Технико-технологиялық карталар Технико-технологиялық карталарды (ТТК) жаңа және фирмалық тағамдар мен аспаздық өнімдерге – тек осы кәсіпорында өндірілетін және өткізілетін таағамдарға құрастырылады. ТТК әрекет ету мерзімін кәсіпорынның өзі анықтайды. ТТк мына бөлімдерден тұрады:
Өнім аталуы мен ТТК қолдану саласы. Тағамның нақты аталуын (бекітпей өзгертуге болмайды) көрсетеді; бұл тағамды өндіру мен өткізу құқығы бар кәсіпорындар (филиалдар) тізімін келтіреді.
Шикізат сапасына қойылатын талаптар. Міндетті түрде осы тағамның шикізат, тағам өнімдері, жартылай фабрикаттарды нормативті құжаттарға сәйкестігі және сапа куәлігі немесе сертификаттары бар туралы жазба жасайды.
Брутто және нетто массамен шикізатты салу нормасы, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің шығымы нормасы.
Технологиялық үрдісті сипаттау. Бұл үрдістің толық сипаттамасын , тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін суық және жылулық өңдеу тәртібін береді, қолданылатын тағамдық қоспалар, бояғыштар және т.б. келтіріледі.