Сабақтың тақырыбы: 75: 5 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу /Мүсін Негізгі оқу мақсаты



Дата17.10.2019
өлшемі21,6 Kb.
түріСабақ

Пән: математика

Сынып :3 «А»

Күні: 15.01.2019жыл

Мұғалім: Ажинурова Б.

Тексерілді:




Қатысқандар саны:14

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

75:5 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу /Мүсін

Негізгі оқу мақсаты:

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар : кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін, әрқайсысы бөлгішке бөлінетін ыңғайлы қосылғыштардың қосындысын таңдап алу екенін түсінеді

Кейбір оқушылар :есептеу тәсілдері негізінде жатқан қасиеттің формуласын түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Кестеден тыс мына жағдайда: 75:5 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Есеп шығару кезіндегі мынадай 75:5 жағдайында қандай ережені қолдануға болады?

–Бірінші көбейткіш 75-ті қандай қосылғыштарға жіктеген ыңғайлы?

–Мынадай есептерді шығару үшін бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу кестесін жақсы меңгергеннің көмегі тие ме?



Пәнге қатысты терминология: қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, ыңғайлы қосылғыштардың қосындысы.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

Алдыңғы білім

Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, көбейту кестесі

Жоспар

Жоспарланған кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Басы

Жағымды психологиялық ахуал туғызу.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын, критерийлерімен таныстыру.

№1 тапсырма. Сурет қай жанрдың бағытында салынғанын анықта. Есепте. Жауабын тап. Балалар өрнектің мәнін табады, оны міндетті түрде оқып береді. Амалдар компоненттерінің атаулары қолданылады, санның кубы мен квадраты.

Сонымен қатар өткен 17 ∙ 5, 84 : 4 алгоритмдерді де қайталайды.



Есептеу біліктіліктерін жетілдіру мақсатында «Математикалық домино» ойынын ойнатылады. Оқушыларға сол жағында жауап жазылған, ал екінші жағында басқа мысал жазылған бір-бір карточкадан таратады. Балалар бірінші өрнекті оқиды, карточкасына сол өрнектің жауабы жазылған бала жауапты оқиды да келесі өрнекті оқиды және т.б. Балалар үшін мына төмендегі карточкаларды дайындалады:

16 : 2




36

9 · 5

64

5 · 6

30

5 · 5

54

8 · 7

8

25 : 5

25

18 : 3

9

6 · 6

56

7 · 6

63

8 · 8

5

18 : 2

6

9 · 6

42

3 · 3

9

24 : 6

45

7 · 7

49

9 · 9

81

9 · 7

4

18 : 9

2

7 · 4

28

7 · 3

21

4 · 4

16

5 · 7

35

32 : 4

8

8 · 5

40

21 : 3




7 · 9

63

13·10

130

9 · 0

Ойынды карточкасына 16 : 2 мысалы жазылған бала бастайды.




Ортасы

Барлық өткен жағдайлар көбейту мен бөлу қасиеттері, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу жайлы алған білімдерімен негізделген. Бұл жағдайда ыңғайлы қосылғыштарға жіктеу қажет.

№2 тапсырма бойынша түсіндіруге болады.

Видео проектормен жұмыс

Алгоритм құрастырылады.



Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Өздік жұмыс.

Баспадан шыққан дәптердегі тапсырманы орындау.



Тақтамен жұмыс

Санды тиімді қосылғыштардың қосындысына жікте. Есепте. Өзін-өзі тексеру үшін мысал беріледі:

84:7=(70+14):7=10+2=12

91:7=(70+21):7=10+3=13

56:4=(40+16):4=10+4=14

54:3= (30+24):3=10+8=18



Өткенмен жұмыс.

№5тапсырма топпен орындалады

№6 -7 тапсырма жұппен орындалады

Бұл тапсырмалар қалдықпен бөлуді бекітуге көмектеседі, көбейтудің үлестірімділік қасиеттері негізінде есептерді әртүрлі тәсілмен шығарады.

Бағалау «Мен сөйлеймін, енді сен сөйле» әдісі арқылы жүргізіледі

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

«Ыстық орындық» әдісі

Оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.






Соңы

Рефлексия жүргізу үшін қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма беріледі.

кестеден тыс ауызша бөлуді орындау;



  • қосындыны бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдануды.

Жетістіктер жолағында білім деңгейінің дәрежесі анықталады және үй жұмысы қорытындыланады .Үй тапсырмасы ретінде ұсынылған оқулықтағы №4 тапсырма – жаңа сабақты қайталауға арналған міндетті түрде орындалуы тиіс тапсырмалардың бірі.

. Біліктіліктерін арттыру үшін тапсырмалардың қалғанын үйде орындауға беру. Және де есепті шығаруда алғыр балалар шығармашылық деңгейлерін көрсетуді ұсынады. Сандардың орнына басқа сандарды қойып, үйде орындаңыздар.






Кері байланыс

«Білім қоржыны» әдісі




Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты ,

міндеттері орындалды ма?



2.Бүгін оқушылар не үйренді?



3.Қандай деңгейде өтті


4.Жоспарланған саралау

жақсы іске асты ма?




5.Тапсырмалар сәйкес болды ма?


6.Жоспарыма қандай өзгерістер

енгіздім және нені енгіздім






Қысқаша бағамдау:Қандай екі нəрсе ойдағыдай сəтті шықты (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1 .
2.



Қандай екі нəрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1.
2.



«Төменгі Пенжім орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ашық сабақ

Пәні: математика

Тақырыбы:96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу /Кескіндеме

Сыныбы:3 «А»

Мұғалімі: Ажинурова Б.

Мерзімі: 15.01.2019ж

2018-2019 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет