Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті


Үлгіні өндірістік процесске жіберу үшін бөлшектердің лекалоларын дайындау және безендіру



бет8/9
Дата04.07.2022
өлшемі2,17 Mb.
#147284
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Курсовая работа Мэлс М.Д.

8. Үлгіні өндірістік процесске жіберу үшін бөлшектердің лекалоларын дайындау және безендіру
Киім үлгісінің техникалық құжаттамасының құрамына лекала-түпнұсқа және лекала-эталондар кіреді.
Лекала түпнұсқалар - берілген модельдің негізгі сызбаға сәйкес алынған бөлшектердің жазбасы. Оригинал лекал комплектісі бір өлшем, бір ұзындығы негізгі, астар, қатырмаланатын матадан пішілген бөлшектерге жасалынады.
Лекала-эталондар - түпнұсқа лекалосы арқылы градация жасалынып алынған лекалдардың комплектісі. Бір өлшем, бір бой, бір толықтық тобындағы белгілі бір жас аралығына арналған. Тігін бұйымдарының үлгі-эталондарын дайындауға және жұмысшы лекалаларының дәлдігі мен сапасын тексеруге арналған лекалалар.
Жұмысшы лекала – түпнұсқа лекаласы, эталон лекалосы арқылы алынған лекалолар комплектісін айтады. Жұмысшы лекалосы жайма жасауға, матаның шығынын анықтауға, матаны пішуге, лекалолар контурын бормен көмкеруге, трафарет жасауға, пішімнің сапасын тексеруге арналады. Лекалоның түрлері мен тағайындалуы.
Негізгі лекалдарға негізгі материалдан жасалған бөлшектердің лекалосы жатады: алдыңғы бой, артқы бой, жеңнің жоғарғы және төменгі бөліктері, жаға, белдемшенің алдыңғы және артқы бөліктері, шалбардың алдыңғы және артқы бөліктері.
Туынды лекалдарға бөлшектердің шеттерін өңдеу үшін қызмет ететін бұйым бөлшектерінің лекалолары жатады (өңір, әдіп, үстіңгі жаға, белдемше мен шалбардың белдігі және т.б.);функционалдық-сәндік және сәндік бөлшектер мен модель элементтерінің лекалолары (қақпақшалар, жапырақшалар, жапсырма қалталар, хлястиктер және т.б.); астар маталарынан жасалған бөлшектердің лекалолары (алдыңғы және артқы бойдың астары, жеңнің жоғарғы және төменгі бөліктері, белдемше, жилет және т. б.); іштік маталардан жасалған бөлшектер лекалолары (жағаның іштік лекалосы, алдыңғы бойдың өңіріне және т.б.) және жабыстырылатын (дублирин) аралық маталардан жасалған лекала (пиджактың алдыңғы бойына жабыстырылатын аралық лекала және т.б.).
Туынды лекалалар негізгі лекалалар бойынша жасалады.
Көмекші лекалдарға қалталардың, бүкпелердің, қатпарлардың, түймеліктермен түймелердің орналасу орындарын белгілеу үшін, лацканның және өңірдің қайырылу сызығын, бұйымның етегін, астыңғы жағаны кесу жатады.
Лекалоларды жасауға қойылатын техникалық талаптар.
Лекалоны құрастыру алдында бұйым бөлшектері конструкциясының сызбаларында тігістердің, бүйір тігістерінің, артқы бойдың орта сызықтарының, жеңдердің сызықтарының барлық тұйық бұрыштары олардың шыңдарынан мүмкіндігінше аз ауытқумен дөңгелектенеді.
Бұйымдар конструкциясының сызбалары бойынша негізгі және туынды лекала-түпнұсқалар жасалады, оларда тігістерге және қиыстыруға арналған әдіптерді ескереді.Осы лекалалардың техникалық көбеюінен кейін негізгі, туынды және қосалқы (қосалқы) лекалалар-эталондар мен барлық өлшемдегі және бойдағы жұмыс лекалолары дайындалады.Киім-кешекті жаппай өндіру жағдайында тігін бұйымдарын дайындау үшін лекалоларды салу кезінде нормативтік-техникалық құжаттаманы пайдаланады.
Лекалоны безендіруге қойылатын техникалық талаптар.
Негізгі және туынды лекалдарда бұйым бөлшектерін пішуге арналған техникалық талаптарға сәйкес мынадай белгілер қойылады:

  • матаның негізгі жіп бағыты сызықтары – негіз жіптерінің бағыты (н.ж);

  • негізгі жіп бағытынан рұқсат етілетін ауытқу сызықтары;

  • бұйымдарға арналған салалық стандарттарға сәйкес орналасқан жерлерде қондырмалардың ең аз және ең көп енінің желілері;

  • бөлшектерді қосу кезінде біріктіруге арналған бақылау кертпелері

Көмекші (қосалқы) лекалаларда қалталар, бүкпелер, қатпарлар, ілмектер, түймелер және т. б. орналасқан жерлер жазылады.
Негізгі, туынды және көмекші лекал-эталондар мен жұмыс лекалоларының барлық жиынтығының қиықтарының сызықтары бойынша шетінен 1 мм қашықтықта әрбір 8-10 см сайын таңба қояды немесе жұмыс лекалоларының тозу дәрежесін бақылау үшін сызық жүргізеді.
Әрбір бөлшектің лекалосына таңбалау деректері жазылады: бұйымның атауы, модель нөмірі, жетекші өлшем нышаны, бөлшектің атауы, шифр (біріздендірілген бөлшектерді пайдаланған кезде), бөлшектің ауданы, пішу бөлшектерінің саны.
Негізгі, туынды және көмекші жұмыс лекалаларының барлық жиынтығын техникалық бақылау бөлімі тексеруі қажет және күні, қолы, ТББ (техникалық бақылау бөлімінің) мөртабаны болуы тиіс. Өндірістегі жұмыс лекалаларын тексеру лекала-эталондар мен өлшем табелі бойынша айына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
Картонның деформациясы салдарынан өлшемдерде дәлсіздіктерді анықтау үшін лекал-эталондар өлшем табелі бойынша тоқсанына бір реттен кем емес тексереді. Әрбір тексеруден кейін лекалдарға күнін, қолын және ТББ мөртабанын қояды.


Сурет 22 – Әйелдер жилетінің негізгі лекалдары




Сурет 23– Әйелдер жилетінің негізгі лекалдары


Сурет 24-Әйелдер жилетінің туынды лекалдары (астарлық лекалдары)


Сурет 25 – Әйелдер жилетінің туынды лекалдары (аралық лекалдары)


Сурет 26 – Әйелдер жилетінің туынды лекалдары (аралық лекалдары)


Сурет 26 – Әйелдер жилетінің көмекші лекалдары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет