Мұғалімнің кәсіби білімі - мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін- өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға уйрету;
оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық:
балаларды сүйе білу ізгіліктік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;
баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;
балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік пен өзіне өзі сенім;
оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;
педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу.
Педагог тұлгасының арнайы қасиеттері мен сапалары:
әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық);
рефлсксивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық,өзіндік, сыншылдык, білімпаздық);
коммуникативтілік сапа (шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя біліушілік, міндеттілік);
эмпатиялық сапа (өзіндік түсіністік, қайырымдылық, түсінушілік, кайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік).
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген сенімділігін, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімнің міндеті, олар:
ақпараттық (біліктер: ақпараттық қабылдау, жинау, таңдау,жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу);
зерттеу (біліктер: проблема туғызу, мақсатты, міндетті, пәнді, обьектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау,бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т.б.);
интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат кою ой жүгірте алу)
креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу, негізін бөліп алу, алдын ала білу, жаңаша түрленді
диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.б);
болжау (біліктер: мақсат кою, акырғы нәтижені болжау, ( болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулержасау және т.б.);
коммуникативті (біліктер: байланыс орнату, акпараттарды алмастыру, вербальды және вербальды емес карым-қатынас, өзара әрекеттік жасау және т.б);
аксиологиялық (біліктер: обьект пен бақылау формаларын таңдау, параметрді тандау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру, өін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.б.);
басқару (біліктер: ұйымдастыра басқару, ынталандыру, мақсат қою, болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау);
жобалау (мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу, ұйымдастыру, технологияландыру);
инновациялық (мәліметтер жинау, ой жүгіртулер арқылы бағалау, кадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу).
Достарыңызбен бөлісу: |