Сырт киім ассортимент үлгілерінің коллекциясы..............................
10
3.
Үлгінің техникалық эскизі. Үлгінің сыртқы түріне көркемдік-техникалық шешімдік сипаттама..........................................................
17
3.1.
Әйелдерге арналған маусымдық жилеттің техникалық сипаттамасы............................................................................................
18
4.
Бұйымға конфекциялық карта жасау
4.1.
Әйелдерге арналған маусымдық жилет материалдарын таңдау және негіздеу..........................................................................................
19
4.2.
Әйелдерге арналған маусымдық жилет материалдарына қойылатын талаптар...............................................................................
Үлгінің конструктивті ерекшеліктерін талдау....................................
26
6.
Бұйымның базалық және модельдік конструкциясын дайындау (1:4)
6.1.
Өлшем белгілері мен бастапқы мәліметтерді жинау. БК есебін тұрғызу....................................................................................................
29
7.
Әйелдерге арналған жилеттің БК мен МК-сын тұрғызу.................
37
Бұйымға арналған жаға мен әрлеу бөлшектерін құрастыру..............
38
8.
Үлгіні өндірістік процесске жіберу үшін бөлшектердің лекалоларын дайындау және безендіру...............................................
Кіріспе Тігін өнеркәсібі- әлемнің көптеген елдерінің бюджетін құрайтын маңызды экономика салаларының бірі болып саналады. Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын тауарларды өндіретін ( маталар, аяқ-киімдер, трикотаж, киім-кешек) көптеген мамандандырылған салалар. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту өнеркәсіп салаларын дамытудан басталады. Олардың бірі- тігін өндірісі. Тұтынушылар нарығын тігін бұйымдары және тауарларымен толықтыруда тігін өндірісі маңызды орын алады. Тігін өнеркәсібі- киім және тағы басқа тігін бұйымдарын өндіретін тұрмыстық және техникалық қолданыстағы маталар, трикотаж жаймалары, табиғи және жасанды былғары мен елтері, әр түрлі фурнитуралар мен әрлеуіш бұйымдар өндіретін жеңіл өнеркәсіп саласы. Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салалары үшін арнайы қолданыстағы бұйым (арнайы киім, ведомстволық киім) шығаруды қамтамасыз етеді. Тігін өнеркәсібін автоматтандыру қазіргі кезеңдегі басқарулық системаларға сай болу керек, технологиялық саланың жеке ерекшеліктеріне, тігін өнеркәсібі үшін технологиялық басқаруда, бақылаушы қондырғылар қолданудың мүмкіншіліктеріне сәйкестенуі керек. Автоматтандырудың жоғарғы дәрежедегі дамуы жеңіл өнеркәсіпте технологиялық қондырғылардың автоматтандырудың үздіксіз дамуын қажет етуде. Тігін өнеркәсібіндегі заманауи қондырғылар арнайы мамандандырылған компьютермен жабдықталуда, қиын да күрделі техникалық іс- адамның тікелей араласуынсыз автоматты басқару жүйесімен іске асуда жөне бұл өнім сапасына деген қажеттілікті қанағаттандыруда өте жоғары. Тігін өндірісінің технологиялық процессінде автоматты басқарудың жүйесіне деген экономикалық талаптар тұрақты түрде жоғарылауда- шыққан шығынның тез өтелуін энергияның экономды өтелуін, энергияның экономды түрде қопдануын қажет етеді. Тігін учаскелеріндегі автоматтандыру машиналарының автоматты басқару жүйесінде микропроцессорлы жабдықталған қондырғылар қолдануды қажет етеді. Бұл жүйеде тігін іс-әрекетін қатаң программаға сай жүргізуді қамтамасыз етеді, яғни басқару жүйесіне бұл программаны енгізу алынған өнімнің сапасында, жоғарғы дәрежедегі көрсеткішке ие.
Әлеуметтік-экономикалық маңызы зор бұл саланы дамытуға әлемнің көптеген елдері әлдеқашан түбегейлі бетбұрыс жасаған. Мәселен, жеңіл өнеркәсіптің үлесі АҚШ, Италия, Германия, Қытай, Португалия, Түркия сияқты дамыған елдерде 12-20 пайызды құрайды. Қытай, Үндістан, Түркия, тіпті іргедегі Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттері табысының қомақты бөлігін жеңіл өнеркәсіп тауарларының экспортынан түсіруде. Соңғы жылдары қырғыз елінің ішкі жалпы өніміндегі жеңіл өнеркәсіп үлесі 30 пайыздан асты. Ал қазіргі таңда Қазақстандағы қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 1,2 пайызды құрайды. Өткенді дұрыс таразылап алмай, алдағы күнде жүйелі жетістікке жету қиын. Елдің ертеңгі экономикалық бағдарламаларын белгілейтін бүгінгі «топ менеджерлер» топырақ шашудан жалықпай келе жатқан кешегі кеңес дәуірінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі жарты әлемді аузына қаратқаны ақиқат. Сол уақытта Қазақ КСР жеңіл өнеркәсібінің тоқыма, тігін, аяқ киім, тері-ұлпан өнеркәсібі салаларында 1 мыңнан астам іргелі кәсіпорындар жұмыс істеді. Олардың ішінде мыңдаған қазақстандықтардың өмір мектебі – сүйікті еңбек ұжымына айналған Алматы мақта-мата комбинатын (АХБК), «Жетісу», Жамбыл аяқ киім кәсіпорындарын, «Большевичка» тігін комбинатын, М.Мәметова атындағы тігін фабрикасын, Қостанай, Семей мауыты-шұға комбинаттарын ерекше атауға болады. Тағы бір айрықша еске салатын бір мәселе, сол уақытта Қазақ КСР жеңіл өнеркәсібінің табысы ел бюджетінің 25 пайызын қамтамасыз етіп тұрған болатын. Қазақстан жеңіл өнеркәсібінің соңғы ширек ғасыр көлеміндегі тіршілігін саралайтын болсақ, республикамыздың өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі 1990 жылы 15,8 пайызды құраса, 2000 жылы 2,3 пайызға дейін қысқарып, 2011 жылы 0,1 пайызға дейін құлдыраған. Қазақстан жеңіл өнеркәсібі саласында тек 2016 жылы ғана жұмыс істеп тұрған 79 кәсіпорынның 27 пайызы жұмысын тоқтатқан екен. Жыл ішінде еліміздің тоқыма өнеркәсібіндегі 12 кәсіпорын (33 пайыз), киім тігу өнеркәсібіндегі 8 кәсіпорын (22 пайыз), тері бұйымдарын шығаратын 1 кәсіпорын жабылған. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласын қарқынды дамытуға қажетті мүмкіндіктер жеткілікті. «Орта және шағын бизнес субъектілері жеңіл өнеркәсіпті дамытуға тиіс» деген жаттанды сөзден арылуымыз керек. Ешқандай жекеменшік кәсіпкер алыпсатарлық саудадағыдай бірден табыс бере қоймайтын жеңіл өнеркәсіп (тері өңдеу, жіп иіру, киім және аяқ киім тігу) өндірісін дамытуға қаржы салмайды. Сондықтан, мемлекет отандық жеңіл өнеркәсіп саласын тығырықтан шығару үшін бұл салаға арзан шикізат, заманауи құрал-жабдықтар мен жаңа технологиялар әкелуі керек. Бір кезде Қазақстан жеңіл өнеркәсібін жаһанға танытқан Алматы мақта-мата комбинаты, «Жетісу» аяқ киім фабрикасы сияқты отандық брендтерді жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселеге айналуы тиіс.