп ұзындықты табады.

1

Никель сымының меншікті кедергісінің мәнін кестеден алады

1

Барлығы

4


2-тапсырма

Мыстан жасалған сым орамының кедергісі 0,83 Ом және массасы 0,21 кг. Сымның ұзындығын, және көлденең қимасының ауданын табыңыз. Мыстың тығыздығы 8900 кг/м3, меншікті кедергісі 1,7∙10−8 Ом∙м.



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Өткізтің кедергісін есептеуге арналған формуланы қолданады

1

Тығыздықтың формуласын қолданады

1

Сымның ұзындығын және ауданын есептейді

1

Барлығы

3




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет