1. Жобалау мақсатында үлгі-аналогтарды талдау Модель – аналогтар дегеніміз бір базалық негізде (бірдей конструктивтік элементтер, бөлінулер, силуэт, пішін) дайындалынған, түрі мен тағайындалуы бір, тек декоративтік элементтері және материалдары ерекшеленетін киім үлгілерінің қатары. Модель - аналогтарды талдаудың негізгі мақсаты бұйымның мақсатына неғұрлым сәйкес келетін оңтайлы конструкциялық, технологиялық параметрлерді таңдау (техникалық тапсырмаға сәйкес), сондай-ақ осы киім түрі үшін қолайлы негізгі принциптік техникалық шешімдерді әзірлеу болып табылады. Модель – аналогтың композициялық шешімін талдау, модельдің көркемдік орындалуына толығырақ жауап беретін, жекелеген элементтер немесе модельді айқындауға мүмкіндік береді. Модель - аналогтарды таңдаудың негізгі принциптері:
-баламалылығы, яғни модель аналогтардың сапалық деңгейі туралы ақпараттың объективтілігі (конструкцияның негізгі параметрлері, габариттік өлшемдері, композициялық қосымшалар). Ақпаратта сапалы немесе сандық формада бұйымдардың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер болуы тиіс;
-өзектілігі, яғни ақпараттың пайдалылығы. Бұйымдар бәсекеге қабілетті, өкілдік бұйымдар қатарынан таңдалуы тиіс;
-ақпараттың жеткіліктілігі, яғни жобалау мақсаттарына сәйкес келетін модель аналогтардың ұтымды саны;
-ақпараттың біртектілігі, яғни модельдердің ауысуын ескере отырып, модель аналогтар туралы мәліметтерді уақытылы алу;
-ақпараттың қол жетімділігі, яғни модельдерді толық сипаттауға мүмкіндік беретін аналогтардың үлгілерін ұсыну тәсілі (эскиз, сызба);
модель-аналогтарды талдауға көзқарастың кешенділігі, яғни барлық көрсеткіштер бойынша модель аналогтардың сапасының деңгейі туралы түсінік.
Аналогтар перспективалық стандарттардың талаптарына (сән бағыты немесе үрдістеріне) жауап беретін және өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша үздік отандық және шетелдік үлгілердің сапасына сәйкес келетін үздік бұйымдар болып табылады. Модель-аналогтардың сапасын бағалау сапаның объективті сандық көрсеткіштері бойынша және субъективті сараптамалық бағалау бойынша жүргізіледі.