4 Дәріс (4 апта) Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата05.06.2023
өлшемі444,62 Kb.
#178298
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4 Lektsiya

қаталдық пен жазаны 
ажырата білуге үйретті. Билеуші қатал, мейірімсіз болмауы 
керек, бірақ қажет болған жағдайда жазалауды ешбір ұмытпауы тиісті. Италиялық ұлы 
саясаттанушы “саяси билік ол қайырымдылықтың ойыны емес, арзан бедел үшін қамқорлық 
жасау емес, ол заңның әділеттілігімен елді басқару”деп үйретті. 
Саяси билік проблемасындағы ғалымдардың ғасырлар бойы көңіл аударған мәселесі – 
билік пен бостандықтың ара қатынасы. Билік қоғамға тәртіп орнату үшін қажет. Бірақ тәртіпті 
нығайтамын деп билік өте қатал болып мейірімсіздікке барса – халықтың, азаматтардың 
еркіндігіне зиян келуі сөзсіз. Ал осы екі жақты үйлестірудің жолы қандай? 
Бұл мәселенің үлкен астары бар. Ғалымдардың бірнеше ғасырлар бойы ой пікірлерін, 
ұсыныстарын жинақтай келіп, саясаттану ғылымы мынадай тұжырымдама жасайды: 
азаматтардың бостандығына, еркіндігіне, құқығына зиян, қиянат келтіретін биліктің 
шоғырлануы, топталуы - бұл мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара тәуелділік қарым-
қатынас тәртібінің бұзылуы. Неғұрлым билік шоғырланған, топталынған түрде болса, соғұрлым 
бостандыққа шек қойылады, қысым жасалады. Сол себепті саяси билік проблемаларын 
зерттеудегі ойшылдардың, ғалымдардың мақсаты - билікті бөлу және бөлісу жолдарын 
қарастыру, яғни билікті бірнеше тармаққа бөліп орналастыру. Бұл жөніндегі ғалымдардың 
ілімдері XVIII ғасырдан бастап саяси өмірге енгізіле бастады. 
Саяси билікті бөлу теориясының негізін салушылар Джон Локк пен Шарль Монтескье 
болды. 
Ағылшын ғалымы Джон Локк саяси билік проблемасымен байланысты “Мемлекет 
басқару туралы екі трактат” деген еңбегінде демократияшыл саяси жүйе ойдағыдай қызмет 
атқаруы үшін мемлекеттік билікті екі тармаққа бөлуді ұсынды: заң шығарушы және атқарушы 
билік. Ғалымның ойынша бұл жүйенің негізгі қызметі бір-біріне бақылаушылық (теңгергіштік) 
міндетін атқарып, зорлық-зомбылыққа, заңсыздыққа жол бермеу. Бірақ Локктың шешпеген бір 
мәселесі – егер осы екі биліктің арасында шиеленіс пайда болса, қандай күш, төреші (арбитр) 
міндетін атқару керек? 
Осы сұраққа толық жауап берген және билікті бөлу теориясының негізін қалаушы – 
француз ғалымы Шарль Луи Монтескье болды. Оның билік проблемасына байланысты 
жазылған шығармалары: “Заңдардың рухы”, “Парсылық хаттар”, “Римдіктердің ұлылығы мен 
құлауы туралы ойлар”. 
Ш.Монтескье “Заңдардың рухы” еңбегінде зерттеудің өзегі етіп демократияны ұсынып 
демократиялық әділеттік арқылы мемлекеттік билік қалыптастырудың жолын көрсетті. Ол өмір 
сүрген кезеңде дүние жүзінде мемлекет басқарудың бір ғана түрі-- монархия болды. Бұндай 
саяси режимде халық өкілдерінің билікке келуі, әрине, мүмкін болған жоқ. Сол себептен ғалым 
биліктің бұл түрін болашақсыз деп тұжырымдайды. Ш.Монтескьенің қазіргі кезеңде бүкіл 
әлемге әйгілі болған осы еңбегін оқығанда ғалым өз ойларын бүгінгі күні айтып отырған адамға 
ұқсайды. Яғни, демократиялық қоғамның болашағын бірнеше ғасыр бұрын болжағаны 
байқалады. 
Ғалым мемлекет басшысын халық сайлауы керек деген ойға келеді. Бірақ ондай елбасы 
жалғыз-ақ адам болатын болса, оның билігін кім бақылайды, кім шектейді? Ол шексіз билікті өз 
қолына түсіріп халыққа зорлық-зомбылық жасап, жауыздыққа баруы да мүмкін ғой. 
Ал «билікке бақылау жүргізуді халыққа тапсырса, мемлекетте тәртіпсіздік басталып
ереуілдер, көтерілістер көбейіп кетуі мүмкін» деп қорытындылайды «Заңдардың рухының» 
авторы. Сөйтіп, француз ғалымы билікке бақылау қажет, бірақ ол міндеттен халықты босату 
керек деген шешімге тоқтайды. «Бұдан мемлекеттік билікке қалайша бақылау орнатуға 


болады?» - деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа Ш.Монтескьенің берген жауабы – саяси билікті 
үш тармаққа бөлу принципі мен биліктің үш тармағының бір-біріне тежемелік, тепе-теңдік 
жүйені пайдалану арқылы бақылау жасауы болды. 
Ұлы ғалымның билікті бөлу теориясы бойынша алдымен билікке халықтың қатысуы және 
көпшіліктің қолдауымен Конституцияның қабылдануы керек. Конституцияда биліктің 
тармақтарының ара қатынасы бекітіледі. Мемлекет билігі - заң шығарушы, атқарушы және сот 
билігі тармақтарына бөлініп, олардың бір-біріне тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану 
арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. 
Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш тармағының бірі үстемдік жасап, 
заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің басқа бір тармағы оған тойтарыс беру мүмкіншілігі 
бар (Конституция бойынша дауысқа салу арқылы). 
Ш.Монтескье билікті бөлу теориясын аяқтап болғаннан кейін саяхатқа шығып Еуропа 
елдерін аралайды. Мақсаты: өз ілімін басқа да мемлекеттерге ұсыну болатын. Бірақ ешбір 
жерде оны ешкім дұрыс түсінбеді. Әрине, бұл таңғаларлық жай емес болатын. Себебі, бүкіл 
әлемде монархия шарықтап тұрған кезеңде Монтескьенің ойлап шығарғанындай мемлекеттік 
биліктің жаңа, күрделі түрін бірден қабылдау оңай емес болатын. Нәтижесінде өз ілімін «іске 
аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен ғалым дүние салады. 
Бірақ кейін іс жүзінде Ш.Монтескье ілімінің тағдыры басқаша шешілді. Бір топ ғалымдар 
сол уақыттың өзінде ғалымның осы теориясымен танысып жатыпты. Олар сол уақытта 
«дүниежүзінің шекарасынан тыс мекендеушілер» деп саналатын американдықтар еді. 
Ш.Монтескье қайтыс болғаннан кейін 32 жыл өткесін, яғни 1787 жылы Америка Құрама 
Штаттары өзінің Конституциясын қабылдады. Француздың ұлы ғалымының саяси билікті бөлу 
теориясы осы Конституцияға толығымен енгізілді. Содан кейін саяси биліктің осы жүйесі басқа 
елдерге де кеңінен тарай бастады. 
Ш.Монтескьенің бұл теориясының жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасы 
Конституциясында да өзіне тән орын алды. Ол Қазақстан Конституциясындағы 3-бап, 4-бапша: 
«Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң 
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік 
жүйесін пайдалану арқылы,өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады». 
Американдықтар «Ш.Монтескьеге алтын ескерткіш қоятын уақыт әлдеқашан келді» деп 
есептейді. Себебі ұлы ғалымның саяси билікті реттеу арқылы, мемлекеттік билікке бақылау 
жасау идеясы әлемнің көптеген мемлекеттерін сан алуан шиеленістерден, революциялардан, 
азаматтық соғыстардан аман сақтап қалды және болашақта да ғалымның бұл теориясы адамзат 
игілігіне қызмет етеді. Монтескьенің бұл теориясы саяси билікті бөлу барысындағы алғашқы 
қадам болатын. Келешекте биліктің төртінші тармағы, бесінші, алтыншы басқа да көптеген 
тармақтарының саяси өмірде орын алуы күмәнсіз екенін қазіргі өркениеттік даму бағыты 
көрсетіп отыр. Шарль Монтескьенің ғылымдағы орны Исаак Ньютон, Джордано Бруно, 
Николай Коперник, Дмитрий Менделеев, Альберт Эйнштейн тағы басқа ғұлама ғалымдардың 
қатарында тұр. Егер Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын ойлап тапса, ал Монтескье бүкіл 
дүниежүзілік саяси өмірде айрықша орын алып отырған демократияның заңдылықтарын ашты. 
Саяси биліктің мазмұны мемлекеттік биліктен де кеңірек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет