бұл аталған билік түрлерінің ешқайсысы легитимді емес. Себебі халық қалауы бойынша
легитимді өкімет деп тану мемлекетті адамгершілік, әділеттілік заңына ғана сүйеніп басқару
жолы. Н.Макиавелли адамгершілік тұрғысынан көрінуі үшін қылмыскерлерді жазасыз
қалдыратын билікті қатты сынайды.Себебі тәртіп бұзушылар саны күрт өсіп халық арасындағы
берекесіздікке, мемлекеттің құлдырауына жеткізсе, автордың ойынша, бұл өкіметтің өзі
қылмыскер. Н.Макиавеллидің пікірінше, ең маңызды саяси мәселе - мемлекеттің беріктілігі,
біртұтастығы және қоғамның игілігі болуы тиіс, сондықтан осы мақсаттардың орындалуы үшін
барлық саяси әдіс, құрал қолданылуы қажет. Міне, Макиавеллидің осы пікірлері негізінде,
жоғарыда атап көрсеткеніміздей «макиавеллизм» термині қалыптасты. Ал бұл қағидадан саясат
пен адамгершілік (этика) бір-біріне қарсы немесе бірінен-бірі жоғары деген қортынды
шықпайды. Н. Макиавеллидің түсінігінше, аталған әдіс, құрал мемлекетті сақтау, қоғамдағы
тұрақтылықты орнату үшін қолданылатын мемлекеттік саяси іс-қимыл, қызмет түрі. Сондықтан
Н.Макиавелли мемлекеттік заңдылық пен толық жариялылық негізінде мемлекеттік жазалау,
күш қолдану әдістері, құралдары - саяси қажеттілік деп санады.
Ш.Монтескье биліктің легитимді болуының нақты шарты ретінде мемлекеттегі құқық
мәртебесінің жоғары болуын жүзеге асыруды ұсынды. Оның ойынша, саяси билікті жеке
басының мүддесіне пайдалану адамның табиғи жаратылысынан берілген қасиет. Сондықтан
билік иелерін, мемлекет қызметкерлерін заң арқылы тежеп ұстау қажет. Билікті бақылаушы,
әділетті атқарушы саяси күш табыла ма? – деген сұрақ туындайды. Бұл сұрақтың жауабын Ш.
Монтескье саяси білімдердің ұлы жетістігі болып саналатын мемлекет билігін бөлу
теориясында берді. Бұл теорияның бастауы болып ежелден қалыптасқан Аристотельдің,
Цицероннның , Аквинскийдің және Локктың мемлекетті аралас басқару түрі туралы идеялары
саналады. Билікті бөлу теориясында билік заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып
бөлінеді, нәтижесінде биліктің осы түрлері бір-бірін өзара тежеп бақылауда ұстайды.
Дж. Локк өкіметтің легитимді болуын мемлекеттегі тепе-теңдік принципінің сақталуымен
түсіндірді, бұл билік пен құқықтың бір-біріне сәйкес келуі. Оның ойынша, өкіметтің легитимді
болуы адамдардың өз еркімен табиғи құқықтарынан бас тартуы арқылы қоғамдық келісімге
келуіне байланысты. Ал қоғамдық келісім негізінде құрылған мемлекет өз кезегінде адамның
табиғи құқығын қорғайды; ал тұлға мемлекеттен жоғары тұрса ол қоғамда легитимді өкімет
құру мүмкіндігі толық жеткілікті.
Хайек Фридрих фон Август австриялық экономист және саясаттанушы, философ. Оның
пікірінше, өкімет билігінің легитимді болуы тоталитаризмде мүмкін емес, себебі бұл саяси
режимде өкімет қоғамды бір ғана бағдарлама негізінде басқарады, ал осы жағдайда әрбір жеке
адамның белсенділігі төмендеп өз қаблетін іске асыруға ешқандай мүмкіндік берілмейді. Бұл
жеке адамның ішкі наразылығын күшейтіп, қоғамда конформизмнің орнығуына әкеледі.
Тоталитаризм қоғамдағы моралдық құндылықтардың төмендеуіне және экономиканың
күйреуіне соқтырады.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси биліктің) үш түрін
айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария).
Біріншісі,
Достарыңызбен бөлісу: