5 мин.
|
Ұжымдық жұмыс Миға шабуыл әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Тармақталу алгоритмі қандай алгоритм?
Тармақталу алгоритміне күнделікті өзің орындайтын іс әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?
Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білесің?
Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін түсіндір.
|
Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.
|
|
|
Сабақтың ортасы
31 мин
|
Практикалық жұмыстар
(Ж) 1-тапсырма
К саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрастыр. Егер сан тақ болса экранға «1», әйтпесе «0» шықсын.
|
Дескриптор:
Берілген санның жұп екенін анықтайтын программа құрады.
Берілген санның тақ екенін анықтайтын программа құрады.
Берілген санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрып, экранға сан тақ болса «1» әйтпесе «0» шығарады.
|
Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.
|
7-сынып оқулығы.
Компьютер
|
|
|
(Ж) 2-тапсырма
В елосипедші v м/с жылдамдықпен қозғалса, s жолды t секундта жүріп өтеме, анықта. Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірі экранға шықсын. Деректедің енгізілу реті: v-жылдамдық, s-жол және t-уақыт.
Мысалы
|
Нәтиже
|
5 100 15
|
joq
|
10 800 90
|
ia
|
|
Дескриптор:
- Велосипедшінің жүріп өткен жолының жылдамдығын және уақытын анықтайды.
- Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірі экранға шығарады.
|
Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.
|
|
|
|
( Ж) 3-тапсырма
Қыста күн жылы болса, мұз үстінде хоккей ойнау мүмкін емес. 7-сынып оқушылары бүгін сабақтан соң хоккей ойнауды жоспарлауда. Мұғалім оқушыларға хоккей ойнау үшін соңғы үш күнгі тіркелген ауа райы температурасының ең кіші мәні t температурадан төмен болса ғана ойнаулары мүмкін екенін ескертті. Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай ала ма, соны анықта. Деректердің енгізілу реті: соңғы үш күндегі ауа-райының мәндері: a, b, c және t температура.
Мысалы
|
Нәтиже
|
-8 -10 -6 -5
|
ia
|
|
Дескриптор:
Деректердің енгізілу ретін дұрыс жазады.
Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай алатынын немесе ойнай алмайтынын анықтайды.
|
Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.
|
7-сынып оқулығы.
Компьютер
|
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Рефлексия
|
Сабақты бекіту
Мақсаты:
Сабақты қорытындылау.
|
1. «Басбармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек» - көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
|
Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағасы. «Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асады.
|
|
|
|
Үй тапсырмасы
Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала.
Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.
|
|