Оқиға және факт Оқиға және факт - маңызды тарихи санаттар. Олар қарапайым болып көрінгенмен де, оларға анықтама
беру өте қиын. Тарихшылардың тарихи оқиғалар мен фактілердің табиғаты мен маңызы туралы
пікірталастары XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап жалғасып келеді.
Тарихи оқиға зерттеушінің назарында. Тарихты жиі оқиғаларға қатыстылығына байланысты түсінеді.
Сөздіктерде тарихтың келесідей анықтамаларын кездестіруге болады:
• оқиғалардың жүйелі реттелген баяндамасы;
• өткен оқиғаларды белгілейтін және түсіндіретін білім саласы.
Ежелгі уақыттан бері тарих «resgestae»– айтулы саяси оқиғалар туралы баяндау ретінде қабылданып
келді.
Қазіргі қоғамда тарихшының міндеті өткен оқиғаларды шынайы сипаттау және түсіндіру болып
табылады деген идея кеңінен таралған.
Тарихи ілімде оқиғаны түсіндірудің түрлі жолдары бар . Оларды шартты түрде реалистік және
конструктивистікдеп бөлуге болады.
Неғұрлым кең тараған реалистік түсініктеме бойынша, өткенде орын алғанның барлығы өзгеріссіз
және дереккөздерде қамтылған.
Сондықтан да, оқиғалар тарихшы үшін «шикізат» болып табылады. Зерттеушінің жұмысы өткен
оқиғаларға қатысты материалды ұсынудың дұрыстығына байланысты бағаланады.
Конструктивтік түсіндіруді қолдайтындар оқиғалардың зерттеушіден тәуелсіз бола алмайтындығын
айтады. Дереккөздермен жұмыс жасайтын тарихшыболған жағдай туралы қорытынды жасайды, оқиғаның
зияткерлік құрылысын жасайды. Осылайша, оқиға белгілі бір дәрежеде тарихшының туындысы ретінде
қарастырылуы мүмкін. Зерттеуші алдында айқын, ашық тұрған нәрсені сипаттамайды. Бірақ ол өткен
жайттың жеке фактілерін топтастыруға мүмкіндік беретін оқиғаны «құрастырады». Солай тарихшы
дереккөздердің куәлігіне мағына береді.
XX ғасырдың ортасында өмір сүрген американдық философ Луи Минк адамдардың өткен оқиғалардың
барлық шынайы кейпін әшкерелейтін қандай да бір «айтылмаған оқиға» бар екендігі туралы жазды.
Тарихшылардан оның фрагменттерін ашып, оқиғалардың шынайы жүзін жаңғыртуы күтіледі. Алайда,
бұл сезім алдамшы, өйткені айтылмаған әңгіме болмайды, себебі, тарихтың өзі бір әңгіме. Бұрынғы
оқиғалар тарихшыға тікелей қолжетімді емес. Олар туралы тарихшы әр түрлі дереккөздерден біледі..
Жаңартылған оқиғаның сыртқы түрі мен құрылымы оның шынайы сипатына емес, бұл оқиға енгізілген
тарихи- әдеби тұрғыға тәуелді. Оқиғалардың «ауқымы» тарихшының көзқарасы мен ол жұмыс істейтін
жанрға байланысты.