Байланысты: Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы
Спорттың жүру техникасын талдау және оның әдістемесі Оқу материалдарын сабақ бойынша және бір жылға жобаластыру алғашында әр сыныпта өтілетін оқу материалдары білімдерінің ізбе-іздігі сақталып график түрінде істеледі.
Жобаластыру кезінде мектептен материалдық және жергілік ауа райының жағдайы есепке алынады. Әр тоқсан үшін сабақтар саны бағдарламасында берілген. Бірінші тоқсанда жеңіл атлетика жаттығулары үйретіледі. Осыған байланысты бірінші тоқсанда оқу жұмысының міндеті оқушыларды күш, тездік сапасы мен шыдамдылығын дамыту. Бұл үшін 10-12 сабақ берілуі мүмкін. Қазан айының ақырынан бастап спортзалда өткізіледі (мектепте спортзалы болса). Бұл жерде спорт ойындары баскетбол, волейбол үйретіледі. Екінші тоқсанда бағдарламаның гимнастика бөлімі үйретіледі. Міндеті әрекеттің координациясын, күшті және күш шыдамдылығын дамыту. Спортзалы жоқ мектептерде гимнастикаға бөлінген сағаттар жеңіл атлетикаға беріледі.
Сабақта оқушылардың жұмыстарын басқару міндетіне төмендегілер кіреді:
• оқушыларды сабақта максималь іспен қамтамасыз ету;
• тәртіпті сақтау.
Оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыруда әдетте фронтальдық әдісі жаттығуларды бастапқы жалпы дамытушы жаттығуларды орындауды, қарапайым үй тапсырмасын тексеруге қолданылады. Ол барлық оқушыларға жалпы тапсырма беруде және олардың мұғалімнің тікелей қадағалауында орындаудан тұрады. Мұғалім жаттығуды бастауға сигналды балалардың тапсырманы түсінгеніне көзі жеткең соң береді. Егер жаттығулар бұрыннан таныс болса оны көрсетпеуге және түсіндірмеуге болады.
Әр бір оқушы тапсырманы қалай орындағаның анық көру үшін мұғалім залда немесе алаң өзіне қолайлы жерді таңдайды. Ең қолайлы жер залдың ортасы немесе алаңның бүрышы. Жақсы бақылау үшін скамейканың үстіне шықса болады. Оқушылар жаттығуды дұрыс орындамағанын білсе мұғалім «Тоқта!» бұйрығын береді және қатесін түсіндіреді. Егер қателер қарапайым болса жаттығу соңында түсіндіруге болады.
Оқушылар еркін жағдайда иеленбегенше еш қандай жаттығуды бастауға бұйрық беруге болмайды. Олардың дұрыс тұрғанын қадағалау тиіс.
Әрекеттің темпі мен ритмін мұғалім дауыс арқылы гимнастикалық таяқпен полға ұрып микрофон немесе магнитофон арқылы білдіреді. Сондай-ақ магнитофонға жазылған музыка арқылы.
Мезгілді әдіспен әрекеттердің орындалуын бақылау керек болғанда қолданылады. Бір бөлігі жаттығуды орындайды, ол екінші әрекетін дұрыстығын қадағалап отырады. Мысалы, мұндай әдісті жатып қолды созу және жию тестін орындағанда пайдалануға болады. Оны әр бір орындаушыға көмек керек болғанда пайдаланады. Мысалы, гимнастикалық скамейкада отырып денесін көтеру және түсіру жаттығуын орындағанда аяғынан үстап отыру. Барлық жағдайда тапсырма фронталь ұсынылған сияқты бәріне теңдей. Тек қана барлығы бірдей орындамай топ ұл балалары мен қыздары ізбе-іздікте орындайды. Себебі екі жағдайда да оқушыларға жаттығулар арасында демалыс қажет. Айырмашылығы бірінші жағдайда сыныптың жартысы демалып, екіншісі де кезекпен демалады.
Топ әдісі бұл жаттығуды ізбе-із барлық оқушылар орындайды және де бұл барлығы үшін бірдей. Бұл әдіс орындауға көп уақыт талап етпейтін жеңіл өткеретін ұқыпқа ие снарядтардағы тапсырмада пайдаланылады. Топ әдісінде фронталь және мезгіл әдісіне қарағанда сабақтар онша тығыз болмайды. Себебі әр бір оқушыға кезек күтіп тұруға уақыт қажет. Бұл жағдайда топ әдісі қолайлырақ болады. Мұнда 2-3 снаряд қойы.лады, ал оқушыларды керекті болған топтарға бөледі. Солай етіп сабақтың тығыздығы өседі. Тапсырманы бақылап баруға мүмкіншілік пайда болады.
Топ әдісін әр қайсысы біраз уақыт талап ететін 2-3 жаттығуларды үйрету қажет болғанда сабақта ұйымдастырылады. Әр бөлімнің жұмысын командир басқарады. Әдетте бұл командирге көмектеседі. Ал мұғалім тапсырмасы ауыр бөлімде болады. Сонымен бірге мұғалім басқа да бөлімдердің жұмысын тексеріп отырады. Оқытушының белгісі бойынша бөлімдер орындарын ауыстырып тұрады.
Топтық әдіс оқушылардың өз бетінше істеу ұқыбын арттырады, бір-біріне көмектесуді дамытады. Ол оқу бағдарламасында да пайдаланылады. Бірақ топтық әдіспен оқыту біраз төмендейді. Себебі мұғалім барлық бөлімдерге қатынаса алмайды. Сол үшін қауіпсіздік азаяды. Бұл кемшіліктерді бөлім командирлерін жақсы дайындау және сабақ өтетін жерді паролон матрацтармен қамтамасыз ету арқылы жөндесе болады. Жоғарыда аталған әдістің бір түрі бұл айланыс әдісі. Ол сабақ бөлімдері санының өсіуінен тұрады. Барлық бөлімдер бағдарламадағы жаттығуларды орындап басқышпа-басқыш бір станциядан екінші станцияға өтіп барады. Жаттығуларды максимум темптен 50-70% айырмашылықпен еркін атқарады- 2-3 минут ішінде (экстенсивтік жаттығу әдісі) немесе максималь темпте 30-40 секунд ішінде атқарады (интенсив үсылы). Барлығы 2-4 айналым аралығы 30 секунд, 2-1 минут. Топтық және айналыс әдісінде топтарға тапсырманы карточкаға жазып берген дұрыс болады. Бұны жоспарлау арқылы оқытуда қолданады. Айналыс әдісі жеке жүктемелерді жоспарлағанда және жеткен табыстардың өсуін бақылау да қолданылады. Әрбір оқушы алдын-ала максималь тестін орындайды, соңынан осыдан жүктеме пайызын есептеп шығарады.
Әр бір сабақ тапсырманы асырып барады. Уақты-уақтымен пульсін өлшеп және жазып барады. Әдістің негізгі мағынасы осыдан құралады. Әр қайсысының жеке әдісі әрбір оқушыға бөлек тапсырманы берілгенін білдіреді. Бірақ әдетте мұндай тапсырманы барлығына берместен немесе жаттығуларды меңгеру білмеушілерге немесе артта қалыушыларға, немесе керісінше спорт мектептерінде жаттығушыларға беріледі.
Бірақ жоғарыда айтылғандай оқушыларға жеке қатынасты фронталь мезгілді және топтық әдісінде іске асыруға болады. Басым көпшілігіне тендей тапсырма болғанда, оқушылардың біразына оларды жеңілдетіп немесе керісінше қиындастырса болады. Мысалы есектен секіруде айырымдарына есекті жақындатса болады, ал айырым оқушыларға ұзақтастырып қойса да болады [20].