4 Әлемдегі инновациялар


FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР



бет6/9
Дата11.01.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7083
1   2   3   4   5   6   7   8   9

FUNтастика – ФАНТАСТИКА ШЕГІНДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР



БАӘ-де шөл ортасында жасанды жолмен нағыз тау көтеруді қалайды







Біріккен Араб Әмірлігі бұған дейін ештеңе болмаған жерде әлдебір ғажайып нәрсені қалай салу керектігіне келгенде, таңқалдырмай қойған жоқ. Мәселен, Дубай қаласына қараңыз. Алайда мәселе нағыз тауды тұрғызу жөнінде болғанда, барлығы мүлде жаңа деңгейге шығып отыр

Сіз дұрыс оқыдыңыз. БАӘ ең шынайы тауды тұрғызу мүмкіндігін қарастырады. Неліктен, деп сұрайсыз сіз? Мәселе ел климатының тым ыстық болуында, оның үлкен ауданын шөл алып жатыр. БАӘ толық өлшемді тауды тұрғызып және осылайша ұзақ күткен жаңбырды «тартып», климатты өзгертуді қалайды.

Құмды жазықтар, жаңбыр үшін аса қолайлы жер емес екендігі бәріне белгілі. Аспанда осындай жағдайда жауын бұлттарына өзгертетіндей жеткілікті ылғал пайда болуы мүмкін емес. Аталған жағдайда таудың құрылысы өте құрғақ өңірге жауынды жақындатуға көмектесер еді.

БАӘ Үкіметі Атмосфералық зерттеулердің университеттік корпорациясына және Метеорология мен сейсмологияны зерттеу бойынша араб ұлттық орталығына (NCAR), олардың бірлескен күштермен тауды тұрғызу мүмкіндігін қарастыруына, сондай-ақ осыған барыншақолайлы орынды табуына жүгінді. Осы сәтте ғалымдар құрылыстың осы түрінің мүмкіндігін және жаңбыр бұлттары пайда болу үшін метеорологиялық үрдістерді елеулі дәрежеде ынталандыра алатын таудың өлшемі қандай болу керектігін айқындауда.

Барлығы дұрыс. Таудың өзі айналасына бұлттарды тудыруға міндетті емес. Оның негізгі міндеті бұлттылықты тудыруға және мүмкіндігінше осы аймақта жауын-шашын көлемдерін ұлғайтуға әкеп соқтыратын метеорологиялық үрдістерді іске қосу болады.



БАӘ-де таудың құрылысы басталар алдында, NCAR ғалымдары мен зерттеушілері аталған жобаның құнын және тұтастай алғанда іске асыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс. Егер ел үкіметі аталған жобаны қаржылық тұрғыда көтеруге болатынын (жекеменшік инвесторлардың көмегімен немесе көмегінсіз) шешетін болса, онда инженерлер командасы жобаға кіріседі және шөлдің ортасында тауды салудың мүмкіндігін анықтауға тырысады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/posredi-pustyni-v-oae-xotyat-iskusstvennym-putem-vozvesti-nastoyashhuyu-goru.html


Иттер фотосуреттерді әлеуметтік желілерге өздері жариялай алатын болады







Адамдар өз фотосуреттерін әлеуметтік желілерге жариялауды және басқа фотоларды қарауды өте ұнатады. Осылайша, бізді бөліп тұрған қашықтыққа қарамастан, біз өз таныстарымыздың, достарымыз бен туыстарымыздың немен айналысып жатқандығын көре аламыз. Ал егер біздің төрт аяқты достарымыз, иттер де өз фотосуреттерін Facebook секілді әлеуметтік желілерге жариялай алатын болса не болар еді?

Дүние жүзіне белгілі Pedigree компаниясы айрықша жобаны іске асырды, ол иттердің өз иелерімен бірдей әлеуметтік желілерді пайдалануына мүмкіндік береді.

The Posting Tail – Pedigree инженерлері өздерінің өнертабысын дәл осылай атады. Гаджет иттерге арналған ерекше жилетті білдіреді, оған фотокамера, Raspberry Pi миниатюралы компьютері, ит құйрығының қозғалысын қадағалайтын қадаға, GPS-сенсор және 3G-модем кірістірілген. Ит бір нәрсеге өте қатты қуана бастаған кезде, ол құйрығымен шапшаң бұлғақтата бастайды. Қадаға бұлғақтау жиілігін есептейді және компьютер қорытынды шығарады: осы сәтте ит бақытты мен немесе жоқ па? Егер ит бақытты болса, камера түсірілім жасайды, ол дереу әлеуметтік желіге басылады. Барлығы өте қарапайым.

Әлеуметтік желіге жариялаудан басқа, жилет сондай-ақ жануардың карта бойынша алмасуын қадағалайды, иттің қуанышы күшейген жерлерде белгі жасап отырады. Осылайша, иесі оның асырандысы нақты қай жерде бақытты, ал қай жерлер тек келеңсіз сезім тудыратынын анықтай алады. The Posting Tail жилетін дүкенде сатып алу мүмкіндігі әзірге түсініксіз, алайда компанияның испандық сайтында сәуір айының аяғында өз асырандысының үздік фотосуретіне конкурсқа қатысушылар арасында осындай үш құрылғыны ойнатады.


Дереккөз:http://hi-news.ru/entertainment/sobaki-smogut-samostoyatelno-publikovat-fotografii-v-socialnyx-setyax.html




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет