4. Атқа міну мәдениетінің қалыптасуы. Ат әбзелдері



бет1/14
Дата31.05.2023
өлшемі36,24 Kb.
#178094
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
jasalmagan suraqtar


4. Атқа міну мәдениетінің қалыптасуы. Ат әбзелдері.
Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруынасынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді.
Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.

Қазақтың ат әбзелдеріне

ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр,
қамшы және т.б. жатады.

15.Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.


Найман, керейіт, жалайыр тайпаларының негізгі мекендеген жері – Монғолияның орта және батыс аудандары. 10 ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастады. Найман мемлекетінің аты шыға бастағанкез – 12 ғасырдың екінші жартысы. Орталығы – Балықты қаласы. Инанч-білге ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Ол наймандар одағының басын қосып, мемлекетті күшейтті. Бұйрық пен Даян хандар тұсында мемлекет екіге бөлінді. Шыңғысханға қарсы қырғыз, меркіт, найман тайпалары бірігіп, 1201 жылы құрылтайға жиналады. Соғақ суаты деген жерде одақтастар Шыңғыс пен Ван хандардың әскерімен соғысып, ойсырай жеңіледі. Алтайдың оңтүстігіне жылжыған Бұйрық ханды Шыңғысхан әскері қолға түсіріп, жазалайды. Ал 1204 жылы Шыңғысхан Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны біржола жеңеді. Даян ханның баласы Күшлік Жетісуға қашып кетеді.
Керейіт тайпалары Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған.
Орталығы – Битөбе. Керейіт мемлекеті 10-12 ғасыр аралығында, Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында шарықтаған. 1202 жылы керейіттердің ханы Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейіттерді басып алады. Керейіттердің бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп орналасады. Тарихшы Рашид ад-Дин керейіттер туралы: “Монғол жеріндегі 9-13 ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел…Олар тек Шыңғысхан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған” деп жазды. Монғол мемлекетінде хатшылар керейіттерден болған.
Жалайырлар монғол жеріндегі Селенгі, Хилок өзендері және Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген. Шыңғысханның жалайыр тайпасының ішіндегі ең жақын адамы атақты ақын, шешен, батыр Мұқылай болған. Шыңғысхан өзіне көрсеткен адал қызметі үшін оған атақ беріп, сол қанатының түменін басқартқан. Жалайыр Жамұқа Шыңғысханның бірде андасы – серттескен ең жақын досы ретінде, ал бірде оның жансызы есебінде, бірде қас жауы ретінде көрсетіледі.

Найман, керейіт, жалайыр тайпаларындағы басқару ұлыстық жүйемен жүргізілді.


Найман, керейіт, жалайыр тайпаларында малдың басты түрі жылқы мен қой болған. Ал
керейіттерде жылқы өсіру басым болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет