|
45 жастағы америкалық Элизабет Пэрриш өзінің BioVivaзерттеу компаниясы әзірлеген жасару әдістемесін өзіне сынап көруді өз еркімен шешкен
|
Элизабет 2015 жылғы қыркүйектен бастап гендік терапияның екі курсын өтті. Бір курс бұлшық ет массасының жоғалуының алдын алу үшін арналған, ал екіншісі – теломераза өнімінің деңгейін арттыруға бағытталған. Теломераза – бұл теломер учаскелерінде ДНК тізбегінің соңына қайталанатын реттілік қосатын фермент. Теломерлер – қорғау функцияларын орындайтын хромосомалардың соңғы учаскелері. Жасушаның әрбір бөлінуі сайын теломерлер қысқара береді, соның нәтижесінде біздің денеміз қартайып, соңында істен шығады. Ғалымдар теломерлердің қысқаруын өтеу тәсілін табу және қартаю процесін тоқтату үшін ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді.
Бұрын мұндай гендік терапия тірі жасушаларға, сондай-ақ зертханалық жануарлардың бірнеше түрлеріне сәтті сыналған. Бірақ осы күнге дейін осы препараттарды адамдарға толық сынап көруге ешкімнің батылы жетпеген. Элизабет Пэрриш, өзінің денсаулығына келтірілуі мүмкін күрделі қауіптерге қарамастан, FDA америкалық мемлекеттік комиссиясының гендік-терапиялық препараттарды мақұлдау қажеттілігін болдырмау үшін Колумбияға барған.Онда оған BioViva компаниясы қызметкерлерінің қатаң бақылауымен барлық қажетті инъекцияларды жасаған.Көптеген ғалымдар оны бұл тәжірибенің аса қауіптілігі үшін сынай отырып, оның батыл әрекетіне бір жақты қарамады.
Пэрриш танымал Redditсервисінің пайдаланушыларын қызықтыратын кез келген сұрақтарға жауап беруге оңайлықпен келісті. Кез келген адам одан жасару процесіндегі сезімі туралы сұрай алады, сондай-ақ осы тарихи маңызды тәжірибе процесінде қандай да бір жанама әсерлердің болғаны не болмағаны туралы біле алады. Гендік терапияның алдындағы және одан кейінгі зерттеу нәтижелері Элизабеттің өз теломерлерінің қысқаруын тоқтатып қана қоймай (олар 2015 және 2016 жылдары өлшенген), оларды 20 жасқа жасарта алғанын көрсетті. Не болса да, тәжірибе әлі жалғасуда және бүкіл әлем Элизабет денсаулығының жағдайын қызығушылықпен бақылауда.
Дереккөз:http://hi-news.ru/research-development/vpervye-gennaya-terapiya-privela-k-ostanovke-processa-stareniya-cheloveka.html
IBM Truenorth «жасанды ақыл-ойы» нағыз ақыл-ой иелерінен үйренеді
|
IBM физикалық түрде ми ретінде құрылған «нейроморфтық» компьютерлер деп аталатын, TrueNorthболашақ компьютерлік чиптеріне жасайтын алғашқы шақыру туралы хабарландыру жасады: нағыз адам миымен жиналған деректер массасын зерттеу және олардан мағына алу
|
Мұндай міндеттер дәстүрлі компьютерлердің көпшілігі үшін орындалуы мүмкін емес, бірақ IBM өзінің жаңа технологиясымен адам миын нақты уақыт режимінде бақылау және мүмкін болса, араласу мүмкіндігіне ие болады деп сенеді.
Аса ірі және өте қауіпті эпилепсиялық ұстамалар мидың екі жартылай бөлігіндегі электр белсенділігінің ауқымды дауылдарының нәтижесі болып табылады. Дәрігерлер осы дауылдардың сенімді сигнатураларын қиындықпен табады, сондықтан, оларды алдын ала анықтап, тиімді контршараларды қолдану жиі мүмкін болмайды. Бірақ нейрон желілері мұндай күрделі модельдерді іздеу үшін нағыз лайықты. IBM ірі ұстамалармен байланысты заңдылықтарды анықтай алады деген сеніммен эпилептиктердің электроэнцефалограмма (ЭЭГ) деректерін TrueNorth өзінің жаңа нейроморфтық чиптеріне береді. Алайда, нақты күш-қуат нейроморфтық сәулетті қолдану мен оның бірегей басымдықтарында.
IBM бұрын кәдімгі цифрлық компьютерлерді адам минының симуляциясына байланыстырған. Ол дәл сондай кешенді болған еді, бірақ түпнұсқаға қарағанда 1500 есе баяу жұмыс істеген. IBM зерттеушілері есептеу қуаттылығы емес, электр энергиясы нақты шектеуші фактор болып табылатынын атап өтті. Егер біз баяу симуляцияны іске қосу үшін пайдаланылған кәдімгі цифрлық алгоритмдерді алып, оларды 1500 есе жылдамдатсақ, бізге жуық шамамен 12 гигаватт энергия қажет болады. Зертханалар ядролық реакторлармен әлі жарақтандырылмайтындықтан, жақсы әдісті іздеуге тура келеді.
Қуанышқа орай, бізде жақсы сызба бар: адам миы. Адам миы адам миының барлық күрделілігімен жұмыс істейді және небары 20 Вт талап етеді — кішкентай лампаға қуат беру үшін жеткілікті. IBM TrueMorph нейроморфтық чиптер де жоғары энергия тиімділігіне ие.
Бұл чиптер деректерді талдайтын кодты іске қосу үшін өте қолайлы. Дәстүрлі «темірді» қолдана отырып, деректерді күрделі әрі шебер талдау бір-екі сағат ішінде үлкен батареяның разрядталуына әкеледі; TrueNorth-пен немесе оған ұқсас сәулетпен оларды денеде ұстап жүру және олардың жұмысын бір күн немесе тіпті бір апта ішінде сақтау мүмкін болады.
IBM түпкі мақсаты имплантат немесе тағып жүретін құрылғы арқылы нақты уақыт режимінде ұстамаларды анықтау үшін TrueNorth қолдану болып табылады. Энергиялық тиімді чип жақындап келе жатқан ұстаманы сәйкестендіре отырып, пайдаланушының ЭЭГ бақылап, оқи алады. Кейін ол сізге смартфон арқылы немесе бірден медпунктке сигнал бере алады, ал болашақта тіпті қажетті дәрілерді де енгізе алады
Ұстап жүретін технологиялар энергия саласында немесе энергиялық тиімділікте революцияны талап етеді. Егер біз қашан да сіздің киіміңізден электр энергиясын алатын құрылғылар алатын болсақ, мысалы, бізге энергияның үлкен көлемін талап етпейтін чиптер қажет болса, нейроморфтық чиптер осындай шешімдердің бірі болуы мүмкін. Эпилепсия мониторингі — бұл ықтимал қолданыстардың бірі ғана.
Дереккөз:http://hi-news.ru/computers/iskusstvennyj-mozg-ibm-truenorth-budet-uchitsya-u-nastoyashhix-mozgov.html
ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР
Sharp смартфон функциялары бар AI-роботын сатуды бастағалы отыр
|
Жапондық электроника алыбы Sharp робототехника саласындағы шын мәнінде бірегей әзірлеме — RoBoHoN көрсетті. Құрылғы бір мезгілде смартфон да, жылжымалы ойыншық робот та, жасанды ақыл-ойға ие жеке ассистент те, тіпті проектор да болып табылады. Қалтадан көрініп тұратын немесе мойындағы бауда ілініп тұратын үлкен көзі робот көзге ерекше көрінеді және көп нәрсе жасай алады
|
RoBoHoN робот-ассистент ақпаратты есте сақтау және иесімен сөйлесу арқылы өз бетінше үйрену үшін AI (Artificial Intelligence — жасанды ақыл-ой) және IoT (Internet of Thing — заттар интернеті) технологияларын қолданады. Робот көптеген дауыс командаларын біледі, олардың тізбесі құрылғының өзін-өзі үйрету қабілетінің арқасында уақыт өте келе кеңейе түседі. Мысалы, роботқа сізді таңертең нешеде ояту қажет екенін айтсаңыз болды – ол қажетті уақытыңызда белгі шығарыпсигнал беріп, иесімен амандасады (амандасу сөздерін құрылғы иесінің өзі белгілей алады).
RoBoHoN смартфон рөлінде қоңырауларды қабылдап, жасай алады, иесі айтқан SMS және электрондық хаттарды дауыстап оқып, жібере алады. Құрылғыда GSM стандарты бар және ол Wi-Fi модулімен жабдықталған.
RoBoHoN фотокамерамен жабдықталған және адамдардың беттерін тани алады, сондай-ақ адамды атымен шақыруға қабілетті. Роботты проекциялау үшін де қолдануға болады – ойыншықтың үлкен көздері диагоналі шағын суреттерді ашық қабатқа шығаруға мүмкіндік беретін проекторлар болып келеді. Осылайша, суреттерді қарауға, немесе, мысалы, ұжымдастарға жаңа жоба үлгілерін көрсетуге болады.
RoBoHoN жеткілікті жинақы: оның биіктігі — 19,5 см, салмағы — 400 г аз. Жылжымалы аяқтары мен қолдары жоғары технологиялық ойыншыққа тұруға, жүруге және тіпті билеуге де мүмкіндік береді.
Sharp компаниясы RoBoHoN ресми сайтында құрылғыға алдын ала тапсырыстарды қабылдауды бастады. Сондай-ақ өнімді тұтынушылар электроникасының ретейлерлері арқылы сату да жоспарлануда. Компания айына RoBoHoN 5 мың данасын шығаруды жоспарлап отыр.
Мұндай бірегей дроид $1 950 тұрады және иелері құрылғының барлық функцияларын пайдалану, сондай-ақ ол үшін әр түрлі қосымшаларды жүктеу мүмкіндігіне ие болу үшін ай сайын жуық шамамен тағы $8 төлеуі тиіс болады.
Бірінші кезеңде RoBoHoN тек Жапонияда ғана сатылады. Робот жапон тілінде ғана сөйлейді. Оны басқа тілдерге сөйлетуді өндірушілер әлі жоспарлап отырған жоқ.
Қатаң түрде айтқанда, RoBoHoN Sharp-тың жеке әзірлемесі болып табылмайды. Ол Sharp-қа жақын уақытта робот жобасын сату туралы келісім жасалған тайваньдық Foxconn компаниясынан келген. Sharp мұндай ойыншықтарды шығару компания тарихындағы жаңа кезең болады және оған нарықтағы өз жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді деп есептейді.
Дереккөз: http://innogest.ru/m?na=15030
Достарыңызбен бөлісу: |