52. Технологиялық қадамдар негізінде мектепті басқару



Дата14.12.2021
өлшемі21,75 Kb.
#127305
Байланысты:
52, 53, 54 менеджмент


52.Технологиялық қадамдар негізінде мектепті басқару.

Қазіргі жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.



Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқаруда төмендегі екі технологиялар топтамасы қолданылады: Мектепішілік басқару технологиясы:
Әдістемелік жұмысты басқару технологиясы, соның ішінде, педагогикалық кеңесті өткізу. (Г.К.Селевко) Білім беру мекемесін басқаруды оңтайландыру технологиясы. (Ю.К.Бабанский)Жалпы білім беру мектебін басқарудың базалық технологиясы, соның ішінде, дамыту режимінде мектепті басқару (П.И.Третьяков) Педагогикалық сараптама технологиясы. Мектепішілік мониторинг технологиясы

Жобалау технологиясы



Мектептің дамуын басқару мектеп іс-әрекетінің нәтижелерін жоғарылататын жаңашылдықтарды меңгеруге және ендіруге байланысты қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үрдісі. Ғылыми – техникалық үрдіс кезінде еңбек сипаты адамның психологиялық ерекшеліктеріне аса мән беруді ұсынады. Техника мен технологияның күрделенуі адамға физикалық күштен ақыл күшін көп жұмсауға мүмкіндік береді. Бір жағынан, адам өмірінің көп бөлігін еңбек ұжымында өткізеді, оған әріптестері психологиялық қолдау көрсетіп отырады. Ал басшының осы жағдайдағы міндеті тұлғаның жеке қасиеттерін қолдану және оның ұжыммен қатынасын реттеу.

53.Мектеп ішілік басқару жүйесі ұйымдастырудың құрылымы және іс-әрекеті ретінде.

Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады. Олар: педагогикалық талдау, мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.



54.Басқару жүйесінің дамуы қызметінің шарттары мен қағидалары. Басқару жүйесінің басты мақсаты мен міндеттері. Мектептегі мораьды-психологиялық ахуал.

Жүйе – нақты мақсатты көздейтін және қоршаған ортамен байланысы бар анықталған толықтық пен бірлікті құрайтын элементтердің (олардың бөліктерінің) өзара қатынасы.

Басқару процестерін құрайтын жүйе басқару жүйесі деп аталады. Басқару жүйесі – ұйымдастырылған жүйелердің функциялары

(биологиялық, техникалық, әлеуметтік және басқа), осы жүйелердің құрылымын сақтауды, олардың әрекет етуін, олардың мақсаттары мен бағдарламаларын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Басқару субъектілері дегеніміз басқарудың экономикалық және моральді-этикалық, ұйымдастырушылық, үкімдік, биліктік өкілдері бар әр-түрлі әкімшілік құрылымдар мен жеке және заңды тұлғалар табылады.

Басқару объектілері болып заңды және жеке тұлғалар сонымен қатар, әлеуметтік, табиғи, экологиялық, экономикалық жүйелер мен процестер.

Басқарудың негізгі принциптері:

1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі;

2) Жүйелілік және кешенділік – басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі;

3)Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.

4) Пропорционалдылық принципі - басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады.

5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап етеді.



Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі-мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы –білім проблемаларын мемлекет пен жұршылықтың күш-қуатын біріктіру. Мұғалімдер оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінінң мазмұны мен түрін ұйымдасытру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша тең құқық пен еркіндік беру. Кез келген әрекет оның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою мен жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б топтастырылады. Мектепішілік қағидалардың негізгі заңдылығы таңдағыштық , мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық. Осы заңдылықтардан оқу жүйесінің басқарудағы негізгі қағидалар туындайды. Олар:

-педагогикалық жүйені демократизациялаужіне ізгілеу.

-орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі.

-жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі

-педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының обективтілігі және толықтығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет