4 дәріс тезистері ТҰтас педагогикалық процесс жоспар



бет2/3
Дата15.02.2022
өлшемі28,56 Kb.
#131914
1   2   3
Байланысты:
№4 дәріс

Бағыттар

Мазмұны

Өкілдер

Тәрбие мен оқытудың тұтастығы



Білім беру мазмұнының тәрбиелік мүмкіншіліктері



З.И.Васильева, В.С.Ильин, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.

Тәрбиелеуші ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру

М.Д.Виноградова, И.Б.Первин және т.б.

Оқыту процесіне тәрбие жұмысының формаларын енгізу

В.М.Коротов және т.б.



Тәрбие мен оқытудың тұтастығы ғана емес, сонымен бірге «жеке»
тәрбиелік әсер етулердің тұтастығы

Көптеген кішігірім
жүйелердің орнына, жалғыз ғана тұтас тәрбиелік жүйені құру.



Б.Т.Лихачев, В.М.Коротов,
Ю.П.Сокольник және т.б.



Педагогтер мен оқушылардың
өзара әрекетінің сипаты



Екі түрлі қарым-қатынастың
тұтастығы: мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың өзара қатынасы

Н.Д.Хмель және т.б.



«Басқару алгоритмдерінің»
және «қызмет ету алгоритмдерінің» тұтастығы

В.П.Беспалько және т.б.



Педагог әрекеті

Педагогикалық процестің нәтижесін диагностикалаудың, жоспарлаудың, ұйымдастырудың,
реттеудің, бақылаудың
және бағалаудың
тұтастығы

Л.Ф.Спирин, М.Л.Фрумкин
және т.б.



Педагогикалық процестің тұтастығы мәселесіне көптеген көзқарастардың болуы педагогикалық процестің күрделілігінен туындап отыр. Сонымен, кейінгі кезеңдерде айқындалған педагогикалық процестің мәні мен оның біртұтастығы мәселесін қарастырайық.


Педагогикалық процесс – оқушы тұлғасының жағдайын өзгертуге бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді әрекетінің негізіндегі өзара әрекеттесу процесі (Б.Т.Лихачев).
Педагогикалық процесс – белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға өзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын өзара әрекеттесу процесі (И.П.Подласый).
Тұтас педагогикалық процесс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі (Н.Д.Хмель - Қазақстанда тұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым).
Сонымен, тұтас педагогикалық процесс – ол мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады.
Тұтастық – ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Тұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.
Тұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері – мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық – тұтас педагогикалық процесс әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжанады.
Екіжақтылық – процестің нәтижесінің тиімділігі мұғалім мен оқушының әрекеттерінің өзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты.
Тұтастық – процестің нәтижелілігі оның аясында іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.
Тұтас педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті.
Мақсат біртұтас педагогикалық процестің жүйе құраушы компоненті болып табылады, өйткені мақсатқа байланысты процестің мазмұны және оны іске асырудың формалары мен әдіс-тәсілдері таңдалады.
Тұтас педагогикалық процестің дамуы, алға жылжуы объективті және субективті қарама-қайшылықтарды шешуге байланысты, яғни тұтас педагогикалық процестің қозғаушы күші - қарама-қайшылықтар.
Қарама-қайшылықтар екіге бөлінеді: объективті қарама-қайшылықтар, субъективті қарама-қайшылықтар.
Объективті қарама-қайшылықтарға жатады:
- тәрбиеленушілердің шынайы мүмкіндіктерінің қоғам талаптарына сай болмауы (бірақ егер талаптар тым жоғары немесе тым төмен болса, олар оқушының дамуын қамтамасыз етпейді);
- баланың белсенді-әрекетік табиғаты мен оның өмір сүруінің әлеуметтік-педагогикалық жағдаймен сай болмауы (яғни баланың дамуына сай жағдайдың ұйымдастырылмауы);
- қоғамдық өмірдің күрделілігі мен баланың оларды түсінуге тәжірибесінің аздығы арасындағы қайшылық;
- ақпараттың қарқынды ағылуы мен педагогикалық процестің мүмкіншіліктері арасындағы қайшылық;
- қоғам қажеттіліктері мен тұлғаның қажеттіліктері арасындағы қайшылық және т.б.
Субъективті қарама-қайшылықтарға жатады:
- тұлғаның тұтастығы бағытталған педагогикалық процестің біржақтылығы арасында (яғни
педагогикалық процестің оқытушылық сипатта болуы, ал тұлғаны жан-жақты қалыптастыру үшін тәрбие мен оқытудың тұтастығын қамтамасыз ету керек);
- тұлға дамуының дербес шығармашылық процесі мен педагогикалық процесті бұқаралық-репродуктивті арасындағы қайшылық;
- тұлғаның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық пәндердің ролінің өсуі мен педагогикалық процесті технократизациялау арасындағы қайшылық және т.б.
4. Педагогикалық өзара әрекеттесу педагогикалық процестің негізгі сипатамасы болып табылады. Ол «субъект-субъектілік қатынастармен» сипатталады, яғни мұғалім де, оқушы да педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып табылады, бір-біріне әсер етеді.
Педагогикалық өзара әрекеттесу, «субъект-объектілік қатынастармен» сипатталатын педагогикалық әсер етуден әлдеқайда кең ұғым.
Педагогикалық өзара әрекеттесу өзіне келесі өзара әрекеттесулерді қамтиды: «оқушы - оқушы», «оқушы - ұжым», «оқушы - мұғалім», «оқушы –меңгеру объектісі». Педагогикалық процестің негізгі қатынас, ол «педагогикалық әрекет – тәрбиеленуші әрекеті». Осы процестің нәтижесін анықтайтын негізгі қатынас «оқушы – меңгеру обектісі». «Оқушы – мұғалім қатынасы» мұғалімнің оқушының белсенді әрекетін басқаруымен сипатталады, оның барысында оқушы әрекет тәсілдерін меңгере отырып, оның тұлғасы өзгеріске ұшырайды, яғни дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет