Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан-өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші кыры болмақ. Үшінші кыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы.
Төртінші қыры - байқағыштық сезімі және көрегендігі.
Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы.
Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалықәдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті - сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бакылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі сипатқа ие бояп отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалык белгісі.
Мұғалім- Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды, Мұғалімнің беделді болуының шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек.
Педагогикалық техника - мұғалімнің өздерінін жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.
Педагогикалық қабілеттілік - мұғалімнің педагогикалық іс- әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке- дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының корытынды жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін И, А. Зязюн мынадай критерийлерді белгілеген:
мақсатқа лайықтылығы (бағытталғандығына қарай)
өнімділігі (нәтижесіне қарай білімдік, тәрбиеленгендік дәрежесі)
оптимальдылығы (әдістерді, құралдарды тандауына қарай )
шығармашылығы (іс-әрекеттің мазұнына қарай)
Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін қалыптастыру қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін дамытудың мазмұнды сұраныстары және даярлық жүйесіндегі сәйкес мазмұнды (қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі кәсіби - шығармашылық дамыту мұғалімнің өзіне маңызды және шығармашылықпен қабылданған сыртқы факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып табылады. Ол мұғалімнің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда (шығармашылық пен ой-өріс осы үрдісте үдету тәсілдері ретінде пайданылады.