Жеңіл атлетика жаттығуын орындап көрсету және түсіндіру оқушыда жаттығу туралы жалпы түсініктің қалыптасуы мақсатында көрсетіледі. Оқушы мұғалімнің әрекеті қалай орындалғанын бақылау арқылы өзінде сол жаттығу туралы ой пайда етеді. Кейін тәжірибе түрінде орындалады, бұл оқушының білімін нақтылайды. Жаттығуды орындау кезінде жіберілген қатені мұғалім уақытында түзетіп беруі керек. Күрделі жаттығуларды орындаған кезде мұғалім қауіпсіздікті сақтау үшін қасында бақылап тұрады.
Координациясы күрделі жаттығулардың бөлектеп (элементтерге) бөліп үйреткен дұрыс. Оқушы жаттығуды толық орындағаннан кейін мұғалімің көмегімен жаттығу таңдалады, жіберілген қатенің себебі және оны түзету жолдары анықталады. Қатені төмендегіше түзету мүмкін:
жаттығудың орындалуын қайталап көрсетіп оны оқушыдан қайталап көрсетуді талап ету;
дайындық, көмекші жаттығуларды қайталау жолымен техникалық құралдарды пайдалану жолымен т.б.
Үйретудің үшінші басқышында үйретілген жаттығуды көндігу деңгейіне дейін бекітілуі тиіс. Көбінесе оқушылар өз бетінше қайталайды, ал мұғалім басшылық етеді. Жаттығулардың орындалу жағдайын өзгертіп бару арқылы әрекет қабілетінің динамикасын жоғарылатуға болады. Мысалы, биіктікке секіру кезінде биіктікті өзгертіп беру т.б.
Әрекет көндігуін жетілдіру бұл жаттығулардың дұрыс орындалуы, тездіктің өсуі, нәтижені жоғарылату мақсатында қозғалыстарды үнемдеп пайдалануы, жаттығуларды техникасымен шебер орындау т.б. Бұлар үздіксіз жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастырумен іске асырылады. Дене тәрбиесі сабағында уақыттың аз болуына байланысты көрсетілген тапсырма толық (көрсетілмейді) шешілмейді, тек тұрмыста пайдаланатын жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу сияқты жаттығулар орындалады. Сондықтан оқушыларға тапсырма беру және өз бетінше орындауды талап ету арқылы оларда жақсы көндігуді қалыптастыруы мүмкін [18].
Балалардың бір жастарында қарапайым және күрделі
қозғалыс әрекеттерін үйрену әдісі жоғары болады. Бұл жас
балалардың бас миының барлық бөліктерінің және арқа ми
жүйкелерінің тек дамуына және әрекетті сезу мүшелерінің
жетілуіне байланысты, сонымен қатар ептіліктің, шапшаңдықтың, шыдамдылықтарының дамуына байланысты болады. 12-13 жастарда дене жаттығуларын кеш бастаған балаларда әрекет координациясы кем дамиды және бұлшық ет күшінің, дене массасының өсуі сәйкес келмейді.
Бұл жағдайда осы жаста жыныс және эндикрон жүйелерінің жетілуіне сәйкес келеді. Оқушылардың жаңа жаттығуларды тез істеуі олардың дене дамуының дәрежесіне байланысты.
Мектептегі дене тәрбиесі жүйесі – дене және рухани күшті дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар мен спорттық әрекеттер жүйесі. Дене мәдениеті дамытушылық, тәрбиелік, білімдік, сауықтыру – гигиеналақ қызметтерді атқарады. Салауаттылық санасы: дене мәдениетінің мәнін, оның өмірлік қажеттілігін, барлық дамудың (ақыл ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық) табиғи негізі ретіндегі мәнін түсіну, дене шынықтыру және спорт тарихы, теориясы мен практикасы туралы білімнен тұрады және адамдардың дене шынықтыру, спорттық – ойындық әрекет білігі мен дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. Практикалық сабақтар барысында балалардың дене шынықтыру – спорттық ойлауы; техникалық шеберлігін жетілдіруге даяр болуы, уақытқа, кеңістікке және ойын жағдайына бағдарлануы; спорттық – ойындық міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан келу қабілеттері дамиды. Мұның бәрі олардың бойында денсаулығын сақтауға қажеттілікті, ұйымдасқан дене әрекетін, дене шынықтыру мен спортты әдеттегі күнделікті ісіне айналдыруын қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру санасы өзіндік ағартушылық, ынталандырушылық, бақылаушылық және тежегіштік (спорттық жетістіктерге жетуде адамгершілік – құқықтық нормаларды ұмытпау) қызметтер атқарады.
Сол үшін қимыл-әрекеттің техникасын үйрену кезінде оқушылардың ұқыптылық мүмкіншіліктерін есепке алуды талап етеді. Әр сыныптың негізгі топтары жақсы дамыған немесе қанағаттандырарлық деңгейде дамыған балалар топтарынан тұрады, бұлар жаңа жаттығуларды жеңіл үйренеді. Кейбірі жаттығуларды үйренуде көп қиналады. Себебі олар уақытты, дұрыс игере алмайды және олар әлсіз болады. Әдетте олар мұғалімнің көрсеткен жаттығуларына көңіл аудармай оларға қарапайым әрекеттерді үйретуде көп уақытты талап етеді. Олар күшті, темпті, әрекет тездігін, жалпы қимыл-әрекетті дұрыс басқара алмайды. Ал денесі жан-жақты дамыған оқушылар ақылды, жылдам, тез түсініп, саналы, көрсетілген жаттығуларды тез ұғып алады.
Үйрету - мұғалімнен педагогикалық шеберлікті талап ететін, күрделі жұмыс. Үйрену үшін үйрететін оқушымыз әрекеттерді алғашқы үйренуге дайын болуы тиіс.
Мысалы, 6-сыныптың бірінш тоқсанында жеңіл атлетика сабағы кезінде қолдарын бүгіп және созып орындайтын жаттығуларды бергені дұрыс. Себебі бұл болашақта оқушыларға арқанға өрмелеу, тартылу, жүкті көтеріп қою жаттығуларын орындауға көмегін тигізеді.
Екінші тоқсанда жүгіру сабағында бір аяқта секіріп жүру түрлерін, жүресіне отырып жүру және т.б. енгізуді талап етеді.
Үшінші тоқсанның соңында көктемгі жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларына даярлау мақсатында әр түрлі жаттығулар беріледі.
Оқушылардың үйретуге дайындығын тест көмегімен, бақылау және бұрын үйренген жаттығуларды қайталап орындату арқылы анықтаймыз. Үйретуге кірісумен міндетін анық түсіндіру талап етіледі.Үйретілген жаттығулардың маңызын түсіндірген дұрыс болады.
Мұғалім үйрету жұмысын өзіндік әдістерімен түсіндіруі тиіс. Мысалы, көрсету, түсіндіру, көмекші жаттығуларды беру, орындап көруі, үйренгенді бағалау.
Орындап көрсету анық болуы тиіс, әрекеттің негізгі бөліктері түсіндіріліп беріледі. Кейін жаттығу қарапайым болса оқушыдан толығымен орындау талап етіледі, ал күрделі болса бөліп орындау ұсынылады.