70) Хрущевтің «жылымығы» және оның Қазақстанға әсері (1954-1964 жж) 1953 ж. наурызында Сталин қайтыс болғаннан кейін елде билік үшін күрес күшейді.
Билікке талас негізінен консервативті және реформаторлық бағыттағы басшылар
арасында жүрді. 1953 ж. қыркүйегінде КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы
болып реформаторлық бағыттың басшысы Н.С. Хрущев тағайындалды.
50-жж. Орта шенінен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жоюға,
зандылықты қалпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралап іске асырылды. 1956
ж. ақпан айында өткен партияның XX съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты
айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру,
ішкі партиялық демократияны өрістету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды
құптады. Хрущев басқарған, тарихқа «жылымық» жылдары деген атпен енген 50-жж.
Екінші жартысынан былайғы кезде көптеген игі істер атқарылды.
71) Қазақстанда «Неміс автономиясын құру»кеңес үкіметінің идеологиясына Халықтың наразылығы.
Қазақстандағы неміс автономиясы — 1979 жылы Қазақ КСР аумағында Неміс
автономиялық облысын құру жөніндегі сәтсіз жоба. Ерментау қаласын автономияның
астанасы ету ұсынылды; автономияның ауданы 46 мың шаршы км, ал халқы 202 мың
адамды құрар еді. Автономияға Целиноград (Ерейментау), Қарағанды (Молодежный)
және Көкшетау (Уәлиханов) облыстарының бірқатар аудандарын қосу ұсынылды.
Автономияның басшысы Целиноград облысы Краснознаменск аудандық партия
комитетінің бірінші хатшысы, ұлты неміс Андрей Браун/А. Коркин болуы керек еді.
Түркістанда алғашқы немістер XVIII ғасырда пайда болды. Олар Ресей империясының
қызметінде болды. Ресей империясының немістердің Түркістанға жаппай шаруалар
иммиграциясы XIX ғасырдың 90-жылдарына сәйкес келеді. 1897 жылдың өзінде қазіргі
Қазақстан аумағында 2600 неміс өмір сүрді. 1939 жылы қазіргі Қазақстан аумағында 92
мың этникалық немістер өмір сүрді. Немістердің елді мекендері (Келлеровка,
Петерфельд, Мариенбург, Пруггерово) де пайда болды.