Сабақ Тақырып 3 Абай Құнанбайұлы тағылымдарының даналығы Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену
Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан-жақты әлеуметтік қарым - қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен “Адам бол!” - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” деп рухани-адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, «адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады -деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени- этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. ” Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды» - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді.
Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетінигіліктеріне:
сезім;
сана,
ой;
Тыныштық қуаты - жүректе, келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде.
Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде;
Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу;
Биік қүндылыгы: жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік; бостандық; бірігу идеясы; азаттық; даналық; ақыл, өнер, бедел ;
таза өмірдің бастауы, адамгершілікті өрбітетін бұл адам бойындағы келесі қасиеттер: адамшылық, адалдық, әділеттілік, білімділік, еңбекқорлық, терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б. жатады.
Ал осыадамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізетін адамбойындагы негізгі қасиеттер: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпыстық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық т.б. бөліп көрсетеді.
Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығын әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл- парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз жеткізуге болады
Абай ұғымына адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады...» әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады.
Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Мораль адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде немесе адамзат индивидуумы дамуында, яғни филогенез бен онтогенезде пайда болады. Оған адамзат “Мені” қалыптасуының екі сатысы ықпал етеді: а) адамның әлеммен тұтастығын білдіретін, “Біз” феноменінен көрінетін адамның әлем мен өзге адамдардан ажырамастығын, дүниетаным бірлігін білдіретін культ (табыну) сатысы; ә) адам әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формаларды іріктеуді білдіретін культура (мәдениет) сатысы [9]. Абай бүкіл шығармашылық күш-қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды.
Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі дүниесіне үңілуге өзін-өзі тануға шақырады.
Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі.