2 жастан 3 жасқа дейінгі кіші топ балалары үшін
ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы.
Өткізілген күні; айы; жылы:2020ж
Білім беру саласы:
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің ойыншығым
Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп /аты, түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны/,
Білімділік міндеті: әңгімелеп айтып беруге, ойыншықтардың жекеше, көпше атауларын айтуға үйрету.
Дамытушылық міндеті: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту, ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: Ойыншықтардың суреті, слайд, проектор, сиқырлы қорапша, ойыншықтар, әуен, таратпа суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Қызыметі кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызыметі.
|
Балалардың қызыметі.
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
-Топ іші безендірілген және әдемі киінген тәрбиеленушілер жартылай шеңбер жасап отырады. Балалармен сәлемдесіп, жылулық шеңберіне тұрғызып, қонақтармен амандасу.
Сәлем саған Алтын күн!
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған достарым!
|
-Балалар қуанышпен қимыл-қозғалыстар жасап айтады.
Сендермен бірге қуанамын /құшақтасу/.
|
Ұйымдастыру - іздестіру
|
- Балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Менің сүйікті ойыншығым» деп аталады.
- Балалар, сендер мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? /Ойыншықтар/.
- Суреттегі ойыншықтар қандай екен? /Әртүрлі, әдемі және көп/.
- Ойыншық бізге ойнау үшін қажет және ойыншықпен тек балалар ғана ойнайды. Олар әртүрлі материалдан жасалады: матадан, пластмассадан, темірден және ағаштан. Балалар, біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Яғни, матадан, резинадан жасалған ойыншықтар жұмсақ, ал темір мен ағаштан, пластмассадан жасалса қатты болады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? /
- Балалар, енді мына ойыншықтар туралы слайдты тамашалайықшы.
- Тосын сәт: Балалар, мен сендердің үйден алып келген ойыншықтарыңды жоғалтып алдым, кешіріңдерші. Оны тауып алу үшін Сиқыршыдан көмек сұрайық. Осы кезде топқа Сиқыршы кіріп келіп, балалармен амандасады. Балалар, мен сендердің жоғалған ойыншықтар туралы айтып жатқандарыңды естіп қалдым. Мына менің сиқырлы таяқшам арқылы тауып беруге тырысып көрейін. Сиқырлы таяқшасымен 3рет сиқырлы сөздерін айтқанда сиқырлы қорапша пайда болады. Ішінде сендердің ойыншықтарың бар, ойнағыларың келе ме? Ендеше, алдымен маған тақпақ айтып беріңдер, сонда мен сендерге ойыншықтарыңды қайтарып беремін. Кім қандай тақпақ біледі? Жарайсыңдар. Ойыншықтар табылды, енді мен өз әлеміме қайтайын.
- Тәрбиеші: Сиқыршыға рахметімізді айта отырып, бәріміз бірге сергіту сәтін жасайық.
- Сергіту сәті: Әуенге байланысты қимылдар жасату.
- Жарайсыңдар.
- Сау болыңдар!
|
-Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
-Балалар суретке қарап, сұрақтарға жауап береді.
балалардың жауабы/.
-Балалар Сиқыршымен бірге қуана сиқырлы сөздерді қайталайды.
-Балалар сиқыршыға ойыншық туралы тақпақтарын айтып береді.
- Балалар әуенге байланысты қимыл-қозғалыстар жасап, көңіл-күйлері бір көтеріліп қалады.
- Сиқыршыға рахметтерін айтып, қоштасады.
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
-Тәрбиеші балаларға қорапшадан өз ойыншықтарын тауып алуларын бұйырады. Осы сүйікті ойыншықтарың туралы не айтып бере аласыңдар?
- Жарайсыңдар.
- «Ойыншықтар» әнімен сабағымызды аяқтайық.
-Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін сендерге мынадай сыйлығымды алып келдім/ойыншықтардың суреттері/.
|
- Өздерінің сүйікті ойыншықтары бойынша әңгімелеуге тырысады /аты, түсі, неден жасалғаны туралы/.
2-3 баладан ғана сұрау.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ойыншықтарды сипаттай білуді.
Қандай түсініктерді игереді: Ойыншық туралы түсінік.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойыншықтар туралы тақпақ пен әнді жаттауды, ойынды ойнауды және сүйікті ойыншығы туралы әңгімелеп беруді.
Тәрбиеші:_________________
Достарыңызбен бөлісу: |