4 Әлемдегі инновациялар


Колин Фёрз ұшатын байк ойлап тапты



бет7/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7083
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Колин Фёрз ұшатын байк ойлап тапты







Гараждық өнертапқыш Колин Фёрз кең жұртшылыққа өзінің біртұтас қолдан жасалған бұйымдарымен белгілі: Россомаха тырнағы, оған төбеге ілінген металдық шпал бойымен басымен төмен қарай жүруге мүмкіндік беретін магнитті аяқ киім, скутер-от атқыш және басқа да қызықты, сондай-ақ естен тандыратын туындыларының орасан зор көлемі


Оның жаңа қолдан жасалған бұйымы – ұшатын байк, мұны ол Ford автомобиль құрылысы компаниясының қолдауымен жасап шығарды да, дереу мақтанып, Интернетке бейнесін шығарды және өз сайтында шағын пост жазды.

Өнертабысты басқару алғашқы кезде айтарлықтай оңай: дененің салмағын сауатты бөлу жеткілікті және шабандоз дене салмағын бөле отыра, қайда бүгілгеніне байланысты, алға немесе артқа ұшуға болады. Солға және оңға бұрылу секілді – шамалы көтерілу, аяғын түсіру немесе бір жағына қарай біршама бүгілу жеткілікті.

Колин мәселені реттеген соң, мынаны түсінді: басқару қиынға соғады, барлығына қоса машинаны жан-жағына айналдыра бастайды, ал кейде, егер моторлар әр түрлі жылдамдықта жұмыс істесе, тіпті іс жүзінде бұрандаға кіреді. Бірнеше күн бойы ол ахуалды дұрыстауға әрекет жасаған, алайда қозғалтқыштардың соны арттырған кезде синхронды жұмыс істеуін тоқтататын қуат шегі болады. Соған қарамастан, ол бірде-бір рет өзінің ұшатын затынан құлаған жоқ, сонымен осы тәрізді оқиғалардың аяқталуын жорамалдайтын кеңесшілер мен талдаушыларды абыржытып тастады.

Өнертапқыш байкқа артқы ілмекті бұраманы орнатуды жоспарлады, ол ұшатын аппаратты тұрақтандыруға көмегін тигізер еді, алайда жеткізу қызметі оның тапсырыс берген моторын жоғалтып алды, сондықтан Колинге сынақты моторсыз бастауға тура келді. Бірнеше сағат бұрын ол алғашқы дала тестілері оны қуантатынын мәлімдеді, алайда өнертабысты ол сындырып алды. Артқы ілмек бұрамасын жеткізуді және эксперименттің жалғасуын күтеміз.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/kolin-fyorz-izobryol-letayushhij-bajk.html


Catterbox – мысық тілінен адам тіліне аударушы қарғы







Мультфильмдерде жануарлар жиі сөйлеп, өздерін адамдар сияқты ұстайды. Бірақ біздің төрт аяқты достарымыз бізге не айтып жатқанын шынында да түсінетін болсақ, не болады?


The Temptations Lab компаниясының әзірлеушілері ең ірі мысық тамағын өндіруші Mars қолдауымен, мысықтың мияулауын талдайтын және бұл дыбыстарды адамға түсінікті тілге аударатын, мысықтарға арналған арнайы қарғы шығара отырып, оларға дауыс сыйламақшы болды. Аударушы қарғы Catterbox атауына ие болды.

«Біз егер адамдар мысықтарды жақсы түсіне бастаса, олар бұл жануарлардың шын мәнінде қаншалықты жақсы екенін түсіне алатынына сенімдіміз.Қазіргі заманғы зерттеулер мысықтар адамдарға жүгінген кезде ғана мияулайтынын дәлелдеді. Бір-бірімен олар басқа тәсілмен араласады. Біз мысықтар шығаратын мыңдаған дыбыстарды талдап, жануарлар тілін адамға түсінікті сөздерге айналдыратын бағдарламалық қамтамасыз ету өнімін жасадық. Осыдан кейін біз өзіміздің технологиямызды 3D-принтерде басып шығарылған қарғыныңішінде орналастырдық. Осылайша Catterbox пайда болды», — деп айтады The Temptations Lab қызметкерлері.



Мысық бірдеңе айтқаннан кейін, қарғыдыбысты сіздің ұялы құрылғыңызға жібереді, ондағы арнайы қосымша алынған деректерді адам тіліне аударып, қалыптастырылған фразаны қарғының динамигіне жібереді. Әзірше қосымша ағылшын тіліне ғана аударады, бірақ әзірлеушілер болашақта қолжетімді тілдер тізімі едәуір кеңеюі мүмкін деп сендіреді. Сондай-ақ, қосымшада бірнеше әр түрлі дауыс – ерлердің, әйелдердің, тіпті балалардың да дауыстары бар, пайдаланушы олардың ішінен құлаққа анағұрлым жағымды және өзінің жануарына лайықты дауысты таңдай алады. Мұндай қарғыны қашан сатып алуға болатыны, сондай-ақ оның қанша тұратыны әлі белгісіз. Бірақ ол ақпарат ресми сайтта жақын уақытта пайда болады деп санауға болады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/entertainment/catterbox-oshejnik-perevodchik-s-koshachego-yazyka-na-chelovecheskij.html




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет