Жеңіл атлетканың даму проблемасының өзектілігі.
Жеңіл атлетика денешынықтыру тәрбиесі жүйесіндегі спорттың негізгі түрлерінің бірі. Жеңіл атлетикамен милиондаған адамдар айналысады. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың әр түрлілігі және жүгіру мен жүрудегі лақтыру мен секірудегі жүктемені орындау көптеген мүмкіндіктер береді.
Мектептерде дене тәрбиесі мұғалімдері оқушыларға дене жаттығуларын үйрету мен бірге балаларды физикалық жақтан жан-жақты тәрбиелейді. Мұғалімнің негізгі міндеті: оқушылардың денсаулығын нығайту үшін әртүрлі әдістерді қолданып балалардың денесін дамыту және жоғары дәрежелі еңбек әдістерін үйретуден тұрады. Ол әр оқушының дамуының өзгешеліктерін, ерік сапасын, ақылдылық өзгешеліктерін есепке алып, сабақ кезінде оқушылардың іскерлігін дұрыс ұйымдастырып отырады.
Дене тәрбиесі сабағы кезінде оқушыларға бағдарламада берілген теориялық мағұлматтар хабарланады. Мазмұны бойынша бұл мағұлматтар төмендегі негіздерді басшылыққа алады:
адамдардың жан-жақты дамуы үшін дене жаттығуларының маңызы;
оқушыларға ата-бабаларымыздың және ұлы ғалымдардың дене тәрбиесіне, жалпы тәрбиеге деген көзқарастары;
дене тәрбиесінің көмегінде қалайынша дене сымбатын, салауаттылықты жақсартуға және ақыл іскерлігін дамытуға болатыны. Оқушыларға таңертеңгі гимнастиканың, дем алу жаттығуларының. жүзудің, жүгірудің маңызы тусіндіріледі.
Нақты мысалдар арқылы әлем, Республика көлеміне белгілі спортшылар туралы және олардың спорт жолындағы жетістіктері туралы әңгімелер өткізіп ынталарын ояту жұмыстары жургізіледі.
1. Гигиеналық білім туралы, жұмыс істеу және дем алу
тәртібі, тамақ, киім гигиенасы туралы түсінік беріледі.
Жеке күрестерде, топтық ойындардағы әрекет техникаларын және тактикаларын қолдану, сайыс ережелері туралы түсінік береді.
2. Сабақ және жаттықтырулар кезінде дене дайындығы күшті, шыдамдылықты, шапшаңдықты дамыту және дене
жұмыстарын, жаттығуларды орындау әдістері
туралы түсінік береді [16].
Оқушыларға дене тәрбиесі туралы білімін қалыптастыру арқылы олардың ақыл-ойының дамуына әсер жасалады.
Белсенді әрекет іскерлігін барлық уақыт адам миының функционалдық дамуына әсерін тигізеді, оқушылардың іскерлігін жоғарылатады. Жаңа жаттығуға үйрену уақытында ақыл іскерлігі бұлшық ет іскерлігіне қарағанда белсенді болады. Сондықтан дене тәрбие сабағы уақытында мұғалімнің тапсырмасын ойланып, түсініп орындауға, үйретуге көңіл бөлінеді.
Дене тәрбие сабағының негізгі міндеттерінің бірі - бұл оқушыларда дене тәрбие және спортқа, әрекет мүшелерінің анатомиясына, әрекет іскерлігінің физиологиясына тұрақты кызығушылықтарын тәрбиелеу.
Әсіресе дене тәрбие және спорт мәселелері бойынша қызықты мағлұматтарды таңдап алу ақпаратына көбірек көңіл аудару керек. Ал сабақтың уақыты аз болуына байланысты ақпарат материалдардың қабырға газеті түрінде спорт сарайларында іліп қойған жөн. Сабақ уақытында мүмкіншілігі болғанша кинобағдарламалардың бейне таспаларын көрсетіп түсіндірген дүрыс.
Дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі міндеті, оқушының мінез-құлқының, қалыптасуына, адамдарға жақсы қатынаста және сабаққа саналы түрде қатысып маңыздылығын қалыптастыру, сонымен бірге, оларды Отанды сүюшілікке тәрбиелей отырып патриоттық рух беру. Оқушылардың шыдамдылық, шешім қабылдау, ерік сапасын қорықпай әрекет ету дағдыларын тәрбиелеуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар көлемі мен қиыншылығы бойынша орындай алатын болуы тиіс. Көпшілік болып жаттығуды орындаған уақытта оқушылардың ережені дұрыс сақтауын, бір-біріне қатынасын, басқа оқушылар алдында жауапкершілігінің жоғары болуын бақылау қажет. Әрине сонымен бірге мұғалім барлық уақытта оқушылар алдында әрқашан үлгі болып көрінуі тиіс. Сондықтан мұғалім өзін-өзі барлық уақытта бақылап жүруі керек. Оқушылармен өз-ара қарым-қатынасты жоғары педагогикалық этиканы орынды пайдалануына отырып бәріне теңдей мейірімді қатынаста болуы тиіс. Сонымен қатар талап қоюшылық, өзінің шешіміне сенімді болып, талаптарын іске асыра алуы керек.
Оқушылардың өзіндік шешімдерін, ұсыныстарын дұрыс бағалай алуы керек. Ол үшін мұғалім жоғары дәрежелі (деңгейлі) білікті маман болуы тиіс.
Балаларға өзінше әрекет етуге, ойлап шешуге мүмкіншілік беру керек. Бұл оларда саналылықты, белсенділікті, өзін-өзі жетілдіруді тәрбиелейді. Тәжірибелі мұғалімдер барлық оқушыларды ойын басшысы, төрелік ету және тағы басқа қоғамдық жұмыстарға басшылық етіп және берілген тапсырмалар мен қоғамдық жұмыстарды үлкен жаукапкершілік пен ұқыптылықпен орындауларын талап етуі керек [17].
Оқушыларды Қазақстан Республикасы спортшыларының дүниежүзілік Халықаралық олимпиада ойыны жарыстарында қол жеткізген табыстарымен таныстыру арқылы мұғалім оларға ерлікті, табандылықты, достықты, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.
Дене тәрбисі сабағы оқушыларға еңбекті сүюді, еңбек етуді үйрететін пән. Әсіресе дене тәрбие сабағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне жақсы әсерін тигізеді. Оқушылардың дене құрылысы мен сымбатын, әрекет координациясын, қозғалыстарын жеңіл және әдемі орындауға тәрбиелейді. Сондықтан мұғалім оқушылардың жан-жақты дамуына әсер ететін жаттығуларды, амалдарды, әдістерді таңдап қолдануы қажет.
Жеңіл атлетикалық лақтыруды орындау тәсіліне байланысты, ол екі түрге бөлінеді:
бастан асырып лақтыру (найза мен гранат)
бұрылып лақтыру (табақша (диск), балға)
Лақтыру тәсілдері жабдықтардың яғни, снариадтардың формасы мен салмағына байланысты. Ұстауға ыңғайлы, жеңіл снариадтарды түзу сызықты жүгіріп келіп, басынан асыра лақтыруға болады: ауырлау снариадттарды бұрыла отырып лақтыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |