Кітап:
Дәріс:
Тарих
ғылымының тарихы
Тарих қалай жазылады?
2
Дәрістің жоспары:
1. Тарих қалай жазылады? Тарихи дереккөз
2.. Оқиға және факт (2 тарау)
Дәрістің маңызды идеялары:
Тарих - оқиғалардың жүйелі реттелген баяндамасы, өткен оқиғаларды
белгілейтін және түсіндіретін білім саласы.
Тарихшы әлеуметтік өмірдің, қоғамның нақты уақыт кезеңінде, нақты жағдайларда және нақты жерде
өмір сүруінің ерекшеліктерін анықтайды. Оның назарында ылғи болатын өткеннің куәсі – тарихи дереккөз.
Фактілер тарихқа
объективті, дәлелді, ғылыми тәртіптің мәртебесін береді. Өз кезегінде, тарихшының іс-
әрекетінсіз факт өз мағынасын жоғалтады.
Дәрістің маңызды цитаталары:
«Тарих – адам жайлы,
адамзаттың өткені жайлы ғылым, заттар
немесе құбылыстар жайлы ғылым емес. Дегенмен де, оны уағыздайтын адамдарсыз ой тіршілік ете ала
ма?Тек бір ғана тарих бар –
Адам тарихы, ең кең мағынадағы тарих та осы» Люсьен Февр.
« ...адамдардың өткен оқиғалардың барлық шынайы кейпін әшкерелейтін қандай да бір «айтылмаған
оқиға» бар». Луи Минк.
«..фактілер тарихшылардың мақсаттарына сәйкес қалыптастырылып, тұжырымдалады». Бенедетто
Крес.
Кітаптың 2 тарауы ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген француз тарихшысы Люсьен Феврдың
«Тарих – адам жайлы, адамзаттың өткені жайлы ғылым, заттар немесе құбылыстар жайлы ғылым емес.
Дегенмен де, оны уағыздайтын адамдарсыз ой тіршілік ете ала ма? Тек бір ғана тарих бар – Адам тарихы,
ең кең мағынадағы тарих та осы» деген сөздерінен басталады. Л. Феврдың сөздерінде тарихтың ғылым
ретінде негізгі түйіні жатыр.
Кең мағынада тарих өткендегі болған жайттар жайлы байланысқан баяндауды білдіреді. Тарихшылар,
қай уақыт пен дәуірде өмір сүретіндігінге
қарамастан, есте сақтауға тұрарлықтай ақпаратты жинап,
сараптайды. Авторлар тиісті мәдениетте, өткенде орын алған жайттар туралы баяндау қандай болуы керек
деген көзқарас туралы, оның қандай ережелерге бағынатындығы, оқырманға қандай мәдени құндылықтар
туралы мәлімдейтіндігі және тарихи жұмыстардың мақсаттары туралы әртүрлі идеяларды басшылыққа
алады. Кез келген тарихи жанрдағы мәтінде негізгі ой, сюжет және кейіпкерлер бар. Өз әңгімесін
сөзбен баяндағанда, автор белгілі бір баяндау тілін таңдайды. Тарихи хаттың
осы элементтерінің бәрі
тарихшының мәдениетін сипаттайды және тарихи білім тарихындағы мамандармен зерттеле алады.