-
билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай
орнатылуы. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде
белгілі бір мезгілге
халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндіктің болуы тиіс;
-
мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Сонымен,
легитимді
билік
туралы
ойшылдардың,
саясаттанушы
ғалымдардың
тұжырымдамаларын қорытындыласақ, барлық мемлекеттік билік саяси билік болып табылады,
бірақ барлық саяси билік мемлекеттік билік бола алмайды. Поляк саясаттанушысы Ежи Вятр
атап көрсеткендей, саяси билік – әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың түрі, ал
мемлекеттік билік арнайы мекемелер арқылы жүзеге асырылатын билік түрі.
Саяси және мемлекеттік биліктің ара қатынасы билікті бөлу ұсынымына сәйкес болуы
қажет. Әсіресе мемлекеттік биліктің легитимді болуына бірінші
кепілдеме - шын мәніндегі
халық қолдайтын конституция. Мысалы, бұрынғы кеңестік кезеңде мемлекеттік билік саяси
биліктің қалыптасуына тыйым салып, саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің
негізі болды. Саяси ұйымдар мен саяси партиялардың өздігінше дамуына жол берілмеді. Билік
түгелдей
бір орталыққа топтастырылды, әлеуметтік бастамалар көтеру, шешімдер қабылдау,
халықтың шынайы еркін білдіретін қозғалыстар қудаланды және бәрі де қатал
орталықтандырылды. Бұл жетпіс жыл бойы қуатты мемлекеттердің
бірі болған Кеңес
Одағының тоқырауға ұшырауының негізгі себебі болды. Кейбір саясаттанушылар “биліктің
ешқандай да түрі керек емес, қоғам өзімен-өзі биліксіз өмір сүре береді” деген де пікірлер
айтады. Бұл анархизм идеологиясы. Бұл жолдың да болашағы жоқ,
себебі бұл қағидалар
қоғамды ретсіздікке, жаппай тәртіпсіздікке соқтыру мүмкін.
Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдерде биліктің орталықтануы мен
шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық азаматтардың өкімет шешімдерін қабылдауға
араласуына, билікке қатысуын қалайды. Содан да болар, қоғамның қарқынды дамуына жағдай
жасалып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып
жүрген мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және т.б.
биліктің түрлері легитимді деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: