Бөлімі:
|
4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
4.3. Тармақталған алгоритмдерді программалау
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін: алгоритмнің түрлерін біледі.
Оқушылардың көбі үшін: тармақталған алгоритмдерді құрастыру жолдарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерге мысалдар келтіреді.
|
Бағалау критерийлері
|
Алгоритмдердің түрлерін біледі.
Шартты алгоритмдерге мысалдар келтіреді.
Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерге мысалдар келтіреді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика мен терминология:
Егер → Если → If
Немесе → Или → Or
Енгізу → Ввод → Input
Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Алгоритмдердің қандай түрлерін білесің?
Сызықтық алгоритмдерге мысалдар келтір.
Қалай ойлайсың, сызықтық алгоритмдер көмегімен барлық есептерді программалау мүмкін бе? Себебін түсіндір.
Күнделікті тұрмыста орындайтын іс-әрекетімізге кедергі келтіретін шарттарға мысалдар келтір. Мысалы: егер таңертең күн жаңбырлы болмаса, таңғы жаттығуды аулада орындай ма?
Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерін қалай құрастыруға болады?
|
Құндылықтарға баулу
|
“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Ағылшын тілі, орыс тілі, математика.
|
Алдыңғы білім
|
Алгоритм және оның түрлерін біледі.
|