4 дәріс. Педагогикалық менеджмент принциптері


Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру және ізгілендіру



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі27,77 Kb.
#118266
1   2   3
Байланысты:
ББМ-Дәріс -4- Педагогикалық менеджменттің принциптері-2021.

2. Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру және ізгілендіру
Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру және ізгілендіру келесіде» нақты принциптерді жүзеге асыруды көздейді:
1. Адамға құрметпен және сенімділікпен қарау принципі:
- адамның жеке басын құрметтеу;
- тұлғаға таңдау еркіндігін беру;
- өзара сыйласымдық негізінде сенімділік білдіру;
- адамға шамадан тыс талап қоймау;
- адам мүмкіндіктерінің ашылуына, бастамашылдықтың дамуына жағдай жасау;
- әркімнің жетістіктерін, оқу орнындағы жеке үлесін көтермелеу.
2. Бірыңғай көзқарас принципі:
- әріптестермен «басқарушы және басқарылушы» емес, «адам және адам» қарым-қатынас жүйесін орнату;
- қызметкерлердің рухани әлемін, талпыныстарын түсіне білу;
- жұмыста өткізген уақыттың қуаныш пен қанағаттану сезімін әкелуіне барлық мүмкіндіктер жасау;
- әріптестермен бейресми жағдайларда кездесіп тұру.
3. Өзара әрекеттестік принципі:
- қызметкерлердің жеке сапаларын білу және ескеру;
- әріптестердің бастамашылдығын, құзыреттілігін және жауапкершілігін бағалау;
- педагогикалық тұрғыдан тиімді кез келген бастамаға ұқыптылықпен қарау.
4. Әлеуметтік әділеттілік принципі:
- оқытушылар арасында оқу жүктемесін ғана емес, қоғамдық жұмыстарды да теңдей бөліп тарату;
- әкімшілік қызметі туралы ұжымға жүйелі түрде ақпарат беріп тұру;
- педагог еңбегінің жетістіктері мен оны қоғамның қабылдауы арасында сәйкестік орнату.
5. Тұлғаға бағыттылық принципі:
- әрбір оқушының жұмыс жүйесін терең зерттеу;
- жүйелі түрде сабақтарға, тәрбие шараларына қатысу және педагогикалық талдаудың сапасын арттыру;
- әрбір оқытушыға шығармашылық деңгейде жұмыс жасауға мүмкіндік жасау;
- оқытушылардың өздеріне деген кәсіби сенімділігін арттыру;
- педагогтардың кәсіби шеберлік деңгейін біртіндеп көтеру;
- педагогикалық ұжым мүшелерінің өткінші эмоциялық жағдайларын ескеру және түзету;
- әрбір оқытушыға жеке мақсаттар мен міндеттер белгілеу.
6. Оқытушылық қызметті белгілеу, жетілдіру принципі:

  • оқытушылардың біліктілігін арттыру ісін үнемі қадағаалау;

  • жеке пәндерді оқыту (тәрбие шараларын өткізу) әдістемесі тұралы дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырып тұру;

  • оқытушылармен қазіргі және келешектегі кәсіби қажеттіліктер тұралы кеңестер өткізіп тұру.

7. Жекеше ынталандыру принципі:
- моральдық және материалдық сеп-түрткілерді (стимул) әділетті қолдану;
- ұтымды ойластырылған сеп-түрткілер жүйесін пайдалану. Сыпайылық, езу тарту, сезімталдық қарым-қатынас – сыйлық бергеннен де күшті септүрткілер екендігін есте сақтау.
8. Бірыңғай мәртебе принципі:
- педагогикалық процесс субъектілерінің барлығы (мектеп қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар) атқаратын қызметіне қатыссыз теңдей демократиялық жағдайларда болуы тиіс.
9. Консенсус принципі:
- мәселелерді қарау және шешім қабылдау барысында ұжым мүшелерінің пікірін объективті бағалау; - Өз пікірін ұжым мүшелерінің көпшілігі дұрыс қабылдайтындай етіп анық және дәлелді жеткізу;
т- Теріс (қате) көзқарастарға логикалық талдау жасау, қайшылықтарды анықтау.
10. Ұжыммен бірлесіп шешім қабылдау принципі:
-маңызды, перспективалық және стратегиялық мәселелер бойынша
ұжымдық шешім қабылдау;
-мМаңызды шешімдер қабылдауда, оны орындаушыларды белсенді қатыстыру.
11. Әріптестерді басқару ісіне тарту және өкілеттілік беру принципі:
- әріптестерді басқару ісіне тек олардың ниеті бойынша қатыстыру;
- әріптестерді басқаруға қатыстыру барысында міндетті түрде олардың жеке ерекшеліктерін есепке алу;
- әріптестердің басқаруға қатысуды өзіне сенімділік арту ретінде қабылдауына қол жеткізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет