(Т) Талқылау
Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық талқылау жұмысы жүргізіледі.
|
1-тапсырма
Берілген a, b және c сандарының үлкенін табуға арналған программа кодына төмендегі сұрақтар бойынша талдау жүргізіңдер:
Программа коды:
a=int (input () )
b=int (input () )
c=int (input () )
max=a
if max < b:
max=b
if max < c:
max=c
print (max)
|
|
7-сынып оқулығы.
|
|
І топ: Программада үш санның үлкенін табу үшін қандай алгоритмге сүйенеді?
ІІ топ: Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымы қандай?
ІІІ топ: Программа кодын талдап, блоксхемасын құрастырыңдар.
|
Дескриптор:
Программада үш санның үлкенін табу үшін, қандай алгоритмге сүйенетінін айтады.
Программада қолданылған шарт тексеру операторының құрылымын түсіндіреді.
Программа кодын талдап, блоксхемасын құрастырады.
Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.
|
Бағалау: Топтар бір-бірін «Отшашу» әдісі
арқылы бағалайды.
|
|
|
(Ж) Жинақтау
Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құраңдар. Құрастырған тапсырмаларыңның шешу жолын көрсетіңдер.
|
Дескриптор:
- Шарт тексеру операторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының біріне пайдалануға бағытталған тапсырма мәтінін құрайды.
- Құрастырған тапсырманың шешу жолын көрсетеді.
|
|