Азоттың оттекті қосылыстары. Азот оттекпен бес түрлі оксидтер түзеді: N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5.
N2O – түссіз, жағымды иісті газ, аммоний нитратын айыру арқылы алынады.
NO – ауада электр разряды кезінде, зертханада мыс пен сұйытылған азот қышқылы әрекеттескенде түзіледі. Бұл оксид түссіз, иіссіз, суда нашар еритін, тұз түзбейтін оксид. Ауада тез тотығып NO2-ге айналады.
N2O3 – натрий нитриті мен сұйытылған күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін көкшіл түсті сұйық. Бұл оксидке азотты қышқыл HNO2 сәйкес келеді және ол өте тұрақсыз. Азотты қышқылға оның тұздары – нитриттер сәйкес келеді. Нитриттер әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыштар.
NO2 – қызыл-қоңыр түсті улы газ. Оны зертханада ауыр металдардың нитраттарын қыздырып ыдырату арқылы немесе мыс пен концентрлі азот қышқылының әрекеттесуінен алады. NO2 суда ерігенде азот және азотты қышқылдардың қоспасы түзіледі.