мемлекеттік биліктің құрамын құрастырады. Осы мемлекеттік билікке қоғамның барлық
мүшелері тегіс бағынады. Ал саяси билікте ондай өкілеттік болмайды. Мысалы,
саяси партия
саяси биліктің құрамында болғанымен саяси партиядан қоғам мүшелері тәуелсіз, партияға
бағынатындар әрбір партияның өз мүшелері ғана.
Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру.
Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мемлекеттік билік
саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның мүддесінен туындайды.Саяси билік
негізінен қоғамның,халықтың қалауына байланысты қалыптасатын тарихи үрдіс.Мемлекеттік
биліктің заңды болуы оның
легитимдігімен
, халықтың мойындауымен анықталады.
Саяси биліктің легитидігі жөнінде ғалымдар ерте заманнан бастап-ақ әртүрлі пікірлер
айтып, тұжырымдамалар жасаған.Солардың негізгілеріне тоқтала кетейік.
Конфуций легитимді билік өз халқына қайырымды билік түрі екеніне, халықтың
сенімінсіз мемлекет өмір сүре алмайтынына назар аударады. Ол мемлекет басқаруда халыққа
қатаң жаза қолдану мен қатаң билік жүргізуге қарсы шығып, алдымен халықты ашықтырмау,
оқыту және адамгершілікке баулу қажеттігін айтады. Ел басқарушы қоғамның әрбір мүшесінің
өз міндеті мен құқығын жүзеге асыруына жағдай жасауы керектігін
және әрбір жеке адам
қоғамда өз міндетін атқаруға тиіс екенін ескертеді.
Конфуций қоғамдағы тәртіп пен адамгершілікті маңызды санап, мемлекет
қызметкерлерінің ролін жоғары бағалайды. Оның пікірінше, билік иелері – билік жүргізу
құқына адамгершілік, білімділік, тәртіптілік, халыққа қайырымдылық қасиеттері арқылы жетуі
тиіс. Платонның пікірінше, легитимді билік, ол халық қалайтын, таңдап алатын билік - дана
философтар басқарған мемлекет, себебі ақиқат білімді меңгеру
сол таңдаулы адамдардың
қолында.
Ол мемлекетті басқарудың тимократия, олигархия, тирания түрлеріне қарсы, тіпті
демократияны да қаламайды, себебі билікті қоғамның шағын тобы иемденіп кетуі мүмкін деп
есептейді
Оның ойынша, легитимді билік - полития, себебі ол осы үш принципті қамтиды.
Легитимді емес билік үстемдігінен арылу жолын мемлекттегі орташа таптың қалыптасып,
дамуымен түсіндіреді.
Цицеронның ойынша, легитимді билік - әртүрлі мемлекеттік басқару түрінің өзара
араласуы, қосылуы. Мысалы, монархиялық, аристократиялық және демократиялық билік
түрлерінің бірігуі. Биліктің осылай біріккен түрі бәрінен де тиімді (монархия –
қайырымдылықтың, аристократия – ақылдың, демократия –
еркіндіктің белгісі болып
саналады).
Әль – Фараби Платонның мемлекет туралы ілімін, Аристотельдің этикалық ілімін негізге
алып легитимді билік ол қайырымды қала (мемлекет) деген қорытынды жасайды. Оның
ойынша, қайырымды қала басшысы барлық ізгі қасиеттердің (білім, даналық, батылдық, ар-ұят)
иесі болып табылады.
Ибн-Халдун – мұсылмандық Шығысқа аты әйгілі ғалым. Оның биліктің легитимділігі
туралы ойларында елбасының билік сипаты өз халқының билікті адамгершілік тұрғысынан
мойындауына байланысты екеніне ерекше көңіл бөледі. Өзінің «Муккадина» атты трактатында
халықтың қалауындағы билік - халифат билігі, себебі халифат - әділеттілікке, сенімге,
мұсылман құқықтарына негізделген халықтың «өз» билігі деп түсіндіреді.
Томас Гоббс биліктің легитимділігі туралы ойларын қысқа түрде:
«ешкімнен ештеңені тартып алуға болмайды, егер ол нәрсе сол адамдікі болса» деп
баяндайды. Өзінің «Левиафан» атты еңбегінде қоғамдағы анықтаушы негіз адамға
жаратылысынан берілетін «табиғи құқығы», ал өкімет адамның осы құқығын мүлтіксіз қорғауы
қажет екенін көрсетеді. Оның пікірінше, адам табиғаты, жаратылысы
кезкелген мемлекеттік
биліктен жоғары, сондықтан ашық қоғамдағы билік құрушылар өз азаматтары.
Н.Макиавелли «Тақсыр» атты еңбегінде «халық қалауы қандай өкімет, қандай өкіметті
легитимді санауға болады: қатаң, қатыгез билік пе, әлде адамгершілік ұстанымын сақтап
барлық тәртіп бұзушылыққа төзімді өкімет пе?» деген сұрақтар қойды. Автордың пікірінше,
бұл аталған билік түрлерінің ешқайсысы легитимді емес. Себебі халық қалауы бойынша
легитимді өкімет деп тану мемлекетті адамгершілік, әділеттілік заңына ғана сүйеніп басқару
жолы. Н.Макиавелли адамгершілік тұрғысынан көрінуі үшін
қылмыскерлерді жазасыз
қалдыратын билікті қатты сынайды.Себебі тәртіп бұзушылар саны күрт өсіп халық арасындағы
берекесіздікке, мемлекеттің құлдырауына жеткізсе, автордың ойынша, бұл өкіметтің өзі
қылмыскер. Н.Макиавеллидің пікірінше, ең маңызды саяси мәселе - мемлекеттің беріктілігі,
біртұтастығы және қоғамның игілігі болуы тиіс, сондықтан осы мақсаттардың орындалуы үшін
барлық саяси әдіс, құрал қолданылуы қажет. Міне, Макиавеллидің осы пікірлері негізінде,
жоғарыда атап көрсеткеніміздей «макиавеллизм» термині қалыптасты. Ал бұл қағидадан саясат
пен адамгершілік (этика) бір-біріне қарсы немесе бірінен-бірі жоғары деген қортынды
шықпайды. Н. Макиавеллидің түсінігінше,
аталған әдіс, құрал мемлекетті сақтау, қоғамдағы
тұрақтылықты орнату үшін қолданылатын мемлекеттік саяси іс-қимыл, қызмет түрі. Сондықтан
Н.Макиавелли мемлекеттік заңдылық пен толық жариялылық негізінде мемлекеттік жазалау,
күш қолдану әдістері, құралдары - саяси қажеттілік деп санады.
Ш.Монтескье биліктің легитимді болуының нақты шарты ретінде мемлекеттегі құқық
мәртебесінің жоғары болуын жүзеге асыруды ұсынды. Оның ойынша, саяси билікті жеке
басының мүддесіне пайдалану адамның табиғи жаратылысынан берілген қасиет. Сондықтан
билік иелерін, мемлекет қызметкерлерін заң арқылы тежеп ұстау қажет. Билікті бақылаушы,
әділетті атқарушы саяси күш табыла ма? – деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабын Ш.
Монтескье саяси білімдердің ұлы жетістігі болып саналатын
мемлекет билігін бөлу
теориясында берді. Бұл теорияның бастауы болып ежелден қалыптасқан Аристотельдің,
Цицероннның , Аквинскийдің және Локктың мемлекетті аралас басқару түрі туралы идеялары
саналады. Билікті бөлу теориясында билік заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып
бөлінеді, нәтижесінде биліктің осы түрлері бір-бірін өзара тежеп бақылауда ұстайды.
Дж. Локк өкіметтің легитимді болуын мемлекеттегі тепе-теңдік принципінің сақталуымен
түсіндірді, бұл билік пен құқықтың бір-біріне сәйкес келуі. Оның ойынша, өкіметтің легитимді
болуы адамдардың өз еркімен табиғи құқықтарынан бас тартуы арқылы қоғамдық келісімге
келуіне байланысты. Ал қоғамдық келісім негізінде құрылған мемлекет өз кезегінде адамның
табиғи құқығын қорғайды; ал тұлға мемлекеттен жоғары тұрса ол қоғамда легитимді өкімет
құру мүмкіндігі толық жеткілікті.
Хайек Фридрих фон Август австриялық экономист және саясаттанушы, философ. Оның
пікірінше, өкімет билігінің легитимді болуы тоталитаризмде мүмкін емес,
себебі бұл саяси
режимде өкімет қоғамды бір ғана бағдарлама негізінде басқарады, ал осы жағдайда әрбір жеке
адамның белсенділігі төмендеп өз қаблетін іске асыруға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Бұл
жеке адамның ішкі наразылығын күшейтіп, қоғамда конформизмнің орнығуына әкеледі.
Тоталитаризм қоғамдағы моралдық құндылықтардың төмендеуіне және экономиканың
күйреуіне соқтырады.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін
айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария).
Біріншісі,
Достарыңызбен бөлісу: