3
Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
Тарих қалай жазылады?
ХХ ғасырда бұл көзқарас жазбаша мәдениеті жоқ халықтардың ауызекі мәдениетін зерттеу арқылы
расталды. Этнологтар ауызша дәстүрдің әлдеқайда тұрақты болуы мүмкін екенін анықтады, себебі ол қатаң
ережелерге сүйенеді. Әрине, ауызекі халық шығармашылығының туындыларын пайдалану үлкен сақтық
пен терең талдауды талап етеді. Дегенмен, жазбаша дереккөздерді шеттеместен, барлық дереккөздерге
осындай көзқараспен қарау - ең дұрысы.
Дереккөздер шеңберін кеңейтудің шешуші факторы тарихи ғылымның өзгеруі , яғни, оның тақырыбын
қайта анықтау және ғылыми зерттеулер әдістерін жетілдіру болды. Тарихшылар тек саяси оқиғалармен
айналысқан кездетек заңнамалық актілерге, дипломатиялық құжаттарға және т.б көңіл бөлген болатын.
Кейіннен экономикалық өмірді зерттеу үшін - әр түрлі тұрмыстық құжаттарға, рухани өмір суретін
қалпына келтіру үшін - әдебиет пен өнер туындыларына, күнделікті өмір тарихын зерделеу үшін -
тұрмыстық заттарға, киімге және т.б. заттарға жүгінулеріне тура келді.
Қазіргі заманғы тарихи білімде дереккөздерге деген иерархиялық көзқарас қайта қаралды.
Өз заманының мәдени мағынасы бар бөлігін айшықтайтын кез келген тарихи куәлік дереккөз ретінде
қарала алады. Әр түрлі дерекөздер - жазбаша да, жазбаша емес те( ауызша таралатын) тарихшымен
белгілі бір мәтін сияқты «оқыла» алады. Мәтіннің әр элементінің маңызы дереккөз жасалған тарихи-
мәдени контекстке байланысты. Зерттеушінің міндеті –идеялар мен оқиғалар туралы ақпарат алу және
белгілі бір жағдайдың, заттың, сөздің сол заман адамдары үшін қандай мағынаға ие болғандығы туралы
сұраққа жауап беру. Өткеннің құндылық жүйесін түсінуге әрекет деп осы аталады.
Тарихшы дереккөзден қандай ақпарат алатындығы тікелей осы көзді қандай сұрақтар қоя отырып
зерттеуді бастайтындағына байланысты. Дереккөз «өзі үшін сөйлемейді». Бір нәрсе тарихшы нақты сұрақ
қойған жағдайда ғана куәлік бола алады. Бір құжатты зерттеу мәселесіне байланысты түрлі жолдармен
«оқуға» болады. Дереккөздің соңғы оқылуы жоқ. Бұдан басқа, әрбір зерттеуші дәлелдерді өзінше түсінеді,
түсіндіреді, идеялар мен құндылықтар жүйесіне қосады, өз міндеттеріне бағындырады. Түсіндірудің
шектеушісі - тек тарихи мамандықтың ережелері мен нормалары.
Достарыңызбен бөлісу: