4 Диплом алды практика


Сұйық отын өндіретін зауыттар (жоспарланып отырған немесе салынып жатқан) Cynar PLC



бет4/6
Дата31.05.2022
өлшемі418,27 Kb.
#145645
түріДиплом
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Практика отчет

Сұйық отын өндіретін зауыттар (жоспарланып отырған немесе салынып жатқан) Cynar PLC: технология пластиктің пиролизіне қоса пиролиздан шыққан мұнайдың бірнеше сұйық отын түріне дистилляция болып табылады. Cynar-дың Portlaoise, Ирландияда бір жұмыс істеп жатқан демонстрациялық зауыт бар. Бристоль, Ұлыбританияда пластмассаның жылдық қуаты 6.000 тонна құрайтын алғашқы коммерциялық зауыты 2013 жылдың қазанында пайдаланып басталды. Екінші коммерциялық зауыт Альмерия, Испанияда салынып жатыр. Cynar-дың деректеріне сүйенсек, шамамен 1000 литр пайдалануға жарамды сұйық отын көлемі пластиктің әрбір тоннасынан өндіруге болады.

  • Эдмонтонның қатты затты қалпына келтіруден алынған отынмен (RDF) отындалған қалдықтарды этанолға айналдыру зауытының (Enerkem-процесс) аяқтау мерзімі бастапқыда 2010 жылға жоспарланған. Фронтальді жүйелерді пайдалану 2013 жылдың желтоқсанында басталды, және Enerkem содан кейін бастапқы метанол өндірісін 2014 жыл ішінде күтті. Зауыт Эдмонтон, Альберта, Канадада орналасқан.

  • Миссисипи қалдықтарды этанолға айналдыру зауытының (Enerkem-процесс) бастапқыда 2013 жылы аяқталуы жоспарланған. Зауыт Pontotoc, Миссисипи, АҚШ-та салынады. 2014 жылдың ақпан айында әлі даму үстінде болды.

  • Плазмалық газдандыру қалдықтарды энергияға айналдыру зауыттары АҚШ-тың Әуе Күштерін Тасымалдау Плазмалы Қалдықтарды энергияға айналдыру Жүйесі (TPWES) объекті (PyroGenesis технологиясы) Hurlburt Field, Флоридада орналасқан.

  • Пиролиз жабдықтарының өндірушілері:

  • Green Light энергетикалық шешімдер корпорациясы

  • Үлкен зауыттармен қатар, тұрмыстық қалдықтарды энергияға айналдыру пештері де бар. Мысалы, refuge de Sarenne-нің тұрмыстық қалдықтарды энергияға айналдыру зауыты бар. Ол Stirling моторды ағаш отынмен жұмыс істейтін газдандыру қазанын біріктіру арқылы жүзеге асырылады.


Қауіпті тұрмыстық қалдықтар
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қауіпті тұрмыстық қалдықтардың қалыптасу және оларды халықтан жинау көлемін қандай да бір есепке алу жүргізілмейді. Бұған медицина мекемелерінде жиналатын медициналық қалдықтарды есепке алудың қатысы жоқ.
Дегенмен, қауіпті қалдықтар, әдетте, халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан жиналатын ТҚҚ-ның жалпы массасының шамамен 1%-ын құрайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Осы Бағдарламада бұл мәнді келешекте бағалау жүргізу үшін негіз ретінде қабылдауға болады.
Пайдаланылған батареялар мен аккумуляторлар.
Қазақстанда қауіпті тұрмыстық қалдықтардың осы түрін жинау мен арнайы өңдеудің қандай да бір орталықтандырылған жүйесі жоқ. Атап айтқанда, кез келген үлгідегі пайдаланылған аккумуляторлар мен батареяларды кәдеге жарату үшін өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігінің жүйесі құрылмаған, бұл көбінесе, тиісті нормативтік құқықтық базаның болмауына байланысты.
Осылайша, қалдықтардың бұл түрі, негізінен, ТҚҚ-ның ортақ легімен жиналады және қазіргі полигондарға не үйінділерге көмуге түседі.
Алайда, пайдаланылған автомобиль (қорғасын) аккумуляторларын жинайтын реттелмейтін стихиялы нарық бар. Бұл ретте жиналған аккумуляторлар бейберекет тәсілмен, көбінесе еңбек пен денсаулықты қорғау қағидалары бұзыла отырып өңделеді және кейіннен түсті металдардың бөліп алынған құнды фракциялары қайта балқытуға түседі.
Пайдаланылған электр жабдығы мен электронды жабдық.
Қауіпті қалдықтардың бұл түрінде орын алған жағдай жалпы пайдаланылған аккумуляторлар мен батареяларда байқалып отырған жағдайға ұқсас. Сондай-ақ электр аспаптары мен тұрмыстық техниканың жекелеген түрлерін қабылдау және бейберекет өңдеу бойынша шектеулі стихиялы нарық бар, негізінен оның мақсаты – түсті және қымбат бағалы металдарды алу. Өндірушілер мен өнім берушілердің жабдық пен техниканы кәдеге жарату үшін кеңейтілген жауапкершілігінің жүйесі жолға қойылмаған.
Құрамында сынап бар қалдықтар (люминесцентті лампалар мен термометрлер).
Құрамында сынап бар қалдықтардың өз ерекшелігі бар. Атап айтсақ, кейіннен қайта өңдеу (демеркуризация) мақсатында ұйымдар мен мекемелерде құрамында сынап бар (люминесцентті) лампаларды және медицина мекемелерінде сынапты термометрлерді жинау жүйесі жолға қойылған. Сонымен бірге Қазақстанда құрамында сынап бар қалдықтарды өңдейтін және/немесе қайта өңдейтін кемінде 16 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде 8 кәсіпорын демеркуризациямен айналысады.
Алайда, халықтан құрамында сынап бар қалдықтарды жинау жүйесі жоқ, оның бір себебі – тиісті нормативтік құқықтық базаның, сондай-ақ осы қалдықтарды қабылдау пункттерінің болмауында. Осылайша, бұл қалдықтар халықтан ТҚҚ-ның жалпы легіне түседі.
Медициналық және ветеринариялық қалдықтар.
Жоғарыда атап өтілгендей, қалдықтардың осы түрін есепке алу, жинау және кейіннен өңдеу жүйесі медициналық және ветеринариялық мекемелер үшін ғана жолға қойылған. Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында. Алайда, халықтан медициналық және ветеринариялық қалдықтарды жинау жүйесі жоқ, оған тиісті нормативтік құқықтық базаның, сондай-ақ осы қалдықтарды қабылдау пункттерінің болмауы себеп болып отыр. Осылайша, бұл қалдықтар халықтан ТҚҚ-ның жалпы легіне түседі.
Тұрмыстық химия қалдықтары.
Халық үшін де, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін де тұрмыстық қауіпті қалдықтардың бұл түрін жинау мен кәдеге жаратудың жолға қойылған жүйесі жоқ. Мұнда да осы қалдықтарды жинауды, өңдеуді (жоюды) және көмуді регламенттейтін нормативтік құқықтық база жоқ. Соның салдарынан тұрмыстық химияның бұл қалдықтары ТҚҚ-ның жалпы легіне түседі.
Құрамында асбест бар қалдықтар.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қалдықтардың осы түріне қатысты өзгерістер болып жатыр. Атап айтқанда, нормативтік құқықтық базаға құрамында асбест бар қалдықтарды есепке алуға қойылатын талаптарды қатаңдататын және оны регламенттейтін өзгерістер енгізілуде. Алайда, бұл қалдықтарды жинау және өңдеу не көму тұрғысынан елеулі өзгерістер әлі бола қойған жоқ. Атап айтқанда, бұл қалдықтарды бөлек жинау және уақытша сақтау жүйесі жолға қойылмаған, оларды есепке алу жүргізілмейді және оларды өңдеу не көму үшін арнайы объектілер жоқ.
Қауіпті қалдықтарды жинау мен көму жүйесінің түйінді проблемалары.
Жоғарыда баяндалғанды қорытындылай келе, тұрмыстық қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу саласында қазіргі кезде мынадай түйінді проблемаларды бөліп көрсетуге болады:
тұрмыстық қауіпті қалдықтарды есепке алу жүйесінің болмауы;
бөлек жинаудың жолға қойылған жүйесінің мүлдем дерлік болмауы;
құрамында сынап бар тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда, қауіпті тұрмыстық қалдықтарды өңдеу не жою жөніндегі кәсіпорындар мен объектілердің болмауы;
қауіпті тұрмыстық қалдықтарды көметін арнайы объектілердің болмауы;
есепке алу, жинау, өңдеу, жою және көму саласындағы нормативтік құқықтық базаның дамымауы;
пайдаланылған қауіпті тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін өндірушілер мен өнім берушілердің кеңейтілген жауапкершілігінің болмауы.
Басқа тұрмыстық қалдықтар.
Қауіпті тұрмыстық қалдықтар сияқты, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында басқа тұрмыстық қалдықтардың қалыптасу және оны халықтан жинау көлемін қандай да бір есепке алу жүргізілмейді. Құрылыс қалдықтары мен ірі габаритті қалдықтар халықтан, кәсіпорындар мен ұйымдардан жиналатын ТҚҚ-ның жалпы массасының шамамен 5%-ын құрайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Осы Бағдарламаның мақсаттары үшін бұл мәнді кейіннен бағалау жүргізу үшін негіз ретінде қабылдауға болады.
Тұтастай алғанда, қалдықтардың бұл түрін бөлек жинау жүйесі жолға қойылмағанын атап өтуге болады, атап айтқанда, халықтан мұндай қалдықтарды жинайтын орталықтандырылған пункттер жоқ. Сондай-ақ оларды қайта өңдейтін арнайы кәсіпорындар да жоқ.
Төменде басқа тұрмыстық қалдықтардың әрбір түрі үшін бөлек-бөлек ағымдағы жағдайдың ерекшеліктері қысқаша келтірілген.
Құрылыс қалдықтары. Ерекшеліктері жоқ.
Ірі габаритті қалдықтар. Басқа тұрмыстық қалдықтардың бұл түрі үшін жинаудың шектеулі стихиялы нарығы бар, оның мақсаты – құнды құрамдас бөліктерін (мысалы, ескі жиһаздан сүректі) алу.
Кәдеге жаратылуға тиіс автомобильдер
ҚР Жол комитетінің деректері бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 5,2 млн жеңіл автокөлік, 620 мың жүк автокөлігі, 110 мың автобус тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуымен бірге автомобиль паркі де ұлғайып келеді, пайдаланылған автомобильдердің де саны артып келеді.
Қазіргі уақытта пайдаланылған автомобильдерді қайта өңдеуге қойылатын талаптар заңнамалық тұрғыдан реттелмейді. Пайдаланылған автомобильдерді қайта өңдеу жөніндегі ресми кәсіпорындар жоқ. Сонымен қатар, басқа тұрмыстық қалдықтардың осы түрін металл сынықтары ретінде қабылдайтын шектеулі стихиялы нарық бар.
Пайдаланылған автомобиль шиналары
Автомобиль паркінің өсуі жаңа қалдықтардың, оның ішінде тозған шиналардың қалыптасуына әкеп соқтыратыны сөзсіз. Облыстардың аумақтарында тозған шиналар әртүрлі көлемде жинақталған, бұлар қазіргі уақытта қалдықтар пайда болған жерлерде, стихиялы үйінділерде ашық және жабық тәсілдермен сақталады.
2012 жылы "Қалдықтар. Автокөлік шиналары. Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары" атты Қазақстан Республикасының 2187-2012 ҚР СТ ұлттық стандарты қабылданды, онда қалдықтарды сақтаудың, тасымалдаудың, кәдеге жаратудың және өңдеуді нақты тәртібі айқындалған.
Қазақстанда басқа тұрмыстық қалдықтардың осы түрін қайта өңдеу жөнінде инфрақұрылым бар. Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында тозған шиналар мен резеңке-техникалық қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Сонымен қатар, пайдаланылған автомобиль шиналарының көпшілігі санкцияланбай өртеледі және полигондарға көміледі.
Тозған шиналарды регенерат, құрылыс мақсатындағы және техникалық мақсаттағы материалдар өндірісі үшін қайталама шикізат ретінде пайдалану үлесін ұлғайту қажет.
Сарқынды суларды өңдеуден қалған қалдықтар
Басқа тұрмыстық қалдықтардың бұл түрі өзінің қалыптасу табиғаты жағынан жоғарыда қарастырылған ТҚҚ түрлерінің бәрінен өзгешеленеді. Өзгеше айтқанда, бұл қалдықтар өнеркәсіптік қалдықтар санатына жатқызылады, өйткені елді мекендердің кәріздік тазарту құрылыстарында (бұдан әрі – КТҚ) тұрмыстық сарқынды суларды тазарту процесінде пайда болады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тұрғысынан КТҚ-дан шығатын қалдықтардың екі түрі қызығушылық тудырады: бастапқы тұндырғыштарда жиналатын органикалық фракция және аэротенктерден алынатын пайдаланылған активті тұнба.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бұл қалдықтар өңделмейді. Бұл Шымкент қаласына қатысты емес, мұндағы кәсіпорындардың бірінде өзгелерімен қатар КТҚ шөгіндісін анаэробты ыдырататын қондырғы салу көзделетін инвестициялық жоба іске асырылуда.
Су-кәріз секторының басқа кәсіпорындарына КТҚ-дан шыққан қалдықтар не шөгіндіні кептіруге және сақтауға арналған арнайы алаңдарға (тұнба алаңдары) жинақталатын, не кейіннен тыңайтқыш ретінде пайдалану үшін жеке және заңды тұлғаларға сатылатын практика тән. Кәдеге жаратудың соңғы тәсілі заңды болып табылмайтынын атап өту керек, өйткені санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес КТҚ-дан алынған шөгіндіні техникалық дақылдар мен жем-шөп дақылдарын өсіру үшін ғана тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады. Алайда, су-кәріз секторының кәсіпорындарында КТҚ-дан алынған шөгіндінің соңғы пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі жоқ.
Сонымен қатар, МБӨ технологияларын, яғни биогаз өндіру және кейіннен "жасыл" электр энергиясын өндіру мақсатында анаэробты ыдырату технологияларын пайдаланатын ТҚҚ өңдеу жөніндегі зауыттарда КТҚ-дан алынған қалдықтардың органикалық фракцияларын өңдеу әлеуеті бар. КТҚ-дан алынған қалдықтарды кәдеге жаратудың осы тәсілі жөніндегі ұсыныстар осы Бағдарламаның келесі бөлімдерінде сипатталған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында КТҚ-дан алынған қалдықтардың органикалық фракцияларының қалыптасу көлемі туралы деректер жоқ, өйткені оларды есепке алу және бақылау жүйесі тиісінше жолға қойылмаған.
Басқа тұрмыстық қалдықтарды жинау мен кәдеге жарату жүйесінің түйінді проблемалары қауіпті тұрмыстық қалдықтардың проблемасына ұқсас. Атап айтқанда, осы қалдықтардың қалыптасу көлемін есепке алу жүйесі жоқ, оларды бөлек жинау жолға қойылмаған, оларды қайта өңдеу жөніндегі қуаттар жоқ, осы салада құқықтық реттеу жолға қойылмаған және соңғысы, басқа тұрмыстық қалдықтарды, атап айтқанда қаптама материалдарын кәдеге жарату үшін өндірушілер мен өнім берушілердің кеңейтілген жауапкершілігінің жүйесі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет